тілімен адамдардың намысына тию арқылы біреудің ақысын жеу туралы былай дейді:
«Егер
біреу бауырының намысына немесе дүниесіне рұқсатсыз тиіссе, алтын мен күміс болмайтын
қиямет-қайым келмей тұрып, оның ризашылығын алсын. Олай жасамаған жағдайда, жасаған
сауаптары керегінше ақысы желінген адамның амал дəптеріне жазылады. Сауабы аздық
еткен жағдайда ақысы желінген адамның күнəлары ақысын жеген адамның амал дəптеріне
жазылады»
.
Біреудің ала жібін аттау арқылы табылған малда береке болмақ түгілі, арам саналады. Соған
байланысты Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
:
«Кімде-кім өзінің меншігінде емес затты
иеленбек болса, ол адам бізден емес. Ол тозақтағы орнына дайындалсын»
деп, кісі ақысының
қаншалықты маңызды екенін айтып өткен. Біреу арам жолмен тапқан малын заң жүзінде өз
атына жаздырса да, шариғат бойынша малдың адал болып саналмайтыны сөзсіз. Шариғат ол
адамнан дүниені иесіне қайтарып, кешірімін дер кезінде сұрауды талап етеді. Енді малды иесіне
қайтаруға қатысты кейбір жағдайларға тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: