Лекция №7-10 Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
Жоспар:
1.ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.
Империалистік, азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр шығын әкелді. Мемлекеттің 250 кәсіпорны ғана жұмыс істеді (барлығы 307).
Мұнайдың ендірілуі 4 есеге, Қарағанды көмірінің өндірілуі 5 есеге қысқартылды. Шаруашылық өнімінің 6,3%-ы ғана енеркәсіптің үлесінде болды. 29,9 млн мал-дан 16,3 млн мал ғана қалды.
1921 жылы наурызда коммунистік партияның X съезі азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа көшу женінде қаулы шығарды.
ЖЭС-тіңмәні
Саясатта бір партиялық-тоталитарлық режим.
Экономикада әкімшілік-нарықтық шаруашылық. 1921 жылы маусымда Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.
Ашаршылықпен күрес
Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында қиыншылықтар көп болды.
1921 жылы жаз айларында Қазақстан жерінде құрғақшылық кесірінен ашаршылық басталды. Республика халқының 1 /3-і аштыққа ұшырады.
Ашыңқандар саны:
жылы қарашада 150800 адам,
жылы наурызда 2303200 адам болды. Ашыққан адамдар Орынбор, Орал, Бөкей, Қостанай, Ақтебе губернияларында көп болды.
Аштықтың тағы бір себебі азық-түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерін алып кетуі болды. Ауыл шаруашылық енімдерін Москва, Петроград, Қазан, Самара сияқты орталық қалаларға жіберді. Мысалы, Семей, Ақмола губернияларындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің 80%-ын алып кетті.
Кеңес окіметі Қазақстандағы аштыққа үшыраған халыққа кемек корсете бастады:
Достарыңызбен бөлісу: |