Қазақстан октябрь революциясы және азамат соғысы жылдарында (1917-1920) 1.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы. Совет үкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдырын талқылау.
2.Қазақстанның азамат соғысына тартылуы. Майдандардың құрылуы (1918-1920).
3.Азамат соғысының әлеуметтік – экономикалық және саяси қортындылары.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші сұрақ бойынша, Кеңестердің алғашқы қадамдары және оларды қоғамның қабылдауы. «Алаш-Орданың» басшылығы: құрылуы және қызметін талқылау.
Екінші сұрақ бойынша, Саяси ахуалдың шиеленісуі және азаматтық қарсы тұрудың одан әрі тереңдеуі. Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстік-шығысында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Қазақстан әскери қимылдар жылдарында. Өлкенің батысы мен оңтүстігіндегі оқиғалар. Жетісу, Орал, Ақтөбе, Түркістан майдандарының құрылуы. Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуі. “Ақ” және “қызыл” террор. Соғыс көзіндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың орны мен рөлі. Жергілікті жерлердегі “ақтар” мен “қызылдардың” идеологиясы, саясатына шолу жасау.
Үшінші сұрақ бойынша, Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси нәтижелері.Азамат соғысы жылдарындағы экономикалық жағдай. «Соғыс коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талқылау.