Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Жақсылыққа, тақуалыққа жəрдемдесіңдер. Күнəға



Pdf көрінісі
бет115/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

«Жақсылыққа, тақуалыққа жəрдемдесіңдер. Күнəға
жəне дұшпандыққа жəрдемдеспеңдер»
деген («Мəида» сүресі, 2-аят). Ендеше, саналы
мұсылман жамандыққа, күнəға болыспауды өзіне міндет деп білгені жөн.
9. Кісі ақысына қатысты басқа да табыс көздері
Дінге қайшы табыс табу жолдарына əуелі Аллаһтың əмірі үшін жəне мұндай кіріс көзі
басқалардың ақысын мансұқ еткендіктен тыйым салынған. Харам санатындағы табыс көздеріне
келетін болсақ, олар мыналар:
Есірткі, арақ-шарап, темекі саудасынан түскен табыс
Ислам адамды ақыл-естен тандырып, өз іс-əрекетіне есеп беруден қалдыратын алкогольді
ішімдіктер, есірткі, басқа да есеңгірететін заттардың саудасына тыйым салған. Бұл заттарды
тауар айналымынан шығарған. Сөйтіп, көпшілік арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың кең
жайылуының алдын алған.
Бұл жолдағы саудагерлер қоғам үшін аса қауіпті қылмыскерлер. Олар үшін адам өмірі түк
емес. Аз күндік бас пайдасына бола адамдарды шыңырауға құлатып қарап отырады. Əдетте,
есірткінің дəмін татып, оған бой алдырған адамдар ақыл-ой, сана-сезім, ар-ождан, намыс-ұят
секілді адами қасиеттерден жұрдай болады, сосын жан түршігерлік қылмыстарға бой ұрып,
ауруынан айығуға күш-қайрат таба алмайды. Бұл тұтастай ұрпақтың, елдің ақысының
бұзылғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет