O - кестесі: Жыл соңына төленбеген және мерзімі өткен шығыстар (млрд. теңге)
Жиынтық
шығыстар РБ
(1)
Жыл соңына
төленбеген
шығыстар сомасы
(2)
1/2
Жыл соңына мерзімі
өткен шығыстар
сомасы (3)
3/1
2015
6 790
24,4 0,36%
12,4 0,18%
2016
7 900
49,8 0,63%
8,0 0,10%
2017
11 156
19,0 0,17%
8,0 0,07%
Қайнар көзі: ҚР ҚМ
2015, 2016 және 2017 жж. соңында берешек үлесі жалпы шығыстардың сәйкесінше
0,36%, 0,63% және 0,17% құрады. Мерзімі өткен берешек кредиторлық берешектің
жалпы сомасының 51%, 16% және 42% - ын немесе осы жылғы РБ жалпы
шығыстарының 0,18%, 0,10% және 0,07% - ын құрайды. Ақша қаражатындағы
жетіспеушілік болмағандықтан, төлемдердің кешіктірілуі растаушы құжаттарда және
транзакциялардың аздаған санын негіздеуде проблемаларды көрсетуі тиіс.
Алынған шот-фактуралар әрбір жылдың соңында өңделмеген (және осылайша жыл
соңындағы кредиторлық берешектің жалпы сомасына енгізілмейтін) болып қалатын
дәрежені бағалау мүмкін емес. Қазынашылық комитеті барлық шот-фактуралар
алынған сәттен бастап үш күн ішінде қазынашылықтың төлем жүйесінде тіркелуі тиіс
және бұл мәселе бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерден шағым беру
жағдайлары болған жоқ екенін хабарлады. Бағалау-A.
D-22.2 ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША БЕРЕШЕК МОНИТОРИНГІ
"Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының"
кредиторлық берешек бойынша есептілікке қатысты бөліміне (Қаржы министрлігінің
2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығы) сәйкес, тоқсан сайынғы есептер
желтоқсан, наурыз, маусым және қыркүйекте аяқталатын кезеңдерге қатысты 20
ақпанға, 25 сәуірге, 25 тамызға және 25 қазанға Қазынашылық комитетіне ұсынылуы
тиіс. A бағасы әр кезең аяқталғаннан кейін төрт апта ішінде есептерді талап етеді: бір
жыл және жарты жыл үшін есептер жеті апталық мерзім ішінде жүргізілетіндіктен,
онда параметрге B бағасы қойылады.
|