84
болды. ЕК ақпаратына сәйкес, 2017 жылы олардың аудиторлық жұмысының негізгі
көрсеткіштері бойынша 8 737 млрд. теңгенің 17 пайызында қателер мен кемшіліктер
анықталған, оның 3,5 пайызы қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтар
болған; 307 млрд. теңгенің 198 млн. теңгесі іс жүзінде қалпына келтірілгені. ЕК
жұмысы қазіргі уақытта Эстонияның жоғары қаржылық бақылау органының
сараптамалық бағалауының тақырыбы болып табылады. Бағалау-B.
D-30.2 АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ЗАҢНАМАЛЫҚ ОРГАНҒА ҰСЫНУ
Өткен жылғы ЕК-нің Үкімет бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша есебі
Парламентке 15 мамырға дейін ұсынылады (2015 жылғы заңның 44-бабы). Мұндай
мерзімді сақтау үшін ЕК аудиторлық топты ҚР ҚМ-не әрбір жылдың қаңтар айынан
бастап Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп аяқталғанға дейін жібереді
(бюджетті атқару жөніндегі есепті дайындау әдетте наурыз айының соңына қарай
аяқталады). ЕК есебі бюджеттің атқарылуы туралы есепті алған күннен бастап
шамамен алты апта ішінде 2015-2017 жж. кезеңінде әрбір жылдар үшін уақтылы
жасалды. ЕК, сондай-ақ, тоқсан сайын Парламентті өзінің қызметі туралы хабардар
етеді. ЕК бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп туралы қорытындының қысқаша
үзіндісін ғана жариялайды; басқа есептер баспасөз релизінің тақырыбы бола алады
және жарияланбайды. Бағалау-A.
D-30.3 АУДИТ ҰСЫНЫМДАРЫНАН КЕЙІНГІ ШАРАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
Аудиттен
өткен
мемлекеттік
органдар
аудиторлардың
ұсынымдары
мен
нұсқаулықтарының орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті (2015 жылғы заңның
37-бабы). Бұл талап, сондай-ақ, алдыңғы заңда белгіленген 2015-2017 жылдар ішінде
қолданылған. 2017 жылы анықталған қаржылық бұзушылықтардың үштен екісі
бойынша тиісті іс-әрекеттер жасалды; бұл аудит нәтижелерінің сақталуы мен
пәрменділігін растайды. Бағалау-A.
D-30.4 ЖОҒАРЫ ҚАРЖЫ БАҚЫЛАУ ОРГАНЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ (ЖҚБО)
ЕК өзінің аудиторлық жұмысын орындау кезінде Үкіметке тәуелді емес, бірақ оның
төрағасын қызметке республика Президенті тағайындайды және қызметтен босатады,
ол сондай-ақ ЕК қызметкерлерінің санын бақылауды жүзеге асырады. ЕК Президент
алдында, сондай-ақ Парламент алдында есеп береді, бірақ ЕК бюджеті мен оның
қызметкерлерінің ақысын Парламент емес, Үкімет бақылайды. ЕК ресурстары өте
шектеулі: заңға сәйкес Комитетке 2015 жылы аудитті үйлестіру және аудиторларды
оқыту, 2019 жылдан бастап Республикалық бюджеттің шоғырландырылған жылдық
қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық қорытындыны қамтамасыз ету бойынша
елеулі қосымша міндеттер берілгеніне қарамастан, штат кестесі (Комитеттің тоғыз
мүшесін қоса алғанда 141 қызметкер) ұлғайған жоқ. Бағалау – D.
Достарыңызбен бөлісу: