Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет234/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Білім беру саласы
: Коммуникация
Бөлімі:
Көркем әдебиет
Тақырыбы
: «Екі әтеш» (ертегі)
Мақсаты:
Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып бере білуге үйрету, өз ойлармен бөлісе
білуге талпындыру.
Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, дыбысын салдыру. 
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс
: үй құстары жайлы әңгімелесу
Әдіс-тәсілдері
: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
: үй құстары суреті, жем, үнтаспа
Билингвалдық компонент: әтеш-петух
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
169


Мотивациялық 
-қозғаушы
Шаттық шеңбері:
«Көңілді балапандар» әуенін қоямын.
Би аяқталған соң 
- Балалар, сендер осы әуеннен қандай әсер 
алдындар?
Үнтаспа
- Балалар, бұл ненің дыбысы?
- Әтеш дегеніміз не?
- Ендеше, үй құстарымен танысайық.
Балалар әуенге байланысты би 
қимылдарын жасайды. Өздерінің 
алған әсерлері туралы бөліседі.
Әуенді бар ынталарымен тыңдайды.
-Әтештің дыбысы 
Ол - үйде болатын құс.
Іздену-ұйымдастырушы
Үй құстарын таныстыру.
Үй құстарына тауық, әтеш, балапан, күрке
тауық, қаз , мекиендер жатады. Олар адамға
ет, жұмыртқа, мамық береді. 
Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
-Бүгін біз “Екі әтеш” ертегісімен танысамыз
- Қазір мен сендерді «Екі әтеш» ертегісін айтып
беремін.
Автор:
Екі әтеш ертегісі
Аулада ір қора тауық, бір әтеш қыт-қыттап өз
тіршіліктерімен әуре болып жүріпті. Түс ауа
сырт жақтан бір әтеш қораға кіріп келіп,
іштегі әтешке:
- Мына мекиендер енді менің меншігім, сен
қараңды батыр - дейді.Екеуі бір-бірін бас салып
таласа бастапты. Сырттан келген әтеш жеңіп,
жеңілген әтеш қашып отырып отынның
арасына кіріп кетіпті. Оның артынан тауықтар 
да отынның арасына кіріп кетіпті. Бәрі менен
қорқып кетті деп ойлаған жеңімпаз әтеш
қоқиланып, отынның үстіне секіріп шығып:
" Қорықпаңдар достарым
Тасаланбай шығыңдар
Нағыз ерді көріңдер
Айтқанымды ұғыңдар
Бұдан былай тапжылмай
Осы аулада тұрамын.
Кім ұқпаса сөзімді
Соның басын жұламын
Мен даңқты батырмын
Жеңіп келе жатырмын"...деп қоқилана шырқай 
жөнеліпті.
Осы кезде аспаннан бір бүркіт келіп,жеңімпаз
әтешті іле жөнеліпті. Бүркіт пен жеңімпаз
әтештің қарасы үзілген соң мекиендер де,
жеңілген әтеш те отынның арасымен
жайбарақат шыға келіпті. Әуелгісіндей тіршілік
қарекетіне кірісіпті.
Жеңілген әтеш:"Бұл әтеш шынында да мықты
екен, мен одан қашып отынға тығылдым,
мекиендер бүркіттен қашып отынға тығылды.
Отынға тығылу біздің қалыпты дағдымыз. Ол
сырттан келгендіктен бұл дағдыны
білмейді.Жеңгеніне масаттанып аспанға қараған
жоқ, аспанға қараса ол сақтанар еді.""Бір
асқанға бір тосқан" деген осы депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет