18-20
ғасырдағы
тарихы
18 – 19 ғ-лардағы соғыстар, экон. күйзелістердің біраз бөлігін басқа
елдерге қоныс аударуға мәжбүр етті. 1870 – 71 ж. Бисмарк барлық
Неміс жерін біріктіргеннен кейін, елде өндірістік қатынастар
дамыды. Немістердің ұлт болып топтасуы аяқталды. 1-дүниежүзілік
соғыспен 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Немістер зор шығынға
ұшырады. 1949 ж. Германияның бұрынғы жерінде саяси-әлеум.
жүйесі бір-біріне қарама-қарсы екі мемлекет құрылды (қ. Германия).
1990 жылдан бастап ГФР өкіметі шет елдердегі (Балқан елдері, ТМД,
т.б.) Немістердің тарихи отанына қайтуына жағдай туғызды.
Дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы балық
аулаумен де айналысады. Ұлттық қолөнерінде ұсталық, зергерлік,
көзешілік, ағашқа әр алуан бедер салу, кесте тігу дамыған. Табиғи-
климаттық, ұлттық, шаруашылық жағдайларға байланысты тұрғын
үйлердің төрт түрі қалыптасқан. Олар жергілікті жағдайларға сай
кірпіштен, ағаштан, саз балшықтан, арасына ағаш тіреулер бекітіліп
тұрғызылған.
Ауыз әдебиетінде шванка (қысқаша күлдіргі әңгіме)
айту кең орын алған. Көне замандардан келе жатқан
аңыз-әңгімелер ертегі, балладалар сақталған. Ұлттық
билері мен әндерінде көршілес халықтар
шығармаларының ықпалы байқалады.
16 – 17 ғ-ларда қалыптаса бастаған ұлттық киім
үлгілерін 20 ғ-дың ортасына дейін сақтады.
Ұлттық киімдері: ерлер - тироль костюмі, ақ көйлек
пен қысқа былғары шалбар, қызыл жакет, жалпақ
былғары белбеу, енсіз қайырма жиегі мен қауырсыны
бар қалпақ, әйелдер корсаж немесе кофта, бүрмелі
белдемше киген.
Бас киімі - әр түрлі үлгідегі телпек (чепцы) және
сабан қалпақ.
Мәдениеті
Ұлттық тағамдары: ет (шницель, гамбургтік филе, разбрат,
шморбратен, шнельклюпс, түрлі шұжықтар) және әртүрлі
тоқаштар әзірлеу тән болып табылады. Сусын ретінде кофе
ішуді ұнатады.
Қазақстан аумағында неміс республикалық, облыстық мəдени
бірлестіктері, қалалар мен аудандарда олардың ұлттық-мәдени
орталық жұмыс істейді. Неміс тілінде газеті шығады
Қазақстандағы
немістер
Немістер Қазақстанға тұңғыш рет XVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келді.
Олардың едәуір бөлігі Балтық бойы губернияларынан еді. Сібір шекара шебінін басшылары
қызметін атқарған 13 адамның көпшілігі немістерден шыққан генералдар болатын.
Немістер жергілікті халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудің
бастамашылары бола білді. Дәрігерлер, мұғалімдер, тау-кен инженерлерінің арасында да
неміс ұлтының өкілдері аз болған жоқ. Немістер негізінен Петропавл, Семей, Өскемен тағы
басқа да шекара шебіндегі әскери бекіністерде тұрды. XVIII ғасырдың аяғына қарай
Қазақстандағы немістердің саны 400 адамға жетті. Қазақ жеріндегі немістер санының арта
түсуі ХІХ-XX ғасырларлара сәйкес келеді. Қоныс аударып келген немістер негізінен
егіншілікпен айналысты, өндеуші өнеркәсіп салаларында жұмыс істеді. Немістер сонымен
қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндіруде, кен өнімдерін өндеуде
белсенділік танытты. 1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы
немістердің жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшілігі Ақмола облысында,
Омбы қаласына жақын Ақмола облысының аумағындағы Преображенский, Романовский,
Канкринский сияқты поселкелерде тұрды.
Қазақстандағы немістер саны: 1999 жылғы
мəлімет бойынша 353462 адам, 2013 жылғы
мəлімет бойынша 181348 адам болды. 2014
жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың
шоғырланып қоныстанған жерлері
Қарағанды облысында – 18,28%, Қостанай
облысында – 15,51%, Ақмола облысында –
14,49%, Павлодар облысында – 11,65%,
Солтүстік Қазақстан облысында – 11,23%.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін
немістердің көпшілігі тарихи отанына
Германияға қоныс аударды. 2005 ж. қарай
Қазақстандағы немістердің саны 300
мыңдай болды. 2014 ж. деректер бойынша
182,2 мың адам тұрады.
Қолданылған
әдебиеттер
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%
D0%B5%D0%BC%D1%96%D1%81%D
1%82%D0%B5%D1%80#cite_note-1
https://kk.warbletoncouncil.org/cultura-
de-alemania-6888
Назарларыңызға
рахмет
!
Достарыңызбен бөлісу: |