Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет30/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   196
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?
2. Қазақстан қазіргі заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?
3.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?


Лекция №-2 Қазіргі замандағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.


Негізгі ұғымдар: Пролетариат, тап, тарихты идеологияландыру, мифтерге негізделген тарих,тарихи «ақтаңдақ»,тарихи ақиқат.


Мақсаты: XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері туралы мәліметтер беру. Кеңестік және шетелдік тарихнаманың (ХХ-ХХІғ. басы) қазақ тарихына қатысты кеңестік дәуірдегі саясатттандырылған кеңестік тарихтың «ақтаңдақтарын» ашып көрсету.


Жоспар:
1.Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары.( ХХ ғ.)
2.Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)
Лекция
1.Кеңестік тарихтың жол-жөнекей жазылуы,коммунизм мен капитализмнің өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай жинауға пайдаланғандығы.Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы саясат құрбандығына шалынуы.Мифтерге негізделген жалған,жалтақ тарихтың ірге тасының қалануы.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі.Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын табындыру.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру.
2.Тарихи әдебиеттегі приоритеттің бірі- Қазан төңкерісінің заңдылығы туралы миф. Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі туралы академик М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты. Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары,одақ көлемінде империялық бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету,оның бетін жайлаған мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.
Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С.Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.) А-А.,1967., П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920 г. А-., 1966 жылғы.еңбектері жазылды бұл зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.
Тарихнама мәселесі Отан тарихының өте нәзік жауапты саласы.Отан тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек .
М.Қ.Қойгелдиев Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. А.,1992 жылғы еңбеігінде Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік тұлғасын танытты. К.Н.Нұрпеисов. Становление Советов в Казахстане.А.,1995 жылы баспадан шыққан зерттеуінде қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қарастырған.Қазақ зиялялары алаш арыстары хақында автор. Алаш һәм алашорда атты табанды зерттеу еңбегін жазып кетті.Т.Омарбековтың . Зобалаң атты Санат, баспасынан А.,1994 жылы жарық көрген еңбегінде кеңес үкіметінің солақай саясатының қазақ халқына тартқызған қасіреті мұрағат деректері негізінде берілген еңбнек.Сүлейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). А-А., 1977 жылы шыққан еңбекте 1916 жылғы көтерілістің салдарын,тарихи сипатын,көтерілістің қозғаушы күштері туралы және көтерілістің тарихи маңызы туралы жазды.1916 жылғы көтеріліс мәселесі бұған дейін Х.Т.Турсуновтың Восстание 1916 г. в Средней Азии в Казахстане. атты А., І950 жылғы зерттеуінде де қарастырылған болатын.Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане атты А-А., 1976 жылы жарық көрген еңбекте кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшы мамандар олардың кәсіби деңгейлерін көтерудегі оқу орындарының ашылуы мен кадр дайындау мәселерін қарастырды. Қазақстандағы индустрализациның бастамасы туралы Г.Ф.Дахшлейгердің Турксиб-первенец социалистической индустриализации атты А-А.,1953 жылы жарық көрген еңбегінде көрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет