Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық


Жазатайым оқиғалардың статистикасы және талдау



бет5/5
Дата30.09.2022
өлшемі98 Kb.
#151324
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№4. 4 Апта. Енбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге зақымдануларын талдау және есепке алу

4. Жазатайым оқиғалардың статистикасы және талдау

37. Н-1 нысанындағы актімен рәсімделген әрбір жазатайым оқиға,


жазатайым оқиғалар мен өндірістегі өзге де денсаулық жарақаттарын
тіркеу журналына (6-қосымша) және өндірістегі уақытша еңбекке
жарамсыздық пен жарақат алу туралы статистикалық есепке
енгізіледі, оған жұмыс беруші қолын қояды және белгіленген тәртіппен
статистика орғандарына ұсынады.
38. Жұмыс беруші Н-1 нысанындағы актіге сәйкес еңбек жөніндегі
орталық уәкілетті органның аумақтық органына тиісті мерзім ішінде
ұйымда болған жазатайым оқиғалардың өсу қарқынының үдемелі
қорытындысын белгіленген нысанға сәйкес мәліметтер беруге міндетті.
39. Егер жазатайым оқиға салдарынан болған уақытша енбекке
жарамсыздық кезеңінде зардап шегуші қайтыс болса, жұмыс беруші
ол туралы еңбек меминспекторына хабарлауға және тиісті кезеңдегі
статистикалық есепке қажетті өзгерістер енгізуге міндетті.
40. Жұмыс берушілер жыл сайын жазатайым оқиғалардың себептеріне жан-жақты талдаулар жүргізуге, қажетті шаралар қабылдауға және оның нәтижелері туралы қызметкерлерге хабарлауға міндетті.
41. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өндірістік жарақаттану себептерін талдайды, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттейді және қорытындылайды, осы негізде тиісті ұсынымдар әзірлейді және оларды жұмыс берушілерге, қызметкерлер мен олардың жұмыс берушілеріне, қызметкерлер мен олардың өкілдеріне дүркін-дүркін хабар береді.
42. Аймақтар және республика бойынша жазатайым оқиғалар туралы статистикалық мәліметтер жыл сайын жариялануға жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет