40
(Pi-10 қараңыз). Борыштың көлемін, оған қызмет көрсетуді және ол бойынша
операцияларды қамтитын мемлекеттік борыш көрсеткіштерінің толықтығы мен
дәлдігіне күмән келтіруге негіз жоқ және тоқсан сайын ҚР ҚМ сайтында жарияланады
(Бюджет кодексі (БК), 204-бап). 2009 жылғы PEFA есебі осы көрсеткіштің шеңберінен
шығатын жеке сектордың сыртқы қарыздары туралы деректердің келісілуіне қатысты
күмәндануына байланысты тиісті параметр үшін C бағасын берді. Бағалау-A.
D-13.2. МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШТЫ ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕРДІ БЕКІТУ
Республикалық бюджет туралы жыл сайынғы заң мемлекеттік қарыз алу үшін жалпы
шектеуді (БК 207-бабы) және кепілдіктер беруді (БК 214-бабы) белгілейді. Үкіметтік
қарыз алуды ҚР ҚМ Үкімет белгілеген шарттарда жүзеге асырады (БК-ның 206-бабы).
Қарыз алудың жылдық лимиттерін Парламент Бюджет процесі шеңберінде бекіткен.
Қолданылатын рәсімдер Парламент, Үкімет, ҚР ҚМ, ҚР ҰЭМ және ҚРҰБ арасында
борышты басқарудың әртүрлі аспектілері бойынша міндеттердің бөлінуін көрсетеді.
ЖАО Үкіметтен ғана қарыз ала алады (Астана және Алматы қалалары облигациялар
шығара алатынынан басқа), барлық жағдайларда бұл ҚР ҰЭМ белгілеген шектерде
жүргізіледі (БК 210-бабы). Заң ҚР ҰЭМ мақұлдаған инвестицияларды қаржыландыру
үшін басқа қарыз алушылар алған қарыздар бойынша Үкіметтің кепілдігін
қарастырады; кепілдіктер ҚР ҚМ Үкімет белгілеген шарттарымен беріледі (БК 213-214
баптары). Кепілдіктерді беру құқығы іс жүзінде пайдаланылмаған, ал берешек сомасы
өте аз. Бағалау-A.
D-13.3 МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШТЫ БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫ
Жыл сайын ҚР ҰЭМ ӘЭДБ дайындайды, онда мемлекеттік кәсіпорындардың сыртқы
борышын ескере отырып, оның қолайлы деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттік
борыш бойынша жалпы лимиттер белгіленеді. ҚР ҚМ стратегиялық жоспары
мемлекеттік борышты басқару бойынша кейбір жалпы мақсаттарды қамтиды - ішкі
және сыртқы қарыз алу арасындағы баланс, капиталдың ішкі нарығын дамыту, бірақ
пайдаланылуы тиіс борыштық құралдардың түріне, сомасына, пайыздық ставкасына
немесе өтеу мерзіміне қатысты ешқандай нақты тармақ жоқ. PEFA сыншарттарында
көзделген борышты басқару стратегиясы осы элементтерді қамтуы тиіс. ҚР ҚМ
ақпаратына сәйкес, Парламентке әрбір жылға арналған бюджет жобасымен бірге
ұсынылатын жарияланбаған қосалқы материал (Pi-9 қараңыз) жүзеге асыруы көзделген
қарыз алу түрлері туралы толық ақпаратты қамтиды, бірақ бұл параметр үшін C немесе
одан жоғары кез - келген балл осы ақпаратты жариялауды талап етеді, сондықтан D
бағасы.
Достарыңызбен бөлісу: