Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай



бет44/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   196
1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. РКП(б)-нің X съөзінің жаңа экономика саясаты (ЖЭС) және оның Қазакстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы. Жер-су реформасын жүзеге асыру. 1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) әзірлеуге кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап корсетті.жылдың 8-16 наурызында партияның X съезі өтті.В.И.Ленин Орталық Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында салғырттан азық-түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін жете дәлелдеп берді.
Социализмнің экономикалық негізін салу үшін жаңа техникалық базада ірі өнеркәсіпті қалпына келтіріп, қайта құру керек болды, ал бұл үшін жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын ең адцымен қалпына келтіру керек бодды. Ауылшаруашылық өндірісін көтеруге еңбекші шаруалар бүқарасын ынталандыру керек болды, бірте-бірте, ептеп-ептеп миллиондаған бытыраңқы шаруалар шаруашылығын социализм жолына көшіруге негіз дайындай беру керек болды; ал қала мен деревняның, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының экономикалық байланысты тауар айналымынан капиталистік элементтерді ығыстыра отырып, сауда арқылы ұйымдастыру керек болды. ЖЭС дегеніміз капитализмге белгілі шамада уақытша жол бере отырып, бірақ халық шаруашылығын билеу тізгіндерін міндетті түрде пролетарлық мемлекеттің қолында сақтай отырып, жұмысшылар мен шаруалардың экономикалық және саяси одағын нығайтуды, пролетариат диктатурасын нығайтуды көздейтін пролетарлық мемлекеттің айрықша саясаты еді. ЖЭС бастапқы кезде және белгілі мөлшерде шегіну бодды, бірақ жұмысшылар мен шаруалардың капитализмге қарсы жаңа шабуылға көшуіне қажетгі шегіну еді. ЖЭС капиталистік элементтермен өзінің күресінде социалистік элементтердің басым өсуін, социалистік элементтердің капиталистік элементтерді жеңіп шығуын, қанаушы таптарды жоюды, социализм орнатуды көздеген еді.
Съезд партияның соғыс коммунизмі саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу жөніндегі ұстаған бағытын мақүлдап, салғыртты азық-түлік салығымен ауыстыру туралы шешім алды. Шаруалар шаруашылығына сальшатьш салықтың міндетті мөлшері белгіленді, өйткенмен артық өнімдерді шаруаның өзі толық билейтін болып, ал өнімдерді шаруа өнеркәсіп товарларына айырбастауға, базарға шығарып сатуға мүмкіндік алды.
Қазақстанның жағдайы 1916 жылғы ойран Жетісуда, әсіресе, қазақтарды үлкен қиыншылыққа ұшыратты. Он мындаған адам көтерілісте қырылды. 300 мыңы Қытай асып, елінен, жерінен айырылып қадды. Революцияға дейін шұрайлы жерінен айырылған халық ашаршылыққа ұрынды. 1917-1918 жылдары Түркістанда 1,114 миллион адам аштан қырылды. Оның 75 проценті қазақтар. 1919 жылғы Т.Рысқұловтың бастауымен Түркістан өлкесінде аштарға көмек беру комиссиясы құрыдды. Бірақ соның өзіңде бұл өлкеге жеңілдік жасалмады. Азық-түлік Қазақстанда 1920 жылы қандай мөлшерде жинальш, орталыққа жіберілгені жоғарьда айтылды. 1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы, кейбір уездері ашаршылыққа үшырады. Бұл губерниялар (ішінде Семей губерниясы да бар) Қазақ АССР ОАК-інің өтініші бойынша, 1921-1922 жылдары азық-түлік салығынан босатылды. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі хальйк, ет, сүт, тері, жүн төлеуден босатылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет