Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



Pdf көрінісі
бет27/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

«Менде ақша жоқ болса, сол кезде мені ұрып-
соғады. Соңғы рет мені өткен жылы ұрып-соқты. 
Ал биыл ақша табуға тырысамын. Бұл аптасына 
екі рет болады. Әрине, өкінішті жағдай. Бүкіл де-
нем ауырсынады және барлық жерім көгеріп кет-
кен. Жоғары сыныптарда ер балалар арасында 
мектептің көшбасшысы бар, оны «бақылаушы» 
деп атайды. Ол бәрін шешеді» [180].
«Бір бала намысыма тиіп маған сес көрсетті. Ол 
бәріне ешқандай себеп-салдарсыз, тіпті қыздарға 
да солай дөрекілік танытады. Ол өзін осы жердің 
егесімін деп сезінеді, оған бәрі кешіріммен қарайды. 
Бәрі одан қорқады. Соңғы рет бұл жай өткен ап-
тада болды. Ол маған келді де, менен ақша та-
лап ете бастады. Ол маған ақшаны қайдан ала-
тынымда шаруасы жоқ екенін айтты. Сонда да 
мен оған ақша беруім керек екен, әйтпесе ол мені 
соққыға жықпақшы. Ол маған жиі ат тағып 
мазақтайды және менімен төбелеседі. Бірақ ме-
нен ақша талап еткені бірінші рет болды. Менен 
ақша талап еткен кезде ол мені қабырғаға 
қарай қысып, жағамнан ала түсті. Ол сондай-ақ 
күртешеме жармасып, кетіп бара жатқанымда 
мені теуіп жіберді. Ол жалғыз еді, ол әрқашан 
жалғыз жүреді: оның достары жоқ. Ешкім оны-
мен араласқысы келмейді. Бәрі одан қорқады және 
одан айналып қашады» [52].
Балалардың айтуынша, көп жағдайда кішкентай 
балалардан ақша бопсалайтын жоғары 
сыныптың балалары екен әрі физикалық және 
психологиялық қысым көрсетуді пайдаланады 
екен.
«Біздің мектепте үлкендер ақша жинайды. 
Егер ұялы телефоныңды тығып үлгермесең, оны 
да тартып алады. Егер оларға ақша бермесең, 
дәретханаға кіргізіп алып, ұрып-соғады. Олар 
сес көрсетеді, сосын ешкімге айтушы болмаңдар 
дейді. Егер айтсаң, осы ауылда өмір сүрмейсің 
дейді. Егер оларды көшеде келе жатып байқамай 
қалсаң, сені ұрып-соғады. Соңғы рет бұндай 
жағдай екі-үш күн бұрын болды. Ал шындап кел-
генде бұл – жиі-жиі болып тұратын жай. Олар 
8-сыныптың ер баласынан ақша талап етті, 
оларға ақша бермеген соң оны ұрып тастады. 
Мен бұны ешкімге айтқан жоқпын, бұл жайға 
достарыммен бірге куә болдым» [353].


52
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
«Менің ұғымымда өзге мектептің оқушылары 
біздің мектепке жиі келіп, әдеттегідей бұрышта 
күтіп отырып, кішкентай балаларға тиіседі. 
Олардан ақша бопсалайды, егер оларға ақша 
жоқ деп айтсаң, олар сенің қалтаңды тексереді. 
Мұндай жағдай менің сыныптасымның басынан 
өтті. Ол ешкімге ақша бермеді, сөйтсек оның 
қалтасында ақша болған екен. Оны сол үшін, 
шындықты бірден айтпағаны үшін ұрып-соқты» 
[211].
«Иә, мен күш көрсету жайларын өз көзіммен көрдім. 
Асханадан тамақтану үшін жоғары сыныптың ба-
лалары кішкентайлардан жиі ақша бопсалайтын. 
Бұны мен асхананың жанында көрдім. Сол оқушы 
жоғары сыныптың балаларына әкеп беру үшін өз 
сыныбына ақша жинауға кетті. Мұндай жағдай 
көп болады. Көбіне оқушыларда болады, олар ақша 
жинап, біреулерге (үлкендерге) беріп тұрады. 
Тағы бір жайға куә болдым: дәретхананың есігін 
ашқанымда үш баланың алдында бір оқушының 
жерде жатқанын көрдім. Ішіндегі біреуі әлгі балаға 
жақын келіп: «Басыңды унитазға тығамын!» – 
деді. Мен есікті жауып, кабинетке қашып кеттім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет