103
• Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету;
• Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру;
• Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;
• Топта ұтымды жұмыс істеу.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:
• Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;
• Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;
• Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;
• Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;
• Бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай
олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш – қуат бере
отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада
оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.
Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі
керек. Сұрақ қоюдің қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты-
оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану,
анализ, синтезге дейін жоғарлайды. Қазақ тілі сабағы баланың ой-өрісін өсіріп, оған тілдің ұлттық мәдени мұра,
тіршіліктің өзегі, танымның көзі екенін сезіндіру қажет. Оқушының таным деңгейі оның сөйлеу тіліне,сөйлемді дұрыс
құрастыру, ойын жеткізе білу іскерлігіне тікелей тәуелді Осы орайда қазақ тілі пәнін оқытудың жан – жақты міндеттері
айқындалады. Қазақ тілін оқытудың мақсатын орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше міндеттер
қойылады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес
миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң,
келешегі-тұман» деп М. Дулатов айтқанындай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз құрғақ, таса, көлеңке
жерге дән ексең өнбейтіні сияқты жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Сондықтан өз ұрпағының өнегелі,
өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісін тиімді жүргізу — әрбір ұстаздың міндеті.
ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі
мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң,
білім мен ғылым саласы дүнеие жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына
да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін
оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту
тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім
беретін бала жанының бағбаны – мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру –
табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп
қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден
– бір жолы – жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан
сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту
технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз
баршылық.
Достарыңызбен бөлісу: