Практикалық жұмыс №2 Тексерген: Рүстем Кәмшат Молданқызы Орындаған: Асанова Жумагул Аслиддиновна Халықаралық ұйымдар БҰҰ(Біріккен Ұлттар Ұйымы)-1945 жылы құрылды. Штаб пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. Құрамында 188 ел бар.(2000 ж) ЮНЕСКО(БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы)-1946 жылы құрылды. Штаб пәтері Париж қаласында орналасқан. Құрамында 183 ел бар.
ЕО(Еуропалық одақ)- 1957 жылы құрылды. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамында Аустрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия, Франция, Финляндия, Швеция елдері бар.
АСЕАН(оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы)-1967 жылы құрылды. Штаб пәтері Джакарта қаласында орналасқан. Құрамында Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Филиппин, Вьетнам, Бруней, Лаос, Мьянма, Камбоджа елдері бар.
ОПЕК(Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы)-1960 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Ливия, Алжир, БАӘ, Венесуэла, Габон, Индонезия, Катар, Кувейт, Нигерия елдері бар.
МАГАТЭ(Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік)-1987 жылы құрылған. Штаб пәтері Вена қаласында орналасқан. Құрамында 120-ға жуық ел бар.
НАТО(Солтүстік Атланттық келісім ұйымы)-1949 жылы құрылған. Штаб пәтері Брюссель қаласында орналасқан. Құрамынды АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Канада, Люксембург, Исландия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Грекия, Түркия, ГФР, Чехия, Венгрия, Польша, Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония елдері бар
Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады.
1992 жылы 2-наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламентаралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарарлардың тең авторы болып табылады.
БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінде. Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады. Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазсқатнның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады. Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық экономиканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді. 1992 ж. қаңтарда – Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға (ЕҚЫҰ) қатысушы мемлекетіне айналды.
1995 ж. – ҚР-дың ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі (Вена) және ОА-дағы ЕҚЫҰ-ның өңірлік бюросы ашылды (Ташкент).
1999 ж. – Алматыда ЕҚЫҰ Орталығы ашылды.
2007 ж. 21 маусымда – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен Орталық Астанадағы ЕҚЫҰ орталығына қайта аталды.
2007 ж. желтоқсанда - Мадридтегі ЕҚЫҰ СІМК шешімімен Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып сайланды.
2010 ж.– ҚР-дың ЕҚЫҰ-ғы Төрағалығы.
2010 ж. 16-17 шілдеде – Алматыдағы ЕҚЫҰ бейресми СІМК шеңберінде ҚР-да Саммит өткізу туралы шешім қабылданды.
2010 ж. 1-2 желтоқсанда – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен Астанада ЕҚЫҰ Саммиті өтті.
2011 ж. қыркүйек-желтоқсан – ҚР-дың Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумында (ҚсЫФ) төрағалығы.
2011 ж. желтоқсанда – «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының мен ҚР-дың ЕҚЫҰ «Үштігі» құрамындағы қызметінің аяқталуы.
2014 ж. қыркүйек – қазақстандық дипломат Мәдина Жарбосынова ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Арнайы өкілі лауазымына тағайындалды.
2014 ж. 18 желтоқсанда – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің шешімімен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығын ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі етіп қайта құрылды.
2016 ж. 9 ақпаннан бастап – ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисін мажар елшісі Дьердь Сабо басқаруда.
Ұйым қызметінің барлық үш өлшемі бойынша: әскери-саяси, экономико-экологиялық, гуманитарлық және ЕҚЫҰ-ның орталық институттарымен (Хатшылық, ДИАҚБ, ҰАЖК, ЕЫҚҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің офисі, Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілінің офисі), сонымен қатар оның далалық миссиясы – ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен өзара ынтымақтастығы жүргізілуде.
ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің мұрасын насихаттау алдағы жылдары Қазақстанның Ұйымдағы қызметінің негізгі өзегі болып қала береді.
Әскери-саяси өлшемде ҚР еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпіздікті қамтамсыз етуге, сенім шараларын кұшейтуге, «созылмалы қақтығыстарды» реттеуге қатысты көпжақты күш-жігерді қолдауды жалғастыруда. Украинадағы жағдайға және Арнайы байқаушылар миссиясының жұмысына байланысты ЕҚЫҰ қызметіне айрықша көңіл аударылуда.
ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық бағытында Азия мен Еуропаны біріктіретін трансконтиненталды көліктік дәліздерді дамыту Қазақстан үшін маңызды басымдық болып қалуда. Қоршаған ортаны қорғау саласында, соның ішінде Арал пролемасын шешуде және Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді басқаруда ЕҚЫҰ әлеуетін пайдалану бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Адами өлшемде Қазақстан үшін төзімсіздік пен кемсітушіліктің барлық формаларына қарсы күрес, толеранттылық, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету және адам саудасына қарсы күрес сияқты мәселелер маңызды болып қалуда.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ реформалау, сайлауды бақылау бойынша бірыңғай талаптарды орнату, сондай-ақ Ұйымның құқықтық тұрғыдан бекітуші құжатын қабылдау бойынша күш-жігерде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерді қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылуда.