14. Жаман ойға қатысты кісі ақысынан сақтану Адамдардың абыройына нұқсан келтіретін, ар-намысына тиетін сөз бен қылық кісі ақысын
аяқ асты ету екені белгілі. Құран кəрімнің түрлі аяттарында жала, өсек-аяң, кекесін сөз, жаман
ат тағу, келемеждеу, басқалардың кемшілігін іздеу секілді жағымсыз іс-əрекеттерді сөгіп, одан
аулақ болуға үндейді.
Аллаһ тағала «Хужурат» сүресінде:
«Уа, мүміндер! Бір қауым басқа бір қауымды кемсітіп, мазақтамасын. Өйткені, мазаққа ұшыраған қауым өзін мазаққа айналдырған қауымнан əлдеқайда жақсы болуы мүмкін. Сондай-ақ, əйелдер де бірін-бірі мазақтамасын. Кім білсін, мазаққа ұшыраған əйелдер оларды мазақ қылған əйелдерден əлдеқайда қайырлы болуы мүмкін. Біріңе-бірің күйе жақпаңдар. Өз-өздеріңе (яғни, мұсылмандар болып біріңе- бірің) намысқа тиетін лақап ат қоймаңдар. Иман келтіргеннен кейін пасық деген жамат