Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Мұсылманның айыбын жасыру, ізін аңдымау



Pdf көрінісі
бет70/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

8. Мұсылманның айыбын жасыру, ізін аңдымау
Құран кəрім мұсылмандардың айыбын жария етпеу керек екенін мына аятта білдіреді:
«Шынымен де мүминдердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүние мен
ақыретте күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер»
(«Нұр» сүресі, 19-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
да: 
«Кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, қиямет
күні Аллаһ та оның айыбын жасырады»
, – деген
[132]
. Бұл тақырыпта айтылған тағы бір хадис
мынадай: 
«Үмбетімнің жасаған күнəсін жария қылғандарынан басқасының бəрі кешіріледі. Бір
кісінің түнде күнə жасап, Аллаһтың оны жасырғанын жəне жарияламауын талап еткеніне
қарамастан, таңертең тұрып, «мен түнде мынадай іс істедім» деуі жария күнə. Түні бойы
Раббысы оның күнəсін жасырған, бірақ таң ата салысымен Аллаһтың жасырғанын өзі
əшкереледі»
[133]
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
жасаған күнəсі үшін жазаға тартылған əлдекімді бір
сахабаның «Аллаһ сені лағынет етсін» деп сөккенін естіп, 
«Олай демеңдер, бүйтіп шайтанға
болыспаңдар»
[134]
деп ренжіген болатын. Адамның айыбын бетіне басудың жаман екенін
осыдан-ақ білеміз.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
тағы бірде: 
«Тың тыңдаған адамның құлағына қиямет
күні ерітілген қорғасын құйылады»
, – деген екен.
Адамдардың ізін аңду, кем-кетігін шұқылау жиіркенішті қылық. Əсіресе, бүгінгі
жариялылық үстемдік құрған уақытта бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғам
қайраткерлері мен саясаткерлердің, əртіс пен əнші секілді халыққа танымал адамдардың
жүрген-тұрғанын жіпке тізіп, жеке өміріне қол сұғу кісі ақысын бұзудың ең сорақысы. Жеке
мүдделері үшін адамдардың немесе ұйымдардың ізін кесу, тыңшылық қызметке жүгіну, не


болмаса жасырын тыңдау құрылғыларын орнатып қол жеткізген ақпар арқылы бопсалау да кісі
ақысына нұқсан келтірудің бір түрі.
Дініміз адамдардың басқан ізін аңдып, жеке істерін жария қылуға тыйым салады. Аллаһ
тағала Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет