Қазақстан Мемлекеттік шығындарды және қаржы есептілігін (МШҚЕ) бағалау 2018


МҚБ БАСҚА ДА МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІЛЕРІ: АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет33/137
Дата08.02.2022
өлшемі1,85 Mb.
#120962
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137
Байланысты:
KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ (1)
16.04.20 таңдау пәні тапсырма, KZ-Dec19-PFMPR-Final with PEFA Check KZ, !9-БЖБ Математика 6-сын қаз, БОНУС- АҒЫЛШЫН ТІЛІ ТЕСТ КІТАБЫ
2.5 МҚБ БАСҚА ДА МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІЛЕРІ: АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ 
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС 
23. 3-тарауда бағаланған тиімділік көрсеткіштерінің бірқатарында түсіндірілгендей, 
мемлекеттік операциялардың кейбір аспектілері ашық емес. Бюджеттің мазмұны 
туралы толық ақпараттың көп бөлігі Парламентке қол жетімді, бірақ кең жұртшылыққа 
қол жетімсіз; бұл ЕК аудитінің толық есептеріне де қатысты. Толық есеп беретін 
мемлекеттік ұйымдар ретінде емес, акционерлік қоғамдар ретінде құрылған 
республикалық мемлекеттік кәсіпорындар арқылы көптеген мемлекеттік қызметтерді 


14 
ұсыну ашықтықты одан әрі шектеуді білдіреді. Тұтастай алғанда, үкіметтік веб-
сайттарда мемлекеттік сатып алу және үкімет қызметінің басқа да аспектілері туралы 
неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат бар, бірақ ол жұртшылықтың оны түсінуін 
қамтамасыз ететіндей шоғырландырылған және ыңғайлы нысанда ұсынылмаған. 
Қазақстанның 2017 жылғы Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау 
индексінде салыстырмалы түрде төмен (122) рейтингіге ие, алайда ол өткен рейтингпен 
салыстырғанда 9 позицияға жақсарғандығын көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күрес платформасы шеңберінде (GAN Integrity Anti-Corruption Platform) мемлекеттік 
сатып алу, салық жинау, полиция және сот жүйесі саласындағы сыбайлас жемқорлыққа 
қатысты алаңдаушылық туралы (2016 жылғы шілде) хабарланған. ЭЫДҰ-ның 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес желісі шеңберіндегі мониторингтің төртінші 
кезеңінде (2017 жыл) алдыңғы ұсынымдарды іске асыруда ілгерілеу бар екенін 
көрсетті, бірақ тек бір ұсыныс қана толық орындалды. Сонымен қатар, билік пен 
азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастық өте шектеулі болып қалуда, жекелеген 
мемлекеттік қызметшілерге бонустар мен сыйлықтар төлеу үшін дискрециялық (өз 
қалауы бойынша әрекет ететін) өкілеттіктерге қатысты шектеулер жоқ, ақпарат 
еркіндігі туралы ережелер жоқ, үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
стратегиясының ықпал етуінің мониторингі жөніндегі шаралар тиімсіз болған. 
Азаматтық қоғам ұйымдары нашар дамыған және бюджетке басым бағыттар бойынша 
шешімдер қабылдауға өз үлесін енгізу үшін мүмкіндіктері шектеулі, мұның өзінде 
үкіметтің іс-қимылдарын сынау жала жабу немесе қорлау үшін қылмыстық қудалауға 
алып келеді. 


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет