1.3.
Кәмелетке
толмағандар
қылмыстының
себептері
мен
жағдайлары
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашан халықты
алаңдататын мәселе, себебі бүгінгі жасөспірімдер ұлтымыздың, еліміздің
ертеңгі болашағы болып табылады.
Соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандардың қылмыстылық
көрсеткіштеріайтарлықтай төмендеген жоқ
(2015 жылы – 3338, 2016 жылы – 3343,
2017 жылы – 3156, 2018 жылы – 3156, 2019 жылы - 2824)
.
Кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстарға алып келетін
мінез-құлықты қалыптастыру мен бекітуге отбасылық институттардың
бұзылулары, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық даму ерекшеліктері
және оларды отбасы мен білім беру мекемелерінің тәрбие және педагогикалық
тәжірибесіндегі есепке алудың тиімділігі, жасөспірімдер мен жастардың
бейресми топтарының рөлі, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени
дамудың жағымсыз тенденциялары сияқты факторлар әсер етеді.
Баланың адам ретінде, тұлға болып қалыптасуы ең алдымен отбасына
байланысты. Жанұя бала өмірінің жағдайын реттейтін орта болғандықтан, ол
әртүрлібаланы дұрыс жолға бағыттайтын, оны жат қылықтардан жиркендіретін,
өмірдегі тірек,басқаратын күш және де алғашқы тәрбиелік орта болып келеді.
36
Бала үшін отбасы маңыздылығын А.М. Решетина «Баланы адам ретінде
қалыптасуынығ бастамасы ең кіші әлеуметтік орта – отбасында жүзеге асады»
деп атап көрсеткен. Дәл осындай пікірді М.С. Нәрікбаев, С.Х.Жадыбаевтар да
қолдаған. [27, 18 б.]
Кәмелетке толмаған қылмыскердің жеке басын қалыптастыру
шарттарының бірі отбасылық қолайсыздық, теріс отбасылық жағдай болып
табылады: отбасында қалыпты адамгершілік ортаның болмауы, ата-анасының
немесе туыстарының маскүнемдігі, олардың моральды мінез-құлқы және т. б.
Бүгінгі күні балалардың құқықтарын қорғау саласындағы проблемалық
мәселелер артта қалып отыр. Осылайша, бірнеше жыл бойы Қазақстанда
қолайсыз отбасылардың көрсеткіші тұрақты. Жыл сайын есепте шамамен 10-12
мың жағдайы нашар отбасы тұр, онда 15 мыңнан астам бала тұрады. 2018
жылдың соңында ішкі істер органдарының есебінде 9 137 жайсыз отбасы тұр,
онда 14 049 бала тәрбиеленуде [28].
«Кәмелетке
толмағандар
арасындағы
құқық
бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын
алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591
Заңымен «тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы
немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз
міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер
ететін отбасы» (1-б. 10-т.) деп айқындалған [12].
2018 жылы жүргізілген кешенді социологиялық зерттеу нәтижесінде,
кәмелет жасқа толмағандар үшін ең маңызды бес құндылық индексі келесідей
орын алған: ата-ана – 88%, денсаулық – 80%, қауіпсіздік – 47%, отбасы және
дәстүрлер – 36%, сапалы білім – 27% [29, 33 б.] Бұл жерде кәмелетке
толмағандар үшін отбасының маңызы зор екенін, жанұядағы жалпы келеңсіз
жағдайлар отбасы тәрбиесінің бұзылуына, оның тәртіп жағынан құлдырауына,
құқық бұзуға дейін әкелетінін көрсетіп отыр.
Осылайша, кәмелетке толмағандар қылмысының себептік кешенінде
негізгі
элементтердің
бірі
ата-аналардың
балаларды
тәрбиелеуден
жалтаруына,отбасының
ыдырауына,
оларға
қатыгездікпен
қараумен
байланысты отбасылық қолайсыздықтар болатыны сөзсіз.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда бүгінде 92 мыңнан астам бала
қамқорлықсыз қалды, оның тек 30%- ы жетім, ал қалғандары ата-аналары тірі,
бірақ ата-ананың құқығынан айырылғандар немесе өздері өз балаларынан бас
тартқандар.
Осындай балалардың саны үнемі өсуде. Кәмелетке толмағандармен
қатыгез (барлық балалар жарақаттарының 70% астамы отбасылық-тұрмыстық
сипаттағы) қарымқатынас көріністерінің өсуі байқалады Алдын ала есептеу
нәтижесі зорлық-зомбылық әрбір төртінші отбасында кездесетінін көрсетеді.
37
Қатыгез қарым-қатынастан сақтану үшін көптеген балалар жанұясынан,
балалар үйлері мен интернаттан кетеді, ал осы балалардың 10%-ы осындай
қарым-қатынастың нәтижесі өлім болып табылады. Суицид жағдайлары жиі
кездеседі [28].
Алғашқы әлеуметтендіру институты ретінде отбасы кәмелетке
толмағанның жеке басын қалыптастыру процесінде негізгі рөлге ие. Алайда,
әлеуметтік өмірді ұйымдастырудың нысандары мен тәсілдерінің тұрақсыздығы
жағдайында, бүгінгі күні біздің қоғамда орын алып отырған жағдай оның
мүмкіндіктері төмендейді.
Оған қоса, қалыпты өмір сүріп, салауатты өзара қарым-қатынасты сақтау
қабілетін жоғалтқан отбастарыкриминогендік немесе жанжалды ортаға жиі
айналып жатады, қылмыстық сана мен мінез-құлықты қалыптастыру көзіне
айналады. Осындай сипаттарға ие бола отырып, отбасылық қолайсыз кәмелетке
толмағандар қылмыстылығының өсуіне, сондай-ақ оның жас шегінің он
төрттен он екі жасқа дейін төмендеуіне әсер етеді.
Отбасы өміріне зорлық-зомбылықтың енуі нәтижесінде отбасылық
тәрбиелеу мүмкіндігі азаяды, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығы
пайда болады; балалар маскүнемдікке, нашақорлыққа, жезөкшелікке
тартылады. Қараусыз қалған балалар, әдетте, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен
және ұсақ ұрлықпен айналысады. Жиі олар әртүрлі қылмыстардың, соның
ішінде жыныстық қылмыстардың құрбаны болады.
Жалпы, отбасындағы жағдайдың шиелесуі ең алдымен балаға кері әсерін
тигізеді: баланың мектептегі үлгерімі төмендейді, бала ата-аналарға емес,
отбасынан тыс, далада құрылған референттік топтарға еліктейді, оларды үлгі
тұтады, сол топтар балаға ата-аналарға қарағанда беделді болып көрінеді.
Нәтижесінде жеке тұлғаның қалыптасуында бұзушылықтар орын алып,
бұл өз кезегінде кәмелетке толмағанды құқық бұзушылыққа алып келуі,
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімдердің және жасөспірімдер
қылмысының алдын алуға жауап беретін басқа да органдардың араласуына
негіз болуы ықтимал.
Бұл жүйенің үлкен кемшілігі - бұл органдар көбінесе кәмелетке
толмағанның әлеуметтік жағдайын өзгертпей, проблеманың шешілмеген
себептерін қалдыра отырып, тек салдарға ғана жауап береді [30, 68-70 б.].
Осы орайда, кәмелетке толмағандар қылмыстылының алдын алу
тиімділігін арттыру үшін институционалдық түзетудің басқа да агенттерінің,
атап айтқанда отбасылық психологтар мен консультанттардың қатысуы қажет.
Жалпы бала жақсы-жамандықты отбасынан біліп, оның қыр-сырларынан
өз бойына сіңіріп өседі. Осыдан болар, кәмелетке толмағандардың жалпы
қоғамға, мемлекет пен ұлтқа, еңбекке,өз ана тіліне деген көзқарасы ата-ананың
38
көрсеткен үлгісіне қарай қалыптасады. Олардың жасаған әрбір теріс қылығы
ешуақытта іс-тұссіз қалмайды.
Тағы бір айта кететін жайт, отбасының ажырауы да бала өмірінде ерекше
криминогендік орын алады. Әлбетте, eгep баланың oт
бacындa ата-анасының
біpeуі бoлмaca, оған қоса бaлa саны біpнeшeу бoлca, балаға жaлп
ы жақсы
тәpбиe бepу, олардың жүpіc- тұpыcын қaдaғaлaу мәceлecі өтe қиынға соғады.
Кез-келген ата-ана баласын нағыз адам болып өскенін көргісі келеді.
Осы тұрғыда, мұндай балаларды тәрбиелеп, өсіре білу керек. Балалардың
тамағы тоқ,киімі бүтін болсаекен деп қана ойламай, оларды рухани
өміргесезімталдықпен, зейінмен бағыттап, оларды ұжым, қоғам алдындағы
жауапкершілікті сезінуге тәрбиелей білу керек.
Мұ
ндaй жaғдaйдa бacты нәpce ол бaлaғa көңіл бөліп, оған бapын
шa
мeйіpімділік таныту нeмece керісінше баланы жaтcынып, оны cыpтқa тeбу
epeкшe рөл aт
қapaды. Кәмeлeткe тoлмaғaндapдың іcтepі жөніндeгі инcпeкциядa
eceпкe тұpған oн бec мыңғa тартабалалардың бacым көпшілігі әке-шешенің
мeйіpімділігін сезінбеген. Осының caлдapынaн oлapдың пaйдaқopлық, зopлық-
зoмбылық сипaттaғы қылмыcтapғa бapуынa жoл бepілгeн.
Барлық ата-ана өз баласын нағыз адам болып өскенін көргісі келеді.
Алайда, баланың адам болып қалыптасуы үшін дұрыс тәрбиелеп, өсіре білу
керек. Балалардыңтамағы тоқ,киімі бүтіндеп ойламай, оларды рухани
өміргесезімталдықпен, зейінмен бағыттап, оларды қоғам,ұжым алдындағы
жауапкершілікті сезінуге тәрбиелей білу қажет.
Мұндайда басты тәсіл – отбасында балаларды тәрбиелеп, жеке тұлғаны
қалыптастыруда ата-ана өз балаларына деген талапты,әдепті шын ниеттілікті,
балаларының мүддесіне деген ілтипатты болып, қате қадамнан дер кезінде
сақтандыра білу маңызды..
Осылайша, бүгінгі таңда құқық бұзушы кәмелетке толмаған, әдетте,
қолайсыз отбасыларда тұрады, мектеп сабақтарын жиі өткізеді, ал кейбіреулері
оқуды мүлдем тоқтатқан, олардың кейде психикалық және дене саулығында
ауытқулары бар, сондықтан, алдын алу қызметінде жетекші рөл заңнамалық
жүйені қатаңдатудан гөрі, әлеуметтік институттардың пәрменді жұмыс істеуіне
берілуі тиіс санаймыз. Бұл ретте, біздің ойымызша, кәмелетке толмағандардың
құқық қорғау тәртібін қалыптастыру бойынша ең үлкен жауапкершілік
жүктелетін негізгі институт отбасы болып табылады.
Кәмелетке толмағандар қылмысының маңызды себебі халықтың кедей
жіктерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы болды. Елдің
барлық халқы тұрмысы нашар деп айтуға болмайды, себебі бұл олай емес.
Бірақ кедейлер мен байлардың арасындағы алшақтық айтарлықтай ұлғайды,
халықтың кедей жіктерінің жағдайы жиі өтімсіз болады,бұл кәмелетке
толмағандардың қылмыстылығына ең теріс әсер етеді.
39
Басқа фактор-бұл отбасындағы теріс процестер. Өкінішке орай, отбасы
жиі мұмкіндігі болмағаннан емес, кәмелетке толмаған адамға қажетті көмек
көрсеткісі келмейді немесе істей алмайды. Сондай-ақ, оның мінез-құлқын
бақылап, оған қамқорлық жасай алмай, ақырында, оны жақсы көре алмай
жатады.
Бұл жағдайда материалдық қамтамасыз ету факторының іс жүзінде
маңызы жоқ. Өйткені, бала үшін бәрін жасап, толық қамтамасыз етіп отырған
отбасы: оның мінез-құлқы мен оқуын қадағалайды, оның қалауын және тіпті
қыңыр сезімдерін қанағаттандырады, шет тілдерін меңгеруге, спортпен
шұғылдануға және т. б. мүмкіндік береді. Алайда, бала үшін ең маңызды бала
мен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста махаббат, эмоциялық жылылықты
қамтамасыз ете алмайды. Баланың отбасынан бас тартуы, отбасынан кетуі орын
алады, олар да (кәмелетке толмаған), отбасы да мұндайды мойындауы да сирек
кездеседі. Баланы отбасымен қатыгез қарым-қатынас жасағанда, ұрғанда,
қорлағанда, үйден қуып шығарғанда, тамақтандырмағанда, ешқандай
қамқорлық көрсетпейді.
Ал әлеуметтік-экономикалық жүйені түбегейлі реформалау жағдайында
отбасының әлеуетті мүмкіндіктері, оның өміршеңдігі, құндылықбағдарлары
мен әлеуметтік ұстанымдары, балаларға білім беру мен тәрбиелеуге көзқарасы
күрделі өзгерістерге ұшырайды, бұл көбінесе бейімделу мүмкіндіктерімен және
жаңа жағдайларға бейімделудің табыстылығымен байланысты.
Отбасының төмен бейімделу мүмкіндіктері қадағалаусыздық сияқты
құбылыстың таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар, әңгіме балалардың мінез-
құлқына ата-аналардың формальды бақылауының әлсіреуі туралы ғана емес,
отбасының
қалыптасқан
микроклиматы,
ата-аналарға
өзінің
тәрбие
функцияларына қатысты елеулі ақаулар, балалардың әлеуметтік жауапсыздығы,
олардың тағдырына немқұрайлығы немесе балалар үшін де осы функцияларды
толыққанды орындаудың мүмкін еместігі туралы болып отыр. Сондықтан аса
қауіпті жағдайда қалған отбасыларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі
мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің барлық күш-жігері
шоғырлануы тиіс пайымдаймыз.
Баланыңжалпы қалыптасуы кезеңінде оған түрлі факторлар мен
жағдайлар
әсер
етіп
қана
қоймай,
ең
алдымен
оның
қызығушылығына,икемділігіне,көзқарасына нәтижесін қалдырады, оның өмірге
деген қатынас, сезімін қалыптастырады. Осылардың арақатынасында баланың
бойында белгілі бір жеке басының жақсы-жаман жақтарын көрсететін сипаттық
қасиеттері дамиды [31].
Кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартуға ықпал ететін келесі
фактордың бірі
-
оның тұлғалық ерекшеліктері. Көбінесе кәмелетке
толмағандардың ата-аналары баланың мінез-құлқының ерекшеліктеріне, оның
40
темпераментіне дұрыс әсер етпейді, бұл әрине, оның жеке тұлға ретінде
қалыптасуында өз ізін қалдырады.
Кейбір ата-аналар баласының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғана
жағдай жасауға тырысады. Ата-ананың мұндай қадамы баланың бойында
масылдықты, жатып ішер арамтамақтықты қалыптастырады.
Енді бір ата-ана баланы киімге құмар қылып өсірсе, ал үшінші бір aта-ана
баласының алдында қалай ұрлағанын немесе қоғам мүлкін қандай жолмен
жымқыру жолын, істеген істерін «жайып»салады. Мұндай әрекеттер ата-
ананың өз баласының алдында беделінің жоғалуына, баланың ойында құқық
бұзушылық әрекеттерді туындатуға әкелуі мүмкін.
Көптеген ата-аналардың «ыңғайлы» бала туралы түсінігі бар, бірақ ол жас
ерекшелігіне байланысты жасөспірім оның ойындағы бейнеге сәйкес келе
бермейді. Содан кейін ата-аналар тарапынан баланың даралығымен күресі
басталады, олар баланың мүдделерін елемей, «ыңғайлы стандартқа» айналдыру
үшін оны қайта қалыптастыруға тырысады. Кейіннен балаға деген осындай
қарым-қатынас онымен күресу нәтижесіне қарамастан оның жеке тұлғасына
кері әсерін тигізеді.
Отбасындағы келеңсіз жағдайлар кейін мектеп кезінде де өзіне жақын
адамдармен қақтығысқа түсуіне алып келуі мүмкін. Осы орайда, мектеп
дезадаптациясы дакәмелетке толмағандардың қылмысына әсер ететін басты
факторлардың бірі.
Қазіргі уақытта білім беру жүйесі дағдарысты бастан кешіруде, бұл
әсіресе мектепте көрініс береді. Мектептер тәрбиелік сипаттағы мәселелерді
басымдыққа қоймастан, кез келген мүмкін құралдарды пайдалана отырып,
тәртіпті қолдауды бірінші орынға қояды. Оқушының үлгерімі мұғалімнің
балаға деген қарым-қатынасына, оның беделіне, оқудың жеке маңыздылығына
тікелей
байланысты.
Мектепте
дезадаптацияның
себептері
оқу
мотивациясының болмауы, мұғалім мен оқушы арасындағы қақтығыстар,
сыныптастармен күрделі қарым-қатынастар және т.б. болып табылады
[32, 68 б.].
Бала тәрбиесіндегі тағы бір аңғарарлық жайт пайдакүнемдік-зорлық
сипаттындағы қылмыстар жасау себептерінің бірі болып – мектеп тәрбиесіндегі
кемшіліктер екен. Білімділік адамның құқықтық, өнегелік, мәдени деңгейінің
жоғары көрсеткіші емес екенін аңғаруға болады. Кейбір ата-аналар балалары
оқып жатқан мектеппен, ұстаздармен байланысты мүлде жоғалтса, енді бір ата-
аналар мектептегі ұстаздармен үнемі жанжалдасып, олардың айтып жатқан
кеңестеріне құлақ аспайды. Бұл өз кезегінде, баланың ойында норма ретінде
қалыптасып, кері әсерін тигізіп жатады.
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығына себеп болатын тағы бір жағдай
- қоршаған ортасы. Мұнда әсіресе бейресми ортаның әсері көп.Мектептен тыс
41
уақытта көптеген оқушылар ата-анасының қарауынсыз болғандықтан,
бақылаусыз өмір кешеді. Бұндай баланың мектептегі сабаққа бармауы,
немқұрайлылығы осы бақылаусыздықтан шығады десек, артық айтқандық емес.
Ондай балалар көбінесе сыныпта «қиын» балаға, тәрбиеленуі қиындық
туғызатын балаға айналады.
Кәмелетке толмағанның құқық бұзушылық жасауына мүмкіндік беретін
жағдай өзінен өзі қылмысты тудырмайтын, бірақ жат ықпал деректерінің
кедергісіз әсеріне немесе қылмыстық ойды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
жағдайлар болып табылады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары кәмелетке толмағандарды еңбекке
тәрбиелеу және жұмысқа орналастыру проблемасы шиеленісіп кетті. Кәмелетке
толмаған адамның қауіпсіз еңбек жағдайларына және кәсіпті еркін таңдауға
құқығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнама талаптары барлық жерде
орындалмайды. Бұл олардың көпшілігі жұмыс істемейтін және оқымайтындар
санатына енуіне әкелді
Балалардың тәрбиесіне деген елемеушілік қарым-қатынас олардың
қадағалаусыз қалуына, бақылаусыздығынаәкеліп соғуы мүмкін. Бақылаусыздық
бұл – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының негізгі
себептерінің бірі.
Кәмелет жасқа толмағандарды тәрбиелеу процесіндегіелемеушілік
қарым-қаты
нас кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушы
лықтың негізгі
себептерінің бірі болып табылады.
Бақылаусыз қалған балалар өздері тұратын жерлердегі кіші топтарға
бірігеді, ал ол топтардың қaндай іспен айланысатыны белгілі. Атa-аналардың
басым көпшілігі сабақтан бос уақытта баласының немен шұғылданып жүргенін,
достарының кім екенін, достарының қандай пайдалы іспен айналысатынын
білуге ниет етпейді. Осыдан барып, баланың, ата-ана бақылауынсыз тыс
қалғанына сенімі артып, құқық бұзушылыққа оңай қадам жасайды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы бақылаусыздық,панасыздық және
қылмыстылық себептері жұмыссыздық болып табылатынына көңіл аудару
керек. Қазіргі кезде республикадағы жұмыссыздар саны бір миллионнан асып
түседі. Көптеген өндіріс кәсіпорындары, зауыттар, фабрикалар жұмысын
тоқтатқан. Көптеген балалар материалдық мұқтаждық себебінен балалар
бақшасына, мектептерге бара алмайды. Кәсіби педагогтар жалақының
төмендігіне байланысты базарларда сауда жасап жүр. Балалар бақшалары мен,
балалар кітапханалары коммерциялық құрылымдарға берілген, әрине мұның
бәрі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде теріс ықпалын тигізіп отыр. Материалдық
мұқтаждық себебінен республикада соңғы жылдары панасыз, тастап кеткен,
үйсіз балалар саны өсуде [33, 46 б.].
42
Әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-демографиялық сипаттағы
себептер декәмелетке толмағандар қылмысына әсер ететін бірден-бір
факторлардың бірі болып табылады.
Отбасында тәрбиенің жеткіліксіздігі кей ата-аналардың кінәсінен емес,
қайта отбасы жағдайының әртүрлі сәттерінің әсер ету жиынтығына
байланысты болып келеді: ол отбасы мүшелерінің санында, мәдени-әлеуметтік
және материалдық жағдай, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастан
бастау алады.Бұлай болудың себептеріне мыналар жатады: олтолық емес
отбасылар, төмен материалдық деңгей, көп балалы отбасылар.
Ал қолайсыз отбасында тәрбиеленіп өскен баланың бұзақы болу
мүмкіндіктерінің жоғары болуы соншалықты, сондай отбасыдан шыққан
кәмелетке толмаған баланың қоғамға қарсы немесе аморальды бағдар ала
алмай, болмаса қылмыстық жолына түспеуі сирек кездесетін жағдайлар [31].
Баланың әлеуметтенуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға уақыт
пен қаражаттың жетіспеуі, тәжірибе немесе қажетті білімнің болмауы
девиантты мінез-құлықты дамытуға және бекітуге ықпал етуі мүмкін. Толық
емес отбасылардағы әлеуметтік орта ең күрделі болып табылады.
Аталған тұжырымды сондай-ақ, мына статистикалық мәліметтерден де
аңғаруға болады. Мәселен, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі
инспекцияларындағы девианттық есепте тұрғандардың 23,5% өз ата-анасымен
тұрса, 36% ата-анасы айырылысқан, 27% туған әкесі болмаса, 25 пайызы тек
өгей әкесі мен анасы болып, олардың тәрбиесін алған [34, 17 б.]
Көптеген толық емес отбасында кәмелет жасқа толмағандарды тәрбиелеу
тек бір ананың немесе әкенің үлесіне тиетін болған соң, тәрбиелеу процесіндегі
барлық ауыртпалықтар соған ғана түседі. Нәтижесінде отбасындағытәрбиелік
шаралар менпедагогикалық талаптардың құлдырауы пайда болады, балаға
деген әлеуметтік бақылау да төмендейді.
Бұл ретте, көп уақытын жұмыста өткізетін, жалғыз басты анары
баротбасы жағдайынан айқын сезіліп тұрады. Анасы жұмыста болған кезде,
балалар үнемі өзімен-өзі қалады. Олай болса, балаға анасының көңіл бөлмеуі,
уақытының аз болуы, уақыты болған күнде, жұмыстан шаршап келуі қатты әсер
етіп, нәтижесінде бала өзіне уақытында қол ұшын созып көмек көрсете алатын
адамды таба алмайтын дәрежеге жетеді. Мұндай отбасында бірте-бірте
анасының балаға деген ықпалы жоғала бастайды, кейін оның жанұядан бөлінуі
басталады.
Рес
ми статистика бойынша,республикамыздағы жасөспірімдер саны орта
есеппен жылына 5 млн.-дай екен. Олардың басым көпшілігі өнеркәсібі, ауыл
шаруашылығы дамыған аумақтарда, ірі сауда орталықтарында, байланыс
жүйелері бар жерлерде. Бұл аймақтарда ірі капитал жұмсалады, инвестиция
құйылады.
43
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылық динамикасындағы теріс
үрдістердің күшеюіне коммерцияландыру мен жоғары бағалаумен елеулі
дәрежеде бос уақытты өткізу уақытының көптеген нысандарының қол
жетімсіздігі, спорт секцияларының,клубтардың, үйірмелердің,музыкалық
мектептердің, отбасылық демалыс үйлері мен жазғы сауықтыру лагерлері
санының қысқаруы ықпал етеді.
Кәмелетке толмағандар бос уақытын ұйымдастыруда нарықтық
қатынастарға көшуге байланысты елеулі қиындықтар туындады. Мәдени-ойын-
сауық іс-шараларына арналған бос бағалар билеттердің бағасының өсуіне және
аз қамтылғандар үшін олардың қолжетімділігіне әкеп соқты. Бұған дейін
үйірмелер, секциялар, балаларға арналған клубтар көп орналасқан және тегін
жұмыс істейтін көптеген үй-жайлар коммерциялық құрылымдарға берілген. Әлі
жұмыс істеп тұрған шағын үйірмелер мен секциялар ақылы болды. Барлық ата-
аналар оларға баруға ақы төлей алмайды. Бұл ретте осы үйірмелер мен
секцияларда жұмыс істеу үшін жоғары ақы жиі жалдау ақысын көтереді.
Кәмелетке
толмағандардың
психикалық
тұрғыда
аномалиясына
байланысты құқық бұзушылықтар жасауы бөлек орын алады. Көп жағдайларда
бұл тұқым қуалаушылық немесе өмір сүрудің қолайсыз жағдайларына
байланысты болып келеді.
Жалпы кәмелет жасқа толмаған қылмыскер – ол қоғамға қарсы мінез-
құлқы, әдеттері қалыптасқан тұлға. Ендеше, кездейсоқ қылмыс жасайтын
кәмелетке тұлғалар өте аз.
Қалған кәмелетке толмағандарға келесідей жағдайлар тән болып келеді.
-
мас күйінде жүру, яғни алкоголь, есірткі заттарына құмар болу;
-
қоғамдық мүліктерге зақым келтіру, азаматтарға себепсіз тиісу,
яғни мінез-құлықтық қабылданған жалпы нормаларын ақтамау;
-
тұрақты түрде өз үйінен қашып шығу, қаңғыбастық;
-
қатыгездік, дөрекілік, зорлық-зомбылық жасауға деген мінез-
құлықтың пайда болуы;
-
әлсіз адамдардан жазасыз тартып алу әдеттері т.б. жатады.
Ал қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарды жын
ысы бойынша
талдайтын болсақ, қылмыстылыққа барған барлық кәмелетке жасына
толмағандардың 90-93%-ы ұлдар екендігін көруге болады
Достарыңызбен бөлісу: |