Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет283/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

Көрнекілігі:
кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: 
тіл дамыту, айналамен таныстыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
.
Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.
ІІ. Өткенді қайталау.
1-слайд.
а) Сұрақ-жауап: - Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз?
- Әріптерді не істейміз?
2-слайд.
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т.с.с.
ІІІ. Жаңа сабақ.
3-слайд.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
46.
Олар қайда өмір сүреді?
47.
Орманда.
48.
«Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
49.
О дыбысынан.
50.
Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол 
арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
4-слайд.
1. Қоянның тапсырмасы. 
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
51.
Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
207


52.
Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
5-слайд.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
53.
Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
6-слайд.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
«Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің 
соңында кездеседі.
Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
Пальто, кресло - сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу.
7-слайд.
3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың, 
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
8-слайд.
4. Түлкінің тапсырмасы.
ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
- Отанымыз қалай аталады?
- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
5. Бауырсақ пен
бірге мына буындарды оқиық:
9-слайд.
О-й ой ой т-ой той той
О-р ор ор т-ор тор тор
О-л ол ол т-ол тол тол
Ой-на ойна ойна Ай-на Ай-на
Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
10-слайд 
«Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.
ІV. Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
О дыбысы қандай дыбыс екен?
Әріп таңбасы неге ұқсас?
О дыбысына байланысты сөздер айту.
Мадақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет