Өндірістік практиканың ішкі тәртіп ережелері Өндіріс практикасынан өту кезінде студент міндетті:
- сабақ кестесін сақтауға;
- жұмыс күніне уақыты келіп, кетуге міндетті;
- практика жетекшісінің рұқсатынсыз практикадан кетпеуге;
- далалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, геодезиялық құралдарға абай болуға;
- геодезиялық құралдарға сақ болуға және мүлікке ұқыпты қарауға
Қорытынды Мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Кадастр» мамандығының 2 курс студенті Демегенова Дана Дарментайқызы 2022 жылдың маусым айының 6-шы жұлдызынан бастап, шілде айының 3-ші жұлдызына дейін Ақтау қаласында орналасқан «TNStroyProject» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірістік практикадан өттім.
Тәжірибеден өту кезінде мекеме бөлімінің құжаттамаларын талдап, үлгі бойынша орандауға үйрендім. Өндіріс практикасының жетекшісінің нұсқаулығын барынша ұқыпты әрі дұрыс орындауға тырыстым. Тәжірибе барысында жер заңдарымен танысып, барынша іс-жүзінде қалай орындалатынын үйренуге тырыстым.
Өндірістік практикада мына нұсқаулықтарға сүйендім:
Университет қабырғасында жүріп алған теориялық білімімді практика жөнінде пайдалану;
Мемлекеттік қызметте жауапкершілігі мол жұмысқа асқан тиянықтылықпен қарау керектігін;
Өндірістік практикадан өтудің болашақта мамандық бойынша жұмыс жасағанда қаншалықты маңызды болатынын білу;
Орындаған практикант міндеттері
Практикаға белгіленген график бойынша уақытылы келіп кету;
Практика жетекшісімен танысып, практикадан өту нұсқалығын алу;
Қауіпсіздік ережелерін толықтай меңгеріп сақтау, және ішкі тәртіп ережелеріне бойұсыну;
Практика барысында кәсіпорын ішіндегі жұмыскерлермен жақсы, тығыз қарым-қатынас орната алдым. Практика жетекшісі тарапынан айтылған сынды дұрыс қабылдай алып, сол бойынша дұрыс жұмыс жасай алдым. Практиканың маңыздылыған түсініп, түсінбеген жерлерімді қысылмай емін-еркін сұрай алдым. Университетте алған 2 жылдық теориялық білімімді
барынша практика жөнінде пайдалана алдым. Алдағы уақытта да осындай мекемелерде практикадан өтуге қызығушылығымда бар және ол жерде де толықтай қызмет көрсете алатыныма сенімдімін.