Ата-ана туралы жазған оқушы шығармаларын тыңдау Зерттеудің қорытындысы. (Психолог сөзі)
Ф-71топ оқушылыр мен ата-аналардың қарым-қатынасын анықтау үшін анкета сұрақтарын беру арқылы оқушылардың
ойларын еркін ашық айтуын қадағалап отырдым.
Сұрақ . Сіз ата-анаңыздың қандай қасиетін қалар едіңіз?
Ата-аналарымыздың бізді жақсылыққа, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке үлкенді сыйлауға, кішіге көмек көрсетуге,
ақылды болуға тәрбиелегенін қалар едім.
Ата-анамыздыдың өтірік айтпағандығын, өз сөзіне сенімді болғанын қалар едім.
Сұрақ. Ата-анаңыздың жиі айтатын тәрбиелік жақсы сөздері қандай?
Сабағыңды жақсы оқы, тентек болма, өтірік айтпа, таза жүр, ешкімнің еңбегін жеме, адал бол.
Сұрақ. Ата-анаңыздың қандай жаман қылықтары ұнамайды?
Арақ ішкені, шылым шекккені, карта ойнағаны, үйде болмауы.
Ұрсуы, ұрғаны.
Сабырсыздығы, шыдамсыздығы, ашуланшақтығы.
Осы анкета сұрақтарын қорыта келе ата-аналарымыздың көпшілігі өз бойларындағы қасиеттерін көрсете алмағандығын
байқап отырамыз. Балаларын бір жақты тәрбиелегендігі көрініп тұр. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан
дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескен кезде олардың пікірлерімен
санасып отырған орынды. Әке мен шеше ұл-қызымен үй шаруасында әңгімелесіп ой бөлісуге болады. Баланың бойына
барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мін беру, табиғат силаған дарыны болса дамыту,
дұрыс білім алуына жағдай жасау-ата-ананың басты парызы.
Ойландырған сұрақтар. Біздің халқымыз ер-азаматы “Шаңырақ иесі” десе, әйел ананы “Отбасының алтын қазығы” дейді.
“Халық айтса, қалт айтпайды” дегендей ерлі-зайыптыларға осы бір тамаша теңеулер тереңнен толғанып, өмір тәжірибесін
алынған болса керек. Ер азамат шаңырақ тірегі екені дәлелдеуде қажет етпейді. Ал отбасын шашау шығармай, бәрін де
белгілі бір тәртіпке салып, тура жолдан тайдырмай ұстап отыратын әйел-ананы алтын қазыққа теңеу де дәл басып айтылған
сөз екенін күнделікті тұрмыста көріп жүрміз. Демек отбасының ұйтқысы мықты болса, шаңырақ шайқалмай, түтіні де түзу
шығады.
Олай болса, құрметті ата-аналар, біздің әйел адамдарымыз, яғни аналарымыздың бойынан осындай қасиеттер үнемі табыла
бере ме?
Сұрақ. Отбасындағы әйел-ана қандай болуы керек деп ойлайсыз?
Бала тәрбиесінің ең үлкені мектебі- әке мен шешенің бір-бірімен қарым-қатынасы. Біз ата-аналар осы мәселеде қателіктер
жіберіп жүрген жоқпыз ба?
Жанұядағы адамдарыдың бір-бірімен қарым-қатынасының бала тәрбиесіне әсері бар ма?