Қазақстан республиасының білім және ғылым министрлігі



бет30/180
Дата12.03.2018
өлшемі14,98 Mb.
#38951
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   180


Егер сыртқы электростатикалық өріске нейтрал өткізгіш әкелсек, онда оң зарядтар өріс бойымен, теріс зарядтар өріске қарсы орын ауыстырады. Өткізгіштің бір ұшында оң зарядтар, ал екінші ұшында теріс зарядтар жинақталады. Бұл зарядтар индукциялық деп аталады. Бұл процесс өткізгіш ішіндегі өріс кернеулігі нольге тең болғанша жүре береді, кернеулік сызықтары өткізгіштен тыс жерде өткізгіш бетіне перпендикуляр болады. Сондықтан, электростатикалық өріске әкелінген нейтрал өткізгіш кернеулік сызықтарының біраз бөлігі үзіледі: олар теріс индукциялық зарядтарда аяқталады да, оң зарядтарда қайтадан басталады (1-сурет).


1 сурет
Индукциялық зарядтар өткізгіштің сыртқы бетінде таралып орналасады. Осы құбылыс электростатикалық индукция деп аталады.



Оңашаланған, яғни басқа өткізгіштер мен зарядтардан алыс орналасқан өткізгіш қарастырайық. Оның потенциалы өткізгіш зарядына пропорциональ. Тәжірибелер бірдей зарядталған әртүрлі өткізгіштер әртүрлі потенциалдарға ие болатынын көрсетті. Оны былай жазуға болады:

(1)

мұндағы шамасын оңашаланған өткізгіштің электр сиымдылығы деп атайды. Электр сиымдылық бірлік зарядқа берілген зарядқа тең. Өткізгіш сиымдылығы оның өлшемі мен формасына байланысты, ал оның материалына, агрегаттық күйіне және өткізгіштің ішкі бетінің формасы мен өлшеміне байланысты емес. Бұл артық зарядтардың өткізгіштің сыртқы бетінде орналасатынымен түсіндіріледі. Сиымдылық сонымен қатар, өткізгіш зарядына, оның потенциалына да байланысты емес. Электр сиымдылықтың өлшем бірлігі – фарад (Ф).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет