Медициналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармокологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді. Нейропсихология психикалық құбылыстардың физиологиялық ми құрылымдарымен арақатынасын зерттейді. Психофармакология дәрі-дәрмек заттарының адамның психикалық іс-әрекетіне әсерін зерттейді; психотерапия ауруды емдеу үшін психикалық әсер ету тәсілдерін қолдануды зерттейді; психопрофилактика мен психогигиена адамдардың психикалық денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.