3. Жазатайым оқиғаларды рәсімдеу және тіркеу Қызметкердің (қызметкерлердің) кемінде бір күн еңбекке жарамдылығын жоғалтуына апарып соққан өндіріспен байланысты әр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (кепілдемеге) сәйкес өндірістегі жазатайым оқиға туралы Н-1 (2-қосымша) нысаны бойынша қажетті данадағы (әр зақымданушыға бөлек) актімен ресімделеді.
Белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау ұйымы растаған кәсіптік сырқаттану және улану жағдайлары да еңбекке жарамдылығын жоғалту болғанына немесе болмағанына қарамастан Н-1 нысаны бойынша ресімделеді
Н-1 нысанындағы актіні еңбекті қорғау қызметі мен ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлердің өкілдері толтырып қол қояды, оны жұмыс беруші бекітеді және ұйымның мөрімен куәландырады. Кәсіби ауру (улану) жағдайларында Н-1 нысанындағы актіге Мемсанэпидқызмет органының немесе Кәсіби патология орталығының өкілдері қол қояды. Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, онда Н-1 нысанындағы актіні жұмыс беруші толтырады, қолын қояды және нотариалды куәландырады.
Әрбір жазатайым оқиғаны тексеру аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші үш күннен кешіктірмей зардап шегушіге немесе оның сенімді өкіліне Ереженің 23 және 24-тармақтарында аталған актіні беруге міндетті. Бұдан басқа, Н-1 нысанындағы актінің бір данасы жұмыс берушіде қалады, ал басқасы еңбек меминспекторына жіберіледі.
Кәсіби ауру және улану жағдайында Н-1 нысанындағы актінің көшірмесі, сондай-ақ Мемсанэпидқызмет органына беріледі.
Тексерудің нәтижесімен келіспеген немесе Н-1 нысанындағы акті уақытылы рәсімделген жағдайда зардап шегуші, ұйым қызметкерлердің өкілі немесе езге мүдделі адам жұмыс берушіге жазбаша өтініш беруге құқылы, ол он күн мерзімде өтінішті қарауға және істің мәні бойынша шешім қабылдауға міндетті.
Жазатайым оқиғаларды тексеру, рәсімдеу және тіркеу мәселелері жөнінде жұмыс берушінің, қызметкер мен облыстың, Астана және Алматы қалаларының бас мемлекеттік (мемлекеттік) еңбек инспекторы арасында тексеру барысында туындаған келіспеушіліктерді Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы қарайды немесе олар тәртібімен қаралады.
Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік (мемлекеттік) еңбек инспекторының өндіріспен байланысты немесе болған жазатайым оқиғаларды тексеру және олардың жіктемесі мәселелері жөніндегі шешімі қорытынды түрінде ресімделеді
Ауыр немесе өліммен аяқталған қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғалары мен топтық кәсіби ауруларды (уланулар) тексеру арнаулы актімен (3-қосымша) ресімделеді.
Жазатайым оқиға туралы Н-1 нысанындағы акт тексеру материалдарына сәйкес ресімделеді
Жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясының бір мүшесі комиссияның (көпшіліктің) қорытындыларымен келіспеген жағдайда, ол өзінің дәлелді ерекше пікірін тексеру материалдарына енгізу үшін жазбаша түрде беруі тиіс. Ол арнаулы тексеру актісіне «қараңыз. ерекше пікір» деген ескертпемен қолын қояды.
Егер еңбек меминспекторының немесе комиссия төрағасының пікірі комиссия мүшелерінің көпшілігінің пікірімен үйлеспесе, онда ол актіге "қараңыз, қорытынды" деген ескертпемен қол қоюға міндетті. Ол өзінің дәлелді қорытындысын (қосымша) тексеру материалдарына енгізеді.
Жазатайым оқиғаны арнайы тергеу материалдарына арнайы тексеру актісімен катар, мыналар: 1) Н-1 нысанындағы акті;
зардап шегушінің еңбекті қорғау жөніндегі оқытудан және нұсқаулық беруден, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерде өткені туралы мәліметтер;
сауалнамалар хаттамалары (5-қосымша) және уақиға куәгерлерінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбекті қорғау ережелері мен нормалары талаптарын сақтау үшін жауапты лауазымды адамдарының түсіндірмелері; 4) уақиға болған орынның жоспарлары, тәсілдері мен фотосуреттер;
қауіпсіздік талаптарын, өндірістегі салауатты және қауіпсіз енбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері мен жауапкершілігін реттемелейтін нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа актілерден үзінді көшірмелер және т б ;
зардап шегуші денсаулығының зақымдалу сипаты мен ауырлығы (қайтыс болған себебі) туралы медициналық қорытынды;
зертханалық және басқа зерттеулердің эксперименттердің, сараптамалардың талдаулардың және т.б. нәтижелері; 8) бар болса (бас) еңбек меминспекторының қорытындысы;
9) жұмыс берушіге келтірілген материалдық зиян туралы мәліметтер; 10) жұмыс берушінің зардап шегушіге (отбасының мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және осы жағдайға жол берген кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
11) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болу тиіс.
Жұмыс беруші жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісінің материалдары мемлекеттік еңбек инспекторы - комиссия төрағасына (2 данасы), сондай-ақ басқа да мемлекеттік және ведомстволық, қадағалау мен бақылау орындарына олардың талап етуі бойынша тапсырады.
Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру аяқталғаннан кейін жеті күндік мерзімде арнайы тексеру актісінің материалдарын заңнамаға сәйкес шешім қабылдауға және қабылданған шешім туралы жіберген тарапқа хабарлауға тиісті жергілікті ішкі істер органдарына жібереді.
Топтық жазатайым оқиғаны арнайы тексеру актісі материалдарының бір данасы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.
Жазатайым оқиғаларды тексеру материалдары ұйымдарда 45 жыл сақталады, ол таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тексеру материалдары міндетті түрде өзінің қызмет ететін жеріндегі мемлекеттік мұрағатқа өткізілуі тиіс.
Жұмыс беруші әрбір жазатайым оқиғаның тексеру нәтижелерін қарайды және қызметкерлерге хабарлайды.
Мұндай оқиғалардың алдын алу жөнінде түпкілікті шаралар әзірлеу мен қабылдау, зардап шегушілерге (олардың отбасы мүшелері мен баск,а да мүдделі адамдарға) олардың денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөнінде заңнамада көзделген жеңілдіктер мен өтемақыларды беру мәселелерін объективті шешу мақсатында тиісті бұйрық шығарылады.
Арнайы тексеру жөніндегі комиссия ұсынған іс-шаралардың орындалуы туралы жұмыс беруші енбек инспекторына жазбаша хабарлайды.