Айсұлудың
орындауындағы
«Ұстазым менің »
атты әнді
қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын
тынымсыз лаулаған жалын иесі.
2-Жүргізуші:
Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан
басталады.
Ғұлама, білгіш ғалым да,
Оқушы жас жалын да,
Мархаббаты ойшыл да,
Мал өсірген қойшы да,
Жазушы да, ақын да,
Ғарышкер де, батыр да,
Өнері тасқан актер да,
Көмір қазған шахтер де,
Мың бұрылған биші де,
Ой тербеткен күйші де,
Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан сіздерге
бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
1-Жүргізуші:
Жүрегі кең, ұстаздар, данасың ғой!
Қомқор болған біздерге баласындай.
Сынып жетекшілері, ыстық ықыласымызды
Қабыл алыңыздар,
Аялаған біздерді баласындай.
1-Жүргізуші:
Ұрпақ қамын анасындай ойлайды,
Болашаққа жетелейді, толғайды.
Өркениетті адам болам десеңіз,
Шет тілін білсең артық болмайды.
2-Жүгізуші:
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып білім алдық,
Рахмет көп жаудыратын.
1-Жүргізуші:
Шынығамыз жүгіріп, ойнаймыз көп,
Тартыламыз турникке, қуамыз доп.
Барлық бала ол пәнді жақсы көреді,
Барлығымыз спротшы боламыз деп.
2-Жүгізуші:
Сіздерден бастау алар бізге ілім,
Ізденіспен өтеді әрбір күнің.
Әуелеген әсем ән сіздерге арналады.
Басшылары білім ордасының.
2-Жүгізуші:
Мектеп-үйім, ұстаздарым ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған
Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға.Себебі ұлттың болашағы-ұрпағыңда болса, ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз
қолында.
1-Жүргізуші:
Келесі құттықтау сөзді мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоланов Батырхан ағайға және
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шораева Нәзігай апайға сөз береміз.
2-Жүргізуші:
Сіздерге арналған ән-шашуымызды қабыл алыңыздар!
Алдарыңызда ұстаздарға арналған жаңа әнімен
Достарыңызбен бөлісу: |