Қазақстандағы мемлекеттік денсаулықсақтаужүйесі Қазақстандағы медицина Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен салауаттылығын қорғауға арналған. Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі нарықтық қатынасқа көшу кезеңін өткізуде.Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сəйкес
жүргізіледі.Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау
тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерікөрсететін дəрігерлік-санитарлық, дəрігерлік-əлеуметтік, дəрі-дəрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың əлеуметтік қорғалуы, кепілденген дəрігерлік жəрдем шеңберіне сəйкес дəрігерлік жəрдем алудың əлеуметтік əділеттігі жəне теңдігі.