в) Зекеті берілмеген байлық
Нисап мөлшеріне жеткен мал-мүліктен зекет бөлек алынбаса, оны меншік иесінің қажетіне
жаратуы харам. Зекеттің өзгелердің несібесі екені Құран аяттарында анық білдірілген.
г) Мұрадан басқалардың ақысын жеп алған үлес
Мұраға қалған мүліктен өз үлесінен алған соң да тыныш таппай, өзгенің несібесіне де көз
сүзіп, басқалардың да үлесін зорлықпен иемдену дініміз құптамайтын қылық.
ғ) Кіріптарлық жағдайында жасалған мәміледен түскен табыс
Кіріптарлық жағдайында, əлдекімнің құқығына көпе-көрінеу нұқсан келтіретін мəміле
жарамсыз болып саналады. Мəміле жасасқанда адамның еркінен тыс жəне оған тым тиімсіз
шарттар ұсынуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |