6.Империалистік Жапонияның талқындалуы. Квантунь армиясына қарсы соғысқа қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Қиыр Шығыстағы соғысқа Ақтөбеде құрылған 292-атқыштар дивизиясы қатысып, ерекше ерлік көрсетті. 2027 қазақстандық ордендер мен медальдарға ие болды. 1945 жылы 10 тамызда қазақстандық ұшқыш М. Янко Гастеллоның ерлігін қайталады.Жапонияның тізе бүгуімен II дүниежүзілік соғыс аяқталды.Соғыстың аяқталуы, фашистік режимді құлату бағытында ең алдымен КСРО шешуші рөл атқарды. Оның ішінде Қазақстанның үлесі зор болды.