120
Абай өз шығармаларында этикалық идеалдарды көп қарастырған. Оның этикасының негізгі принципі – «Адам бол».
Осындай көптеген шығармалары адамгершілік сипатта жазылған. Ойшылдың пікірінше, адам саналылық пен
адамгершіліктің, еңбексүйгіштік пен білімділіктің, достық пен махаббаттың қосындысы болуы тиіс.
Сондай-ақ, оның шығармаларында жеке адамның қалыптасуында қоғамдық ортаның шешуші орын алатыны
айқындалған. «Адам — өз кезеңінің жемісі, егер ол жаман болса, оған замандастары кінәлі. Дәуір адамды
қалыптастырады» деген ойшылдың көзқарасымен толық келісуге болады сияқты. Абайдың ағартушылық
дүниетанымын бағалауда қазіргі отандық ғалымдардың көбісі оның шығармашылық күш-қуатын адамдық игіліктерге,
ақиқат адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға бағытталған деп санайды. Міне, ойшылдың осы
ойлары бүгінгі күнде де өзінің прогресшіл маңызын жоймағанын көреміз.
Қорыта айтқанда, әр мұғалім алдындағы болашақтың азаматын өмірге қанаттандыра, болашаққа талаптандыра
тәрбиелей алса, міне, нағыз ұстаз шеберлігі деп айтар едім.
Абай армандаған білімді өсер ұрпақ бойына ұялата алсақ, әр ұстаз еңбегінің ақталғаны да сол емес пе?
Заман талабына сай саналы ұрпақты сапалы біліммен қаруландыруда қажымайтын, талабы таудай білікті
мұғалімдердің білімді шәкірттері молая берсін!
Достарыңызбен бөлісу: