Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені


Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс



бет104/151
Дата06.02.2022
өлшемі5,72 Mb.
#32261
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151
3.Патша реформасына қарсы Орта жүзден Қасым төре жақтастары және Сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс. Наразылықты қарт сұлтан Қасым төре білдірді. Ол Сібір генерал-губернаторы Капцевичке хат жолдап, дуандар мен бекіністерді жойып қазақ қырынан орыс әскерлерін алып кетуді талап етті. Талап орындалмаған жағдайда шарасынан асып-төгілгелі тұрған халықтың ашу-ызысы неге соқтыратынын ескертті. Ескертпеге құлақ асудың орнына патша өкіметі қырға әскерлерін үсті-үстіне төгіп, Ақмола жүйесіндегі бекіністер желісін үш жүз шақырымға созып, Ақтау қорғанын сала бастады. Сөйтіп қонысынан қуылып, өрісінен айырылған елдің бас көтермеске лажы қалмады.
1824 жылы әуелі Көкшетау мен Қарқаралы дуандарының орнауына қарсы өздігінен бас көтерген халық бұқарасын Қасымның үлкен ұлы Саржан сұлтан басқарды. Ереуіл атқа ер салған елді басқаруға оның інілері Есенгелді мен Кенесары да белсене қатысты. Көтерісшілер қатары күн асқан сайын артып, тың толқынмен толықты. Сөйтіп патша әкімшілігінің үрейін ұшыруға айналды. Көтерілісшілер санының көбеюі Қарқаралы дуанына ұлықтардың Омбыдан дереу қарулы жасақ шығаруына мәжбүр етті. Осы тұста Қоқан хандығының билеушілері қазақтарды әлсірету үшін рулар арасында араздық саясатын жүргізді. Бұл саясаттың мақсаты – қазақтарды әлсіретіп, өзінің билігін күшейту еді. Ең алдымен олар Қоқан хандығының қол астындағы қазақтарды Ресейге бағынған қазақтармен араздастырды. Ақмешіттің, Түркістанның, Әулиеатаның бектері Ресейге қарасты қазақтарға қарсы барымта мен шапқыншылықты алғашқы ұйымдастырушылар болды. Осыған байланысты қазақ арасында хандық үкімет жойылғаннан кейін, Абылай хан әулетінің ұрпақтары 1822 жылы айырылып қалған өздерінің билігін агрессиялық Қоқан хандығының көмегімен қайта қалпына келтіруге тырысты. Мысалға, Орта жүзде хан билігі жойылғаннан кейін Уәли ханның баласы, Кенесарының ағасы Саржан Қасымов Ташкент күшбегінің Орта жүздің қазақтарын басып алуына көмектеседі. Саржан Қасымовтың тікелей қатысуымен Қоқан үкіметі Бетпақ даланың Солтүстік жағындағы Сарысу өзенінің тұсында екі бекініс салды: біріншісі Қаражар шатқалында, екіншісі біріншісінен 120 шақырым жердегі Сарысу өзенінің төменгі ағысындағы Төртқұлақ шатқалында.1825 жылы Саржан Орта жүздің Көкшетау, Ұлытау өңірінде орыс үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасады. Ол Ресейден бөлініп шығып, Қазақ хандығын қалпына келтіруге тырысты. Саржанның Ежен хан үкіметімен байланыс жасау қимылы сәтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілерді жаныштау үшін П.М.Капцевичтің жеке бұйрығы бойынша Қарпық болысына бағытталған 200 казактан тұратын жазалаушы отряд артиллериямен күшейтіліп, Саржан батырдың сарбаздарымен күреске шықты. Екі жақта шығынға ұшырады Бірінші табысымен қуанған П.М.Капцевич өз басшылығына “бұлікшілерді жойғандығын хабарлайды”.
1826 жылы 31 қаңтарда болған бірінші ашық қақтығыс Саржан сұлтанның әскери жеңілісімен аяқталып, оның жақтастары тұтқынға алынып Омбыдағы әскери сотқа берілді. Аңдушылардан құтылған сұлтан көптеген ауылымен Орынборға бағытына көшіп, қысты Троицк қаласы маңындағы Кидел-Қыпшақ болысында өткізді.
Алғашында осы аймақтағы Кіші жүздің соңғы ханы Арынғазының тұтқындалып, Калуга қаласына жер аударылуынан үкіметке қарсы көңіл күйді өршіту мақсатымен байланысты көтерілісшілердің жер-жерге орналасуы өзгерді, яғни Кіші жүз ауылдарында “Орынбор қырғыздарының жарғысын” енгізуді алға қойды. Батыс Сібір мен Орынбор генерал-губернаторы Саржан сұлтанды далалық жердегі тәртіпсіздіктің негізгі айыпкері ретінде қарастырды. Көтерілісшілердің этникалық құрамы әртүрлі сипат алды. Қозғалыс қамтыған аудандағы орыстар, татарлар және т.б. халықтар Қоқан, Хиуа хандықтарының, Бұхар әмірлігінің мүшелерімен араласты.
1825 жылы ақпанда Саржан сұлтанның ауылынан жүзбасы Карбышевтің Ертіс округінің шаруасы Федор Серебрянниковтің атындағы паспортты тауып алуы Сібір линиясы казак әскерлерінің канцеляриясын таң қалдырды. Сұлтанның қонысынан табылған құжат жағдайын анықтау үшін төлқұжат Пермь азаматтық губернаторлығына жіберілді.
Жарғының VI тарауына сәйкес тәртіпсіздік үшін жауапкершілік сұлтандарға жүктелгенмен, 1826 жылы жаз бойы Саржан отрядының белсенді қимылдары әлсіремеді, керісінше жаңа болыстарға ықпалын тигізді [385, с 247]. Көптеген сұлтандар округтық приказдың алғашқы құрамын талқандаудағы саяси талаптармен шектелмей, отарлық әкімшілікке адалдық сақталған ауылдарға қатысты қауіпті қоспағанда, қаруланған көп адамды партияны ұйымдастырды. Қарқаралы приказына жақындап, артынан болыстарды ертіп, өзінің адамдарын көрші ауылдарға, әсіресе Көкшетау округіне жіберіп, өздерінше бағындырған заң билігіне мойынсұнбауды сұлтандарға үйреткен Саржан батыр сарбаздарының бірінде болған сұлтан Абылай Ғаббасов ымыраласпайтындығымен ерекшеленді. Қарқаралы округінің көптеген бөлігінің тұрғындары Саржан батырдың “жағында жасырынды”.
Көкшетау округіндегі қозғалысты сұлтан Сартай Шыңғысов басқарды. Абылай ханды құрмет тұтқан Қарауыл болысын билеген және қазақ жерлерін біріктіруге тырысқан Сартай Шыңғысов Саржан басқарған билікке толығымен кірген Ғұбайдолламен өзінің әрекетін байланыстырды. Халық қарсылығының одан әрі күшеюінен қауіптенген Омбы облысының бастығы да Сент Лоран 1825 жылы 4 қыркүйекте Қарқаралы округінің әскери күзетінің бастығы жүзбасы Карбышевқа “құпия түрде Саржан, Ғұбайдолла, Сартай сұлтандарды” іздеп, тұтқындауды міндеттейді. Жеңе алмайтын кедергілер жағдайында Карбышевке олардың бірі Саржан Қасымовты ұстау керек болды. Карбышев қарамағына көтерілісшілерге қарсы шыққан 200 казактан басқа 150 казак келіп қосылды. Сұлтандарды тұтқындаған жағдайда Омбыдағы әскери сотқа 1822 жылғы Жарғыда көрсетілген мемлекетке сатқындық жасау туралы баппен жеткізу қажет болды.
Бұл кезде Сарыарқаның ортасындағы барлық рулар көтерілісшілер қатарын толықтырды. Осы аймақтағы қазақ күштерін біріктіріп Саржан Ұлы жүз қазақтарының және Сыр бойындағы даланың бытыраңқы күштерін патша отаршылдарына қарсы күреске біріктіруге тырысты. Ол Ташкент күшбегінің қол астындағы қазақтарды да өз жағына тартқысы келді. Бірақ бұл Ұлы жүз қазақтарын бағындыруға Саржанды пайдаланғысы келген күшбегінің мүддесіне сай емес еді. Осы кезде туған келіспеушіліктің нәтижесінде Ташкенттіктер 1836 жылдың жазында Саржан оның інілері Ержан мен Есенгелді және үлкен ұлы Әлжанды айуандықпен өлтірді.
Саржанның өлтірілуі туралы Батыс-Сібір басқарушысы полковник Толызын Орынбор әскери губернаторына берген мәлімдемесінде былай деп жазады: «Омбыда болған Курчин деген елші, "Қоқан ханы мұның иелігіндегі жерлерде көшіп-қонып жүрген Саржанның іс-әрекеттері Ташкенттіктерді де еліктіріп әкетуінен қауіптеніп, оның інілері мен баласын өткен жазда Ташкент қаласында өлтіріп тастағанын" мақұлдап растап отыр».
Патша өкіметі Саржан Қасымовтың өліміне үлкен мән берді. Онымен бірге болған қазақтардың өлімі қазақ-қоқан қатынасында терең сызат қалдырып, ұлт-азаттық күрестің одан әрі өрістеуіне әсерін тигізді. Қоқан билеушілерінің екі жүзділігі мен зұлымдығы, көтеріліс басшысын торға түсіріп, өмірін жоюы, ақырында қарсылықтың қоқандық билікке бағыт алуына әкелді. Әсіресе бұл Кенесары Қасымовтың Ташкент билеушісіне кектенуінен көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет