Қазақстан республиасының білім және ғылым министрлігі



бет79/180
Дата12.03.2018
өлшемі14,98 Mb.
#38951
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   180

Ендеше, деп жазуға болады.

Металдардың кедергілерінің температураға тәуелділігі 1-суретте көрсетілген (1-қисық). Кейіннен көптеген металдардың кедергілері (0,14-20 К) критикалық температура деп аталатын өте төменгі температурада секірмелі түрде нольге дейін кемитінін көрсетті (2-қисық).

1-сурет
Бұл асқын өткізгіштік деп аталатын құбылысты алғаш рет сынап үшін Г. Камерлинг-Оннес анықтаған. Асқын өткізгіштік құбылысы кванттық теория бойынша түсіндіріледі. Асқын өткізгіштердің қасиеттерін зерттеуге арналған көптеген тәжірибелер металл асқын өткізгіштік күйге өткенде оның кристалдық торында ешқандай өзгерістер болмайтынын, яғни оның механикалық және оптикалық қасиеттерінің өзгермейтінін дәлелдеді. Бірақ та оның электрлік қасиеттерінің секірмелі өзгеріске ұшырауымен қатар, магниттік және жылулық қасиеттері де өзгеріске ұшырайды.

Асқын өткізгіштік құбылысын былай түсіндіруге болады. Металл электрондарының арасында кулондық тебіліс күштерінен басқа, электрондар мен кристалдық тордың тербелісі арасында әлсіз тартылыс пайда болады. Белгілі бір жағдайларды бұл тартылыс тебілістен күштірек болуы мүмкін. Осының нәтижесінде өткізгіш электрондар бір-біріне тартылып, байланысқан күйге ұшырайды, оны куперов жұбы деп атайды. Жұптардың өлшемі орташа атомаралық арақашықтықтан көп үлкен, яғни жұптасқан электрондар арасында көптеген бос электрондар орналаса алады. Осы куперов жұбын бұзу үшін (оның бір электронын жұлып алу үшін) қандай да бір энергия жұмсау керек. Ол электрон жұптарының тартылысын жеңуге кетеді. Осы жұптар өзара әсерлесе отырып бүтін бір топты(ансамбльді) құрайды. Куперов жұбына кіретін электрондардың спиндері қарама-қарсы бағытталған. Жалпы жұптардың спиндері нольге тең, ендеше олар бозондар. Бозондарға Паули принципі қолданылмайды, бір күйде болатын бозондар санына шек қойылмайды. Сондықтан, өте төмен температураларда бозондар негізгі күйге жинақталады, оларды қозған күйге орналастыру өте қиын. Осы бөлшектер жүйесінен электрондарды бөліп алу мүмкін емес, олар сыртқы электр өрісі әсерінен кедергісіз қозғалады да, ол асқын өткізгіштікке алып келеді.



Біртекті өткізгіштің ұштарына кернеу берілсін. Осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы уақыт ішінде заряд тасымалданады. Сонда токтың жұмысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет