Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары



бет2/3
Дата14.12.2021
өлшемі411,94 Kb.
#126991
1   2   3
Байланысты:
Казакстан жаһандык алемде 21.11.2021 ВРЕМЯ 12 07

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлттық экономика деңгейіндегі бәсекеге қабілеттілік анықтамасына келсек, зерттеушілер «бәсекеге қабілетті ел» термині үлкен өзіндік мәнге ие емес деп есептейді, өйткені мемлекеттің экономикадағы негізгі мақсаты – өз азаматтарын өмір сүрудің жоғары (арту үстіндегі) деңгейімен қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатқа қол жеткізу ең алдымен ресурстарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты.

Нақты ұлттық бәсекеге қабілеттілік, оның көзқарасынша, өндірістің нақты салаларындағы жетістікті немесе сәтсіздікті және елдің әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орынын анықтайды. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік өнеркәсіптің тұрақты даму және инновацияларды өндіру қабілетімен анықталады. Алғашында ұлттық компаниялар бәсекелік артықшылыққа қол жеткізеді, бұл жолда олар өздері бәсекелесетін негізді өзгертіп отырады.

«2011 жылдан бастап бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) жаһандық бәсеке индексі (ЖБИ) пайдалана бастады, ол 2012 жылы модификацияға ұшырады: егер оған 2011 жылы тоғыз компонент енсе, енді ол он екі болды. Бұл он екі компонент үш топқа бөлінген. Бірінші топ – «базалық талаптар» төрт параметрден тұрады: «институттар», «инфрақұрылым», «макроэкономикалық тұрақтылық», «денсаулық сақтау және бастауыш білім». Екінші топ – «тиімділікті күшейтушілер» алты параметрден тұрады: «жоғары білім және кәсіби дайындық», «тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі», «еңбек нарығының тиімділігі», «қаржы нарығының даму деңгейі», «технологиялық даярлығы», «нарықтың көлемі». Ал осы артықшылықтарын ұстап қалу оларға тауарды, өндіріс тәсілін және басқа да факторларды үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді. Тіпті бәсекелестері оларды қуып жете және басып оза алмайтын дәрежеге дейін тез жетеді. Бәсеке – бұл тепе-теңдік емес, керісінше тұрақты өзгерістер.

Саланы жетілдіру және жаңарту – үздіксіз үдеріс. Сондықтан елдің бәсекелік артықшылығын түсіндіру негізінде жаңару мен жетілдіруді ынталандырудағы, яғни инновациялар өндірісін қолдаудағы ел рөлі жатыр. Сөйтіп, бәсекеге қабілеттілікті құру және оны қолдау үдерісі ерекше таратылмағанын байқаймыз. Елдер экономикасындағы, олардың мәдениетіндегі, халқындағы, инфрақұрылымындағы, басқарудағы, ұлттық құндылықтарындағы, тіпті тарихындағы айырмашылықтар – бұның барлығы қандай да бір дәрежеде ұлттық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне әсерін тигізеді. Портер жаһанданудың күннен-күнге үдеу үстіндегі мәніне қарамастан ұлттың бәсекеге қабілеттілігі нақты, локалды жағдайларға тәуелді факторлардың жиынтығымен анықталатындығын көрсетеді.

«Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы  әзірлеуші жетекші ғалымдардың бірі, бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік желісінің басшысы және бас экономисі Аугусто Лопес-Кларос өз пікірін білдірді: «көптеген ерекше дамыған салаларына қарамастан, Қазақстанда институционалды ортаны дамыту үшін әлі көп іс атқару қажет. Бұл істерде елдің заңды тәуелсіздік, жекеменшік құқығын сақтау, үкіметтің тиімділігі, қоғамның саясаткерлерге сенімі және қауіпсіздігімен байланысты өз институттары сапасының төмендеу процесін бастан өткергенін ескеру керек. Сондай-ақ инновациялар, бизнестің жетілгендігі және технологиялық әзірлік рейтингтері бойынша да төмендеулер байқалып отыр. инновациялар рейтингінің төмендеуі байқалып отырған ғылым мен инженерияға байланысты дағдылардың жетіспеушілігін, компанияларда келтірген аздаған шығындарын және басқа елдермен салыстырғандағы университеттер мен компаниялардың әлсіз достастығын көрсетеді. Биліктің реформалар бойынша алдағы жылдағы жоспарлары анық».



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы халыққа Жолдауында елдің әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына ену міндеті алға қойылды. Қазақстанның бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Осымен байланысты Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингін есептеп шығару әдіснамасын, яки методологиясын қарастыру лайықты іс деп санаймыз, өйткені алға қойылған міндет осы ұйымның рейтингіне бағыт ұстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет