Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



бет61/196
Дата05.02.2022
өлшемі4,39 Mb.
#19428
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   196
50-жылдардыц басында республикадағы кәсіпорын саны -65. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды:

  • Семей илеусығынды зауыты өнім бере бастады.

  • Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады.

  • Жамбыл, Қызылорда, Павлодар тері зауыттары салынды.

Көлік жүйесі кеңейе түсті:

  • 1950 жылы үзындығы 483 км. Мойынты-Шу темір жолы салынды.

  • Жамбыл-Шолақтау темір жолы іске қосылды.

Байланыс ісі жақсартылды:

  • Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды.

  • 1949 жылғы көктемде Алматыда елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды.

  • Радио жүйесі 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты.

Республиканың шаруашылық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ыкпал етті: 1945 жылы - 1.044 мың, 1950 жылы - 1.403мың.
Қазақстан еңбекшілері фашистік басқыншылықтан зиян шеккен
аудандарға көмек керсетті: - 1945 жылы Украинаға 500 трактор, ауыл
шаруашылық машиналары, 140 паровоз жіберіліп, 100-ден астам
ауылшаруашылық мамандарыаттандырылды.

  • Жеңілдетілген бағамен 1 млн. астам ірі кара, жылқы, қой сатылды.

  • 17,5 мың ірі қара, 22 мыңдай жылқы, 350 мың қой тегін берілді. Шаруашылықта жұмыс қолының жетіспеуінің себептері:

  1. Соғыс көзінде көшіп келген мамандар туған өңірлеріне қайтты.

  1. Жүз мындаған қазақстандықтар майданда қаза тапты. (603 мындай)

  1. Соғыста тірі калғандардың бір бөлігі елге оралмады.

  2. Қазақ шаруалары ашаршылық жылдары аштықтан қырылды және басқа елдерге көшіп кетті.

  3. Жұмысшылардың кәсіби даярлығы төмен болды.

Республикадағы жұмыс қолдарының жетіспеуін жою, жұмысшы-мамандарды көбейту максатында еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрылды.
КСРО-ның соғыста қираған шаруашылығын қалпына келтіру аса күрделі жағдайда жүргізілді. АҚШ пен КСРО арасындагы қарым-қатынас шиеленісе түсті:

  • Сталиндік басшылық КСРО дұшпандық пиғылдағы капиталистік қоршауда отыр деп есептеді.

  • Ел қаражаты әскери-өнеркәсіптік кешенді жетілдіру мақсатына жүмсалды.

1952 жыл - Сталиннің «КСРО-дағы социализмніц экономикалық проблемалары» еңбегі жарияланды.

  • Тауар-ақша қатынастары өнімдер айырбасымен алмастырылады.

  • Халыктың өскелең талабы өндірістің мүмкіндіктерін басып озады. Осы жазылған «экономикалық зандылықтары» арқылы тауар тапшылығының үстемдік етуін ақтап берді.

Көсемнің «өнімдер айырбасы» туралы данышпандық тезисін БК(б)П XIX съезі қолдап, социалистік қоғамның капитализмнен «сөзсіз артықшылығы» туралы идеяны насихаттады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет