Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет60/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»поэмасы
Сабақтың мақсаты:білімділік:С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып,оқушы дүниетанымын 
байыту.Поэманың көркемдік ерекшелігіне тоқтала отырып,оқушыға іздендіру жұмыстары арқылы ұғындыру;
Датытушылық- оқушыларды сатылай кешенді талдауға, ізденімпаздыққа,тапсырмаларды тиянақты орындауға,алғырлыққа 
баули отырып,шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік-туған жерін сүюге баули отырып,адалдыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі-оқулық,хрестоматия,интербелсенді тақта,сурет-буклеттер;
Түрі-жаңа тақырыпты игеру сабағы
Әдісі- сатылай кешенді талдау,сұрақ-жауап,проблемалық сұрақтар,мәтінмен жұмыс,шығармашылық жұмыс;
Сабақтың барысы:а/Ұйымдастыру;
б/Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі:Балалар,бүгінгі тақырыбымыз-Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы.
1.
«Ой шақыру »стратегиясы бойынша Сәбит Мұқанов шығармашылығын тақтаға топтастыруҮйге дайындалып 
келуге берілді.
Мұғалім сөзі:Сәбит Мұқанов- көркем сөз өнерінің шын мәніндегі шебері дәрежесіне озық ойлы орыс әдебиетінің, одан
қалды дүниежүзілік мәдениеттің шалқар айдынында еркін жүзіп, оның терең тұнығынан гауһар іздегендей көп еңбектенудің
арқасында барып жетті. Сәбит Мұқанов – ең алдымен, ұлы жазушы. Қазақ прозасының деңгейін еуропалық дәрежеге дейін
көтерді. Сан-алуан тақырыпқа жазылып, өмірдің көкейкесті мәселелерін қозғаған.Ендеше Сәбит Мұқанов өмірі мен 
шығармашылығына кеңірек тоқталайық.
1-слайд
Сәбит Мұқанов 1900ж.26/04 Солтүстік Қазақстан облысында өмірге келген. Жамбыл ауданы ,Жаманшұбар ауылында 1918-
36


1919 жылдары оқытушылар курсында оқыған 1922-1926жылдары Орынбор қаласында оқыған. «Еңбекші қазақ»газетінде
бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 
1935 жылы Мәскеу қызыл профессор институтында болып 1936-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті»газетінің редакторы, 1937-
1951 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес депутаты, 1944–45 ж. жазылып‚ 1961 ж. 
жарық көрген «Абай Құнанбаев» монографиясы «Саяхаттар» (1954), «Туған жердің тыңында» (1955), «Тыңда тұнған 
байлық» (1957), «Алыптың адымдары» (1959), «Замандас туралы аңыз» (1961) атты кітаптарында 200-ден астам әдеби-сын 
мақалалары жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет