Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі



Pdf көрінісі
бет62/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

 
 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 
 
Джуматова Бибигүль Куанқызы 
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы 
«№16 Саламат Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Білім беру мазмұнын
жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік 
практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде 
қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды. 
Бастауыш білім беру мақсаты — келесі негізгі кең ауқымды дағдыларға: 

білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану; 

сыни ойлау; 

зерттеу жұмыстарын жүргізу; 

ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану; 

әр түрлі коммуникация тәсілдерін пайдалану; 

топта және жеке жұмыс істеу ептілігі

проблемаларды шешу және шешімдер қабылдауға 

ие оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру. 
Педагогикалық әдіс-тәсілдер: 

құндылықты-бағдарланған; 

әрекетті; 

тұлғалық-бағдарланған; 

кіріктірілмелі; 

коммуникативті әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі 
бағдарлар болып табылады. 
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу 
барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен 
қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының 
дамуына жәрдемдеседі. 
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. 
Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу 
және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет