Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет49/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

10. Мұсылман еместердің ақылары
Соғыс жағдайы, не болмаса қандай да бір қауіп төнетіндей болмаса, мұсылман еместердің
ақысын жеуге, мал-мүлкіне, жеке басына қол сұғуға əсте болмайды. Тек, Исламнан безген
мүртəдтардың мейлі еркек болсын, мейлі əйел болсын өмір сүрулеріне құқы жоқ. Бірақ, ол
жазаның өзін мемлекет қана белгілей алады.
Мүмин өзінің мүмкіндігімен өзгелерден артық болмайды. Егер мүмин адам басқа діндегі
адамға əлімжеттік көрсететін болса, дүние мен ақыретте жазаланады. Сондықтан, мұсылмандар
өзге дін өкілдерінің де ақысына құрметпен қарап, діні басқаның əлдебір заты қолына түскен
жағдайда, иесіне қайтарады, өзі болмаса жақын туыстарына, мұрагерлеріне тапсырады. Осы
арқылы бір жағынан Исламның шын ізгілігін көрсетеді.
Ешкімнің де құқығы аяққа тапталуы тиіс емес. Мұсылманның кісілігі ақиқат пен əділетті
жақтағанда көрінеді. Аллаһ тағала шындықты, əділетті жақтауда бізді дəйекті, тұрақты
қылсын
[96]
.
Адамдарды діні басқа екен деп алаламай, мəміле талаптарын қатаң сақтап, уəдеде тұру
керек. Басқа дін өкілі болса да, соғысып жатқан жауының əйелдерін, бала-шағасын, қарттар мен
дін адамдарын өлтіруге болмайды. Оларды азаптауға, жəбірлеуге тағы рұқсат жоқ. Өзге дін
өкілдерін мəжбүрлеп діндерінен бас тартқызуға тыйым салынған.
Олардың діни жоралғыларын жасауына кедергі келтірмей, кедей-кепшіктеріне қарасып,
науқастарының көңілін сұрап бару қажет. Сондай-ақ, олардың діни сенім-нанымдарын
келемеждеу, табынған пұттары мен тəңірлерін тілдеу мен сындыру да ерсі қылық. Құран кəрім:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет