МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ
ТүСІНІКТЕМЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
22.12.2012 ж. №01/111-И хатқа
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы Робин
Хааррмен дайындалған «Қазақстан мектептерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықты бағалау»
зерттеуіннің қорытындысы туралы материалдарды қарастырып келесіні хабарлайды.
Есепте берiлген ұсыныстар балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгез қараудың алдын алу
жөнiндегі кешендi шаралар қалыптастырылған кезде негiзге алынатын болады.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспiрiмдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және алдын
алу мақсатында iс-шаралар іске асырылуда.
Аймақтарда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарауды алдын алу
жөніндегі іс-шаралар тиiстi түрде бекітіліп іске асырылуда.
Балалар мен олардың ата-аналарының білім және бала құқықтарын қорғау саласында құқықтық
мәдениеті мен ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында «Ата-аналардың құқықтық
сауаттылығы – балалардың құқықтарын қорғау кепелдігі» аймақтық семинарлары, «Сен және сенің
құқықтарың» онкүндігі, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бала еңбегінің сорақы түрлеріне
қарсы 12 күн» ақпараттық науқандары өткізіледі.
Сонымен қатар, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қараудың алдын алу жөніндегі
мемлекеттiк органдар қызметінің мәселелері ҚР үкiметiнің жанындағы ВАК-тың ХI отырысында
қарастырылды. Ұсынымдар жергілікті атқарушы органдарға орындау және тиісті шаралар қабылдау
үшін жіберілді.
Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті жанында үкіметтік емес ұйымдар кеңесi қызмет етедi, оның
қызметінің 7 бағытының бiрi балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, адам саудасын және балалар
еңбегін пайдаланудың алдын алу болып табылады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық балалардың құқықтарын қорғау
департаменттерінің сайттарында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» айдары іске қосылған.
«Сандж» зерттеу орталығы ҚҚ-ның 2012 жылы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсы-
рысы бойынша қолайлы отбасылық қарым-қатынасты қалыптастыру жөнінде балаларға, ата-аналар
қауымдастығы мен педагогтерге арналған әдістемелік нұсқаулық әзірленді.
Жалпы, зерттеу қорытындысы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде тиімді шараларда
әзірлеуге мүмкіндік береді және балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгез қараудың алдын
алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде негіз болады.
Вице-министр
С. Шаяхметов
Ж. Альжанова, 74-20-49