Ежелгі Египет және қос өзен философиясының мәдениет типі ретінде қалыптасуы. Ежелгі Үнді және Қытай философиясының қалыптасу ерекшілігі. Үнді философиялық ойларының негізгі қағидалары, оның негізгі мектептері мен бағыттары. Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, тұрмыстық-практикалық сипаты, оның негізгі мектептері мен бағыттары.
Әдістемелік ұсыныстар:
Философия тарихын зерттеудің басты мәні - дүниежүзілік философиялық ойлар туралы білім, олардың даму логикасы, мазмұнын түсіну. Әртүрлі мәселелердің қойылу және шешілу жолдарын табу. Үнді мен Қытай философиясының негізгі ерекшеліктерін қарастырып, оған баға беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі шығыс өркениетінің айырықша белгілері неде?
2.Ежелгі Үнділік философиялық ойлардың ерекшелігі?
3.Ежелгі Қытай философиясының әлеуметтік-өнегелік, өмірлік-практикалық күйі.
4.«Европоцентризм» деген ұғым нені білдіреді?
5.Конфуцийшылдық пен легизмнің негізгі қарама-қарсылығы неде?
6.Ежелгі Үнді философиясының діни-мифологиялық бұлағын атаңыз.
7.Буддистік өмірдің принциптерін сіз қалай бағалайсыз?
8.Ежелгі Үнді философиялық ойларының негізгі принциптері, оның негізгі
мектептері мен бағыттары.
9.Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік этикалық көзқарастар.
Баяндама мен рефераттар тақырыбы:
1.Ежелгі шығыс мектептері мен ағымдары.
2.Буддизм – адамгершілік-этикалық ілім.
3.Конфуций іліміндегі ұжым және тұлға мәселелері.
4.Философияның қалыптасуындағы мәдениеттің рөлі.
5.Қытай философиясындағы «ян» және «инь» түсінігінің мәні.
6.Веда мен Упанишадтың негізгі ерекшеліктері
7.Конфуций іліміндегі этиканың рөлі.
8.Қытай философиясындағы «Дао» түсінігінің мәні.
Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу:
1.Антология мировой философии в 4-х т. М.: 1969.
2.Древнеиндийская философия. Сбор. Текстов. М.: 1972.
3.Древнекитайская философия. Сбор. Текстов. М.: 1972.
4.Литература Древнего Востока. Тексты. М.: 1984.
5.Степанянц М. Т. Восточная филосфия. Вводный курс. Избр. Тексты. М.: 1997.
6.Ригведа. М.: 1972.
7.Упанишады в 3 кн. М.: 1992.
8.Шицзин. М.: 1987.
Әдебиеттер тізімі:
1.Алтаев Ж., Қасабек А., Мухамбет-әлi Қ. Философия тарихы. Алматы, 2000.
2.Быков Ф. С. Зарождение политической и философской мысли в Китае. М.: 1966.
3.Дхамманады. М.: 1960.
4.История Китайской философии. М.: 1989.
5.Классическая Йога. М.: 1992.
6.Кішібеков Д.К.,Сыдықов Ұ.Е. Философия. Алматы, 2003.
7.А. Қасабек. Тарихи философиялық таным. Алматы, 2002.
8.Махабхарата. Рамаяна. 1974.
9.Мир философии: Хрестоматия в 2х частях. М.: 1991.
10.Открытие Индии: Философские и этические воззрения в Индии ХХ в. М.: 1985.
11.Радхакришнан С. Индийская философия.в 2х т. М.: 1956.
12.Титаренко М.Л. Древнекитайсий философ Мо Ди, его школа и учения. М.: 1985.
13.Ферктистов В.В. Философские и обшественно-политческие взгляды Сюнь – Цзы.
М.: 1976.
14.Философия (құр. Т.Х.Ғабитов). Алматы. Раритет, 2005.
15.Шуцкий Ю.К. Китайская классическая « Книга перемен» М.: 1960.
16.Ян Хиншун. Материалистическая мысль в Древнем Китае. М.: 1984.
1.2 Антикалық философия
«Antiquus» деген латин сөзi “ежелгi” деген мағына бередi. Антикалық философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. ҮII ғ. соңында ҮI ғ. басында пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды.
Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Әлемнiң қайнар көзi мен негiзi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осыған сәйкес өткеннің, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу, ежелгi грек философиясына тән болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды, ол сенiмге сүйенген табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен философияның арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын әңгiмеледi, ал философия: “Ол неден пайда болды?”- деп сұрады. Әртүрлi дәуiрдiң философтары антикалық философиядан шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты. Гректер «философия» терминiн енгізді, ал адам онда рухани белсендiк типiнiң ерекшелiгiн анықтады.
Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi:
Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл мектептерден тыс тұрған философтар - Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор.
Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi - софистер (Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi.
Эллиндiк кез (б.з.д. IҮ – б.з. Ү ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих).
Антикалық философияның (даму кезеңiне тәуелсiз) негiзгi сипаты - ғарыштық логоцентризм. Логос – ежелгi философияның орталық ұғымы. Гректер ғарышты тәртiпке салынған және антикалық адамды да тәртiпке салынған әрі үйлесiмдi жүйелер деп көрсетедi. Адам бойындағы зұлымдық пен шалалық нақты бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi ретiнде түсiндiрiледi және оны философия көмегiмен толықтыруға болатынына сенедi.
Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы - ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын - физиктер, ал философияны - натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы жөніндегі мәселе қалыптасты. Элеаттардың философиясы бiрте-бiрте натурфилософиялық мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның құрлымы, ойлаудың басты тақырыбы болып қалды. Ертедегi антикалық философияның орталық мәселесi онтология болып, алғашқы ғылыми (мифологиялық емес) дүниеге көзқарастың жиынтығы жасалды.
Көне грекияның атақты философы Фалестiң пiкiрiнше, барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi тас та осының нәтижесi. Әртүрлi, әр алуан әлемнiң сапалық жағдайының мәнi және байланысының айрмашылығы, осыдан алғашқы орынға шығады.
Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таңқалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес: Тiршiлiк мәннiң ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол тумаған. Бәрiнен де әдемi - әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол бәрiн шешедi, - дейдi. Дүниедегi қиын не? – «Өзiңдi тану». Ең оңайы не?- «Басқа бiреуге кеңес беру». Бақытсыздықтан қай кезде құтыласыз? – «Жауыңа сенен де қиын болғанда»1.
Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлдебiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне, осы түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясын оның тереңiрек қарағанын көрсетедi.
Анаксимен – материалист . Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы материядан – ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады. Ауа қозғалыста, шексiз, мәңгiлiк зат.
Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешелiгi мен ең маңызды табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты. Эфестен шыққан Гераклит (б.з.д. 540-460 ж) шындық дүниенiң өзгерiп отыратыны жайында аса ұлы пiкiр айтты: «Дүние дегенiң – аққан су», табиғаттың түп негiзi – от, ол әрдайым өзгередi. Ол қарама-қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды. Бұл заң диалектиканың негiзгi заңы: суық жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл зат құрғайды, құрғақ нәрсе – дымқылданады. Бұлар осы қарама-қарсылар күресiнiң нәтижесi. Барлық әлем әр уақытта ұдайы қозғалыста және өзгерiсте болады. Бiр өзенге екi рет түсе алмайсың, қайтара түскенде онда жаңарған су болады. Қоршаған ортаның салыстырмалығын мойындаған: «Теңiз суы адам үшiн - кiр, балық үшiн – таза». Адам әр жағдайда әртүрлi жақсы да, жаман да амал жасайды. Табиғаттағы осындай қарама-қарсы және мәңгi болып тұратын байланысты ол жалпыға бiрдей «логос» заңдылығы деп атады. Демек, «логос» - әлемдiк ақыл-ой. Қоршаған ортаны сезiм арқылы тану дұрыс деп есептедi.
Пифагор (б.з.д.584-500 ж) ежелгi грек философы әрі математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi - сан деп есептеген. Барлық қоршаған шындықты таңбалап санға теңедi. «Санның арқасында өлшеуге және тануға да болады», - дейдi. Категорияларды бөлiп көрсету арқылы әлемнiң бiрлiгiнiң диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол, әйел мен еркек, т.б.) көрсеттi. Бiрлiк барлық өте ұқсастықтың бөлiгi, ол иррационалдық сандар туралы ғылымның негiзiн қалады, математиканың дамуына елеулi үлес қосты. Оңтүстiк Италияда Пифагор одақ құрып сан мистикасы, сфералардың ғарыштық гармониясы iлiмдерiн таратты. Ол жанның өлмей көшетiнiне сендi, бұл кейiн неоплатонизмде қайтып жаңғыртылды.
Элеаттар – Элей философия мектебi б.з.д. VI–V ғғ – ежелгi Элейде, қазiргi Италия территориясында өмiр сүрдi. Өкiлдерi: Парменид, Зенон Элейский, Мелисс Самосский.
Элейден шыққан ойшылардың жаңалығы мынада: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзiндiк философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «биболмыс», «ойлау»), диалектикалық тәсiлдi енгiзу мен пайдалану арқылы философияда дәлелдеудiң қажеттiлiгiн және оның тәсiлдерiн қолдануды (абсурдқа әкелу принципi) мойындау.
Парменид – бiрiншi болып «болмыс» түсiнiгiн еңгiздi. Оның пiкірiнше дүниеде тек бiр ғана болмыс бар. «Болмыс бар, биболмыс – жоқ». Биболмысты тану немесе ол туралы пiкiр айту мүмкiн емес. Сондықтан, әлем болмыспен тығыз және үздiксiз толтырылған. Сезiмдiк қабылдау нағыз бiлiмдi бермейдi. Тек философиялық ақыл-ойға салу арқылы ақиқатқа жетуге болады. Элеаттар тану мәселелерiнде, сезiмдiк таным («докса» – пiкiр) және идеалдың жоғарғы рухани таным деп қатал түрде бөледі. Бұл монизмдi жақтаушылар – көпшiлiк құбылысты бiрлiк бастамадан шығарады. Барлық материалдық тiршiлiктiң көрнiсi - идея екенін айтып, олар идеализмнiң алғашқы хабаршысы болды.
Егер Парменид философиялық тезистердi дәлелдесе, оның ізбасары Зенонның дәлелдеу әдiсi – жағымсыз жағдайды дәлелдеу. Парменидтің “Қайшылық заңына” ол “Үшiншiнi жоққа шығару” заңын қосты. Зенонның “Ахилес”, “Дихотомия”, “Жебе”, “Стадион” т.б. апориялары философия ұрпақтары мен көпшiлiк үшiн алынбас қамал болды. Зенонның апориялары өзiндiк заңдылықтың күш-қуатын бекiтетiн тәжiрибе деректерiне күмән келтiретiн, логос позициясын күшейтуге бағытталған. Зенонды Аристотель «диалектиканың атасы» деп атады (қарсылас пiкiрiн терiске шығаратын диалогты пайдалануға байланысты).
Зенонның “Ахилл және Тасбақа” апориясындағы (апория – түсiнiксiз қайшылық) алғашқы шарт. Ахилл мен Тасбақа бiр-бiрiнен А мен А2 аралығындағы қашықтағы жол бойында тұр. Олар бiр кезде бiр бағытқа қарай қозғалады. Ахилл барлық күшiн салып жүгiредi, ал тасбақа болса, бауырлап жылжиды.
Тезис: Ахилл ешқашанда Тасбақаны қуып жете алмайды.
Дәлелдеу: Тасбақаны қуып жету үшiн Ахилл алдымен қозғалыс басталардағы бөлiп тұрған А2 аралықты жүгiрiп өтуi керек. Осы уақытта тасбақа да А2 ден А3 аралығын өтедi. Демек, ендi Ахилл тасбақаны қуып жету үшiн тағы да А аралығын жүгiрiп өту керек, т.т. Себебi кеңiстiктегi жол шексiздiкке дейiн бөлiнедi, онда Ахилл мен Тасбақа арасында азда болса аралық қалып отырады, оны Ахилл жүгiрiп өтуi керек.
Қорытынды: Ахилл ешқашан да Тасбақаны қуып жете алмайды. Кеңiстiкте шексiз бөлiнетiн немесе бөлiнбейтiн интервалдардың (аралықтар) өмiр сүруi мүмкiн болса, онда қозғалыстың болмайтындығы туралы тұжырым жасауға болады.
Зенонның пайымдауы бойынша кеңiстiк өзiнiң құрлымы бойынша шексiз (континуальдық) немесе оның бiр шекке (дискреттiк) дейiн бөлiнетiн және одан ары ұсаққа бөленбейтiн интервалдары бар. Егер кеңiстiк белгiлi бiр шекке дейiн бөлiнетiн болса, онда жебе туралы апория қолданылады.
Ұшып бара жатқан жебе t1 уақыт сәтiнде кеңiстiкте белгiлi интервалда орын алады: 3 тен 8 ге дейiн. Қозғалыс – бұл кеңiстiктегi орын ауыстыру, демек жебе жылжиды, олай болса келесi сәтiнде уақыт t2, ол басқа кеңiстiктiң интервалында орналасады: 4-тен 9-ға дейiн. Әрбiр кеңiстiктегi интервал бөлiнбейдi: жебе онда толық орналасады немесе орналаспайды, жарым-жартылай орналасуы мүмкiн емес. Демек, жебе аралықтың бiр бөлiгiн, 8-9 өтуi мүмкiн емес, бұл аралық бөлiнбейдi. Онда уақыт t кезiнде жебе қозғалыссыз 3-8 аралықта, ал уақыт t΄ кезiнде қозғалыссыз 4-9 аралығында болады.
Қорытынды: Ешқандай қозғалыс жоқ, тек кеңiстiктiң әртүрлi аралығында қозғалыссыз орналасу бар.
Эмпедокл (б.з.д. 490-430 ж .ж.) Агригент қаласы Сицилия аралында өмір сүрді. Материалистік бағытты ұстады. Дүниенің бастауы –төрт элемент немесе стихия: жер, су, ауа, от және оларды қосатын әрі ажыратын екі қарама-қарсы күштерден тұрады деді.
Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Тазару».
Анаксагор ( шамамен б.з.д.500-428ж. ж.) - Афинаның алғашқы философы. Өзінің гомеометрия туралы ілімімен белгілі болған. Гомеметрия («заттардың ұрықтары») мен Нус (ақыл) әртүрлі мөлшерде арласып барлық заттар мен құбылыстардың сапасының алуан түрлігін құрап, бір жөнге (тәртіпке) келу арқылы айкындалады. Оның «бәріне - бәрі» деген тезисі гомеометрияның барлық әлем дүниесінде белгілі дәрежеге ие болуын көрсетеді.
Ежелгi Грециядағы материалистiк бағыт кейiнгi кезеңде Демокриттiң (б.з.д. 460-370 жылдар шамасы) философиясынан толығырақ көрiндi. Демокриттiң көзқарасы бойынша, нақты дүниенi, негiзгi кеңiстiктi толтырып тұратын атомдар. Олар табиғаттың бөлiнбейтiн және мәңгi өмiр сүретiн ең кiшi бөлшектерi. Олар сапа жағынан емес, саны, түрi, формасы, ретi, тәртiбi немесе орналасуы және көлемi жағынан бiр-бiрiнен өзгеше келедi. Осыған байланысты денелер белгiлi бiр сапаға, қасиетке ие болады, жылы не суық, ауыр не жеңiл, қатты не жұмсақ болып келедi. Атомдар мәңгi қозғалыста болады да, бiр-бiрiмен соқтығысып шағысып жатады. Бәрi де үнемi өзгеру үстiнде болады, бәрi де заңды түрде және қажетiне қарай өтедi. Демокрит табиғат пен қоғам құбылыстарын детерминизм (барлық заттар мен құбылыстардың заңды, себептi-шартты байланысы туралы iлiм) принципi негiзiнде дәлелдейдi.
Классикалық кезең. (Б.з.д. V ғ.). Классикалық кезең тақырыбы – адамның мәнi, оны танудың ерекшелiгi, философиялық бiлiмнiң синтезi, әмбебабтық философияны құру. Атап айтқанда осы кезде таза идеялық, теориялық философия қалыптасты және оның бiлiмiнiң түрі басқаларға қарағанда алғашқы болды. Теориялық философия қағидасының негiзiнде құрылған классикалық кезеңнiң негiзгi проблемалары: онтология, антропология, гносеология.
Сократ (б.з.д. 469-339 жж.) туралы Аристотель мен Платонның айтуы бойынша бiлемiз. Сократ әлем құрлымын, заттардың (физикалық) табиғатын танып бiлуге болмайды, тек өзiмiздi ғана бiлуiмiз мүмкiн дейдi. Мұны “өзiңдi танып бiл” формуласы түрiнде өрнектедi. Бiлiм дегенiмiз - ой, жалпы туралы ұғым. Ұғым - анықтау арқылы айқындалып, индукция арқылы жалпыланады.
Сократтың басты мақсаты – жастарды өз философиясы арқылы тәртiптi өмiр сүруге баулу. Көбiнесе пiкiр таласы және өз айтыстарымен шұғылданған. “Менiң бiлетiнiм – еш нәрсе бiлмейтiнiм” – дейдi ол. Сократ этика саласында өнегелiктi ақиқат және даналықпен теңестiрдi. Тек ақылды адам ғана өнегелi, себебi ол iзгiлiктiң, жақсы мен жаманның не екенiн бiледi. Әсiресе Сократ үш iзгiлiктi бағалайды: сабырлылық - сабырлы адам құмарлықты қалай басуды бiледi; батылдық - батыл адам қиындықты қалай жеңудi бiледi; әдiлеттiлiк - әдiл адам адамдық пен құдайлық заңдарды қалай ұстауды бiледi. Сократтың ойынша даналық тек қана “мейiрбан адамдарға” ғана тән.
Платон (б.з.д. 428-347 ж.ж). Ежелгі Грецияның ұлы ойшылы. Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi.
Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Олар мәңгiлiк нәрселер, “сезiмдiк заттар” дүниесi дегенiмiз - идеялардың көмескi бейнелерi. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана болады.
Платон философиясында таза ақыл ойдың пайдасы үшін сезімді жоққа шығару бар, алғашқысы тек парасатта қамтылады. Дүниенің бастауы - идея немесе эйдостар, олар заттардың бейнесі болып келеді. Платонның кезінде «идея» сөзі күнделікті тілде «сыртқы кейіпі, көрініс, сапа, бейне, түр» дегенді білдірді. Платон идеялары шын мәнісінде адамның басынан бөлініп шыққан және идеялар дүниесінде дербес өмір сүретін объективтендірілген ұғымдар. Әрбір заттың өзіндік нұсқасы (эталоны) бар, ол соған сәйкестелініп жасалады. Мысалы, үстел идеясы нақты үстелді тұдырады. Бірақ затпенен оның бейнесі арасында принципті айырмашылығы бар. Нақты зат шектелген, ол идея (эйдос) – мәңгі бұзылмайды. Осындай нұсқа (эталон) ретінде этикалық принциптер- игілік, жақсылық, сұлулық және әділеттік болып саналады.
Сұлулық идеясы барлық заттарға сұлулықты береді, басқаша айтқанда ол ңұсқа (эталон) немесе гректер көп қолданатын парадигма.
Идея қай жерде орналасқан? Осыған байланысты үш негізгі жауаптың болуы мүмкін:
идея физикалық заттарда бар;
идея адам ақылының туындысы, яғни ол адам санасында орналасқан;
идея заттарда да, адам ақылында да емес, үшінші бір дүниеде орналасқан деп, ол оны Гиперуранций (тура мағынасында аспанның арғы жағында) деп атайды.
Платонның ұлылығы: ол өз ілімін өткендегі философияның барлық материалына сүйеніп жасады. Платон осы дүниеде «бәрі ағады және өзгереді» деп, Гераклитпен келіседі, бірақ идея дүниесі өзгермейді. Платон өз әрекетін Сократтың: «адамды жақсы ететін – игілік» - деген сеніміне негіздеп отырды. Жеке адам игілігі ме, жоқ әлде ұлт, тап, немесе идея ретіндегі игілік жоғарғы ма? Сократтың жалпы адамзаттық мәніндегі игілік туралы түсінігінен шығып, Платон игілік идеясы ең жоғарғы дәрежеде тұратын «идеялар әлемін» жасады. Осы тұрғыда Платон шын мәнісінде Сократ ілімін жалғастырушысы болды.
Гераклит пен Сократтан басқа, Демокриттің: «барлық зат ең кіші бөлінбейтін бөлшек атомнан тұрады» - деген көзқарасын (Демокрит атомды «идея» сөзімен белгілеген), Пифагордың барлық зат негізінде сан жатыр деген, Анаксагордың гомеометрия «заттардың ұрықтары») туралы ілімдерін пайдаланып, ежелгі Грек философиясын терең әрі жан-жақты талдап біріктірді.
Платон Демокриттің өлшемі, тек ауырлығы бар және ақылда ғана берілетін идея-атом түсінігінің қайшылығын жойды. Ол идеяны сезімдік қасиеттерден арылтты, ал сезімдік дүниені, мәңгі қалыптасу жолында болғандықтан, шынайы болмысы жоқ деп мойындады.
Платонға «идеялар әлемінің» қажеті мынада: біріншіден, «бәрі ағады және бәрі өзгереді» яғни, дүниедегі заттарды тану мүмкіндігін негіздеу үшін; екіншіден, Сократтың барлық адамдар бір ойға келеді деген сенімін түсіндіру үшін – идеялар шын мәнісінде бәріміз үшін бірдей, яғни бір аймақта орналасқан, адамдар оларды содан алады; үшіншіден, оның ілімі сезімнен жоғарғы идеялдық,, дүниеге көкейтесті талпынысымен (платоникалық махаббат) және шындықта мүмкіндігінше идеялдың толық бейнесін жасау ұмтылысымен сипатталады.
Платонның ойынша нағыз шын бiлiм - сезiмнен тыс мәңгiлiк идеялар әлемi туралы бiлiм. Оны табудың жолы - адамның мәңгiлiк жанының өлетiн денеге кiрмей тұрғандағы идеялар дүниесiндегi «Өмiрiн еске түсiруi». Жалпы ұғымдардың жаратылысын зерттей отырып, ол сезiм арқылы таныпбiлудiң, бақылаудың, тәжірибенiң рөлiн кемсiтуге тырысты, олар бiзге ақиқатты бере алмайды деп мәлiмдедi. Сонымен, танымның нақты процесi Платонда бұрмаланған түрде болып шықты. Бiрақ «идеялардың» бағыныштылық байланысын, бiр-бiрiне өтiп отыруын зерттеп ол диалектиканы, ғылыми теорияны дамытуға өте үлкен үлес қосты.
Платон болмыс деп идеяны, ал материяны биболмыс деп, диалектик ретiнде ешқандай абсолют қарама-қарсылықсыз толық болмайтынын көрсетеді. Сондықтан, болмыс биболмыспен толтырылады. Осылайша “идея әлемi” және “заттар әлемi” қарама-қарсы қойылады.
Платон “Тимей” диалогында ғарыш теориясын дамытты. Физикалық әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш әлемi мынандай кестеде берiледi: үлгi (идеялар әлемі), көшiрме (физикалық әлем) және Жаратушы (Демиург). Ғарышты Демиург жасайды. Ол-үлгіге сәйкес көшірменің авторы. Демиург әлемдік жанды жасайды, ғарышқа тiршiлiктiң ерекше-нысанын бередi. Ғарыш құрылымында құдiреттi ақыл-ойды, әлемдiк жан мен әлемдiк дененi қамтитын тiрi, жарасымды дүние ретiнде көрiнедi.
Платон әлеуметтiк философия саласында мiнсiз мемлекет iлiмiмен белгiлi. Бұл мемлекетте азаматтарды үшке бөледi: билеушi философтар, жауынгер әскерлер және қолөнершiлер. Мемлекет дәрежесiнiң биiктiгi - оны данышпандар билегенде көрiнедi, әскерлер оны қорғайды, ал басқалары материалдық игiлiктi жасаумен шұғылдануы керек. Мемлекеттiң негiзiнде - әдiлдiк жатыр. Әдiлдiк дегенiмiз - әрбiр адамның заңды түрде өз мiндетiн тыңғылықты орындауы
Платон ашқан алғашқы философия мектебі мың жылдай өмір сүрді. Оны Академия деп атады. Оның негiзгi еңбектерi: “Мемлекет”, “Теэтет”, “Федон”, «Протогор», «Пир», «Софист», т.б.
Аристотель (б.з.д. 384–322 жж.) Стагирда туған. Афинада «Лицей» (перипатетикалық ) мектебін (б.д.д. 335-322ж) ашты, ол бір мезгілде оқу мекемесі әрі ғылыми одақ болды. Аристотельдің шығармашылығы жан-жақты. Ол табиғаттану ғылымы мен, поэтикамен, мемлекет құру мәселелерімен айналысты, логика мен психологияның негізін жасады. Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды. Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi.
Аристотельдiң философияға кiргiзген жаңалықтары: дұрыс ойлау заңдары мен түрлерi туралы формальды логиканы жасауы. Ғылыми бiлiм жалпыны оқу, яғни сезiммен қабылдаудан емес, оймен дәлелдеуден басталады деп, дәлелдеу туралы iлiмдi еңгiздi. Ол бiлiм деректерiн жинап қорытындылаудан, индукциядан дедукцияға өтуден туатынын көрсеттi.
Барлық ғылымды мына топтарға бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық. Теориялық ғылымдарда таным тек танымның өзі үшін жүргізіледі, оған «алғашқы философия» (метафизика), математика, физика жатады. «Алғашқы философия» болмыс мәселелерін, барлық өмір сүрудің пайда болуын, әртүрлі құбылыстырдың себептерін анықтайды. Математика – реалдық заттардың абстракті қасиеттерін зеттейді.
Практикалық этика ғылымы - адамның тәртібі, саясат - мемлекет құрылымына арналған басқарушы идеяларды береді.
Шығармашылық ғылымдар жаңашыл іс-әрекеттермен байланысты: поэтика – өлең шығару теориясы, риторика – шешендік өнер және мамандық өнер теориясы. Мұнда танымнан пайда табу және сұлулықты жасау мақсаты жүргізіледі.
Аристотель өзінің таным тұралы ілімінде Платонның генетика тұрғысында заттардан бұрын туатын «мәңгі идея» концепсиясына үзілді-кесілді қарсы шықты. Танымның реалды жолы түйсіктен (сезінуден) басталады, одан кейін есте сақтаумен күшейтілген елестету, тәжірибе, өнер мен ғылым жүреді. Ғылыми таным (эпистема), Аристотель түсінігінше, таным процесінің шыңы болып есептеледі.
Материалистік және идеалистік көзқарастардың қақтығысы, оның себептілік концепциясында да көрінеді. Ол себептіліктің төрт негізгі түрлерін ажыратады: материалдық, формальдік, белсенді және соңғы (мақсаттылық). Материалдық себеп ─ ең алғашқы сипатында берілген, осы ретте ол потенциялды (мүмкіндгі бар) себепке ұқсас. Формальдық себеп─материядан «ақиқат реалдықты» жасайтын белсенді принцип «түрмен» байланысты. Белсенді себеп қозғалыстың бастауы және мүмкіндіктің шындыққа өту процесімен де байланысты. Жоғарғы деңгейге ол мақсаттылық (соңғы) себепті қояды, ол қозғалыстың мақсаты мен мәнін түсіндіреді. Өмір сүруді түсіну және түсіндіру үшін барлық себеп түрлерін тану керек. Бірақ олардың маңызы бірдей емес. Формальдық себептер түсінігі, материалдық себепті танудан қажеттірек – мұндай қорытынды Аристотельдің пассивті материя және белсенді форма ілімінен шығады. Мақсаттылық (соңғы) себепке берілген орын – оның теологияға ауысуы. Бұл дамудың аяқталу, мақсаттың орындалуының тану мүмкіндігін көрсетеді, оны Аристотель энтелехия ұғымымен белгілейді.
Болмыс іліміне Аристотельдің қосқан маңызды идеясы: нақты болмысты форма, бейне арқылы тануға болады және осылайша ол адамға көрінеді әрі қалыптасады. Аристотель Платонның жан өлмейді идеясына қарсы болды және барлық табиғаттың (материалдық дүниенің) жаны бар дегенді жоққа шығарды. Ол жан тек тірі дүниеге тән деп санады.
«Өсімдік жаны» ─ өсу, тамақтану және өну себеперіне жауап береді, «сезімдік (жануар) жан» тамақтану, өну, сезіну және қажет ету қызметтеріне жауапты, «ақылды (адам) жан» аталған қызметтерге қоса таным және ойлану қызметтерін орындайды. Жанның тәнге қатынасы─орманың материяға қатынасына сәйкес келеді» ─ деді, ол.
Аристотель «Категориялар» трактатында алғашқы болып философияның категориялық аппаратын жүйеге келтірді. Олардың өзара байланысын, диалектикалық қатынасын табуға ұмтылды. Мұнда ол мән, сапа, сан, қатынас, орын, уақыт, келпі, иемдену, әрекет, күйзелу категорияларын зерттейді. Негізгі логикалық заңдарды құрастырды: қарсылыққа түспеу, тепе-теңділік, үшінші ойдан қашу». Қозғалыстың әртүрлi алты сапалық сипатын көрсетті:1) пайда болу;2)жоғалу; 3) бiр күйден екiншi күйге ауысу; 4) үлкею; 5) кiшiрею; 6) орнын ауыстыру. Сөйтiп, қозғалыстың мазмұнын зерттеуде алға қадам жасалды. Алғашқы болып категориялар (жалпы ұғымдар) жүйесiн жасады. Ол енді Коперникке дейiн үстем болған геоцентристiк iлiмдi жасады.
Негiзгi еңбектерi: «Жан туралы», «Физика», «Метафизика», «Категориялар».
Эллиндiк дәуiр (б.з.д. IV ғ аяғы – б.з. V ғ.) ең ұзақ уақытты алып жатыр. Эллиндiк деп атауға сол кездегi ең кең аймаққа тараған (Жерорта Теңiзi, Таяу Шығыс, Солтүстiк Африка), басқалармен салыстырғанда өте жоғары саналатын грек мәдениетінiң элементтерi, Рим жаулаған тайпалар мен халықтардың тұрмысына және әдет-ғұрпына белсендi түрде ене бастауы. Римнiң өзi де эллиндiкке айнала бастады. Оның себебi, грек пен латын мифологиясы мен дiнiнiң ұқсастығы зор едi. Жаңа эллиндiк дүниеде жүздеген алуан түрлi тайпалар мен халықтардың дәстүрi, дiнi, наным, табыну салты, көптеген тiлдер араласып кеттi, осының салдарынан ежелгi грек тәртiбi өзiнiң ерекшiлiгiн жоғалтып, көлеңкеде қалды.
Бұл кезеңнiң негiзгi тақырыбы - ырық, бостандық, мораль және сүйiспеншiлiк; бақыт және өмiрдiң мәнi, ғарыштың құрылымы, адам мен әлемнiң мистикалық әрекеттестiк өзара қатынасы болды. Эллинизм негiзiнде аксиология мен праксеология мәселелерiн қарастырады, ал философияның орталық мәселесi ─ этика болды. Философияның мақсаты ─ көбiне дұрыс әрекет арқылы бақытқа жетуi болып түсiнiлдi. Адамдардың араласуы, өзiнiң кiм екенiн және әлемдегi орнының бар екенiн бiлудi қажет еттi. Этикалық мәселелер сондықтан, табиғат iлiмiмен байланысты талданылады.
Эллинизм дәуiрiнде философиялық ойлар негiзiнде көп мектептер мен бағыттар пайда болды. Олар:
Эпикуризм (Эпикур, Лукреций Кар);
Стоицизм (Зенон Стоик, Сенека, Марк Аврелий);
Скептицизм (Пиррон, Секст Эмпирик);
Кинизм (Диоген Синопский, Антисфен, Кратет);
Неоплатонизм (Плотин, Профирий, Ямвлик, Прокл);
Эпикуризмнiң негiзiн салушы ─ Эпикур (б.з.д 341-270 жж.) аса көрнектi философ-материалист, Демокриттің атом теориясын жасаудағы iзбасары бола тұрып, оны толық мойындамады. Эпикурмеизмнiң ең iрi өкiлi ─ Тит Лукреций Кар (б.з.д. 99-55 жж.), римдiк философ, әрi ақын, “Заттардың табиғаты туралы” поэманың авторы. Онда ол атомизм идеясын насихаттап, эпикуризмдi эллиндiк дәуiрдiң атомизмi ретiнде сипаттады.
Эпикур б.з.д. 306 ж. Афинде “Эпикур бақшасы” деген атпен белгiлi мектеп ашты. Оның философиясы сол кездегi философияның барлық бөлiгiн қамтыды. Оның ұраны: ”Көзге көрiнбей өмiр сүр” болды. Онтологияда атом туралы iлiмдi ары қарай дамытты. Атомның саны шексiз, ал олардың түрiнiң саны шектi, дегенмен көз жетпес болады. Атом тек түрiмен, көлемiмен, орнымен ғана емес, салмағымен де өзгеше болады. Төмен әртүрлi жылдамдықпен құлдырап, бiр-бiрiне соғысып, түзу жолдан ауытқиды. Содан өмiрге жаңа заттар келедi деп, ол Демокритiң қатаң детерминистiк (себептiк) iлiмiнен, тағдырға мойынсұнудан құтылады. Дүниеде өмiр сүретiн заттар пайда болады және қирайды, бiрақ атомдар мәңгi, әрi өзгермейдi.
Эпикур таным туралы iлiмiнде сенсуалистiк көзқараста болды. Ол сенсуалистiк көзқарасқа, сондай-ақ дәйiктi атеизмге сүйене отырып, өзiнiң этикасын жасады. Оның аты этика iлiмiн жасаумен шықты. Оның ойынша философияның мақсаты ─ адам бақыты. Адамның мiнез-құлқы жөнiндегi қағидалар, оның өмiрден ләззат алуға деген табиғи шабытының негiзi болуға тиiс. Бұл рухтың тәуелсiздiгi мен тыныштығын қажет етедi, өлiм қорқынышы мен құдайдың күшiн жеңудің шарты. Таным процесiнде адам қорқыныштан құтылып ләззатқа, бақытқа жетедi. Философияның мәнi ─ табиғатты, қоғамды адам дүниедегі заңдылықты ақыл арқылы түсіну. Ақылға сай өмiр сүру дегенiмiз ─ әдептiлiк пен әдiлдiк. Басты мәселе, қайғыдан құтылу. Дене ләззатына шексiз берiлу, ауру мен азапқа алып келедi. Өмiрдiң мақсаты ─ рухтың алаңсыздығы, дененiң саулығы, сондықтан рахатқа бату бiрқалыпты болу керек. Әлемдi ақылмен тану – бақыт көзi, оның басты мәселесi – адам өзiн, өзiнiң жанын белгiлi бiр принциптермен қайта құруы.
Стоицизм - өте ұзақ тарихы бар антикалық мектеп. Бұл мектептiң негiзiн Зенон Китион салды. Алғашқы кезде Зенон өзiнiң мектебi үшiн портик (үй алдына тiреумен көтерiп қойған, қабырғасыз төбелi қалқа - гр. стоя) жалдап, Афинде жақтастарын жинады. Стоиктердiң арасында Рим қоғамының әртүрлi тобының өкiлдерi болды. Рим стоицизмiнiң ең көрнектi ойшылары: Луций Анней Сенека және Марк Аврелий. Сенеканың көптеген еңбектерi ұзақ сақталған. Оның “Нравственные письма к Луцилию” және император Марк Аврелийдiң “Наедине с собой” шығармалары бізге белгiлi.
Сенека, император Неронның тәрбиешiсi. Ол адамгершiлiктi насихаттайды. Қоғамдық өмiрде қайыспауды, тек өзiңнiң рухани күйiне көңiл аударуға шақырады. Өмiр сүрудiң мәнi ─ тыныштық пен пайымдау арқылы пайда болатынын көрсетедi. Адамзаттың дамуының шексiз мүмкiндiгiне сенедi. Ол мәдениет пен техниканың даму барысын болжай бiлдi. Алдымен iзгiлiктi, дiни көзқарастарды паш етiп, адамның осалдықтарына iлтипатпен және төзiмдiлiкпен қарауға шақырды. Стоиктердiң идеалы: адамның өмiрi және iшкi жан-күйi сыртқы жағдайларға байланысты болмауы керек, яғни тағдырға сенiп, адамгершiлiк пен әдiлеттiкке жеткен данышпан болу. Мысалы, Сократтың өмiрi.
Стоиктер танымның көзi ─ түйсiк дейдi. Олар бiздiң жадымызда жиналады. Түйсiк пен қабылдау да, оларды салыстыра отырып, объектiлердiң айырмашылығының белгiлерiн бөлемiз, одан түсiнiк құрастырылады. Сондықтан түсiнiк жалпы өзiнше ақылдан тыс өмiр сүрмейдi, тек жеке заттарда өмiр сүредi. Стоицизм эллиндiк кезеңдегi философияның дамуында өте зор рөл атқарды. Оның кейбiр идеялары неоплатонизмге ендi, стоицизм христиан философиясына, соңынан орта ғасырлық мұсылман философиясының қалыптасуына әсер еттi. Жаңа дәуiр философтары: Декарт, Спиноза және ХХ ғасыр өкiлi ─ Делез олардың iлiмiне көп көңiл аударды.
Скептицизм ─ Эллинизмдегi тағы бiр философиялық бағыт. Философиялық тұрғыдан стоицизм мен скептицизм бiр-бiрiмен жалғасып жатыр. Олардың мәнi – дүние танудағы бiршама мүмкiндiкке күмәндану. “Скептицизм” терминi ежелгi гректiң “скепсис” деген сөзiнен шыққан. Ол “ойлау, талдау, тербелу” ретiнде аударылады. Скептицизмде – әмбебаптық күмәндану ─ негiзгi философиялық қағида, яғни қандай да болмасын бiлiмнiң анық еместiгi туралы идеяны жүргiзедi.
Пиррон өзiнен бұрынғы данышпандардың көзқарастарын талдай келiп, дүниенiң пайда болуы мен мәнiн әртүрлi түсiндiредi. Олай болса, олардың бiреуiн жақтау қиын. Қандай да зат “осы” болса, “осы еместен” артық болмайды. Сондықтан Пиррон: «дүние туралы ешбiр пiкiр айтпауымыз керек» - дейдi. Толық сабырлылық, қызықпаушылық, алаңсыздықты (атараксия) сақтап, бақытты болуға шақырады. Пиррон ең соңында: “Сен, Пиррон өлдiң бе?”- деген сауалға “Бiлмеймiн” деп жауап бередi. Секст Эмпириктiң пiкiрiнше: скептицизмнiң идеалы ─ теориялық пiкiрден бас тарту, ал практикада мүмкiндiгiнше ақыл-ой мен әдеп-ғұрыпқа сүйенiп iс-әрекет жасау.
Скептицизм орта ғасырлық кезде ұмытылып, тек ХVI-ХVII ғасырларда еуропалық философияда “жаңа пирронизм” ретiнде қайта туды. Схоластикалық және догматикалық әдiстердi сынауда ерекше мәнге ие болды, соңынан скептицизм Юм философиясының негiзiне айналып, Кант агностицизмi мен позитивизмге әсер еттi.
Кинизм философиясы атауын Афин төбешегiнде орналасқан “Киносарг” (“қырағы төбет” немесе “ақ төбет” деген гимнасийден алады, онда алғашқы киниктер (кюнокс – ит) шұғылданды (осыдан кинизм –“ит философиясы”, “ит мектебi” латын тiлiнде), бұл мектептiң iзбасарларын – супiсi – циниктер деп атады. Мектептiң негiзiн салған Антисфен (б.з.д. 444-368 жж.) ол алдымен софист Горийден, кейiннен Сократтан дәрiс алды. Олар даңқты және байлықты ең соңғы моральдық iс-әрекет ретiнде қабылдамайды және “рахаттың өзiн рахаттанып жек көрген”, бiлiмдiлiк пен тәрбиенi де жаратпады. Ол космополитизмдi патриотизмнен жоғары қоя отырып, “әлем азаматы” идеясын ұсынды.
Синоптан шыққан кинизмнің ең әйгiлi өкiлi Диоген: “Қауымсыз, үйсiз, отансыз” өмiр сүрудi өзiне мақтаныш тұтып, iс-әрекетiнде қолданды. Афинге келген Александр Македонский Диогенмен кездесуге тiлек бiлдiредi. Ол алаңда еш жанға көңiл бөлмей, демалып жатқан Диогенге: “Не сұраймын десең өз еркiң”- дейдi. Ол оған: “Маған күндi көлеңкелемей, әрi тұр”- деп жауап береді. Бұған «патша егер мен Александр болмасам, Диоген болар едiм»,- дейдi. Ол тал түсте тобыр арасында қолына шам ұстап “адам iздеп жүрмiн” деген тезисiмен, ешқандай өркениеттi мойындамай, бөшке iшiнде өмiр сүруiмен белгiлi.
Кинизмнiң басты мәселесi – философиялық терең теорияны жасау емес, қоғамға жат құбылыс – жалғыздық, жоқшылық, қаңғыру секiлдi ерекше өмiр бейнесiн философия арқылы негiздеу және өз әрекетi арқылы тексеру. Кинизм стоиктердiң этикасына, материалдық игiлiктерден бас тартуына ықпал жасады. Христиандық идеал – аскетизм де киниктердiң өмiр сүруiнiң негiзiнде қалыптасты.
Неоплатонизм – Платон идеяларының негiзiнде дүниеге келген философиялық бағыт. Негiзiн салушы Плотин, ежелгi римнiң идеалист-философы. Ол Платонның сезiмдiк, денелiк әлемдi қабылдауды сезiмнен тыс нақтылыққа қарсы қоюына сүйендi. Бiрақ Плотин болмыстың жоғарғы сатысы, оның негiзi идея емес, бiртұтас Игiлiк дедi. Оны ол Күнмен теңестiредi. Одан күн секiлдi жарық шығады, яғни эманация (сәуле, шашу, өту) туады, одан Болмыс Ақыл (нус) идеяларының мазмұны пайда болды. Осылайша Ақыл бiр жағынан - көптiк, барлық идеялардың көптеген мазмұны бар, екiншi жағынан - бiртұтас.
Ақыл уақыттан тыс өмiр сүредi. Ол өзiн өзi таниды, ой мазмұны - идеяларды жасайды. Бұл процесс жалпы идеялардан басталады (болмыс, қозғалыс және тыныштық, сәйкестiк және айырмашылық), бұлардан басқалар пайда болады. Ақыл барлық заттардың алғашқы бейнесi. Ақылдың эманациясы (өтуi) өз кезегiнде әлемдiк жанның пайда болуына алып келедi. Ол барлық Рухтанған iзгiлiктiң бейнесi, қозғалыстағы ғарышты жасайды. Материя болмыстың ең төменгi сатысы – ол өмiрсiз және әрекетсiз, бiрақ ол барлық идеалдықтың түрi мен мәнiн “қабылдайды”. Адамның мiндетi – болмыс иерархиясындағы өзiнiң орнын ұғыну, жоғары шығуға әрекет жасап көру. Жан-Ақыл-Бiртұтастық алыстағы шама, кейiннен олар сезiм-ой-экстазға (желiгу, шабыттануға) сәйкес болады.
Плотин философиясында болмыс құрылымы емес, әдiстемелiк идеалары жемiстi болды. Неоплатонизм идеялары христиандық философияға әсерінің нәтижесiнде ұзақ өмiр сүрiп келдi. Бұл философия осылайша антикалық философияның аяғы және еуропалық орта ғасырдағы дiннiң бастамасы болды.
Семинар сабағының жоспары:
Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі және пайда болуы. Космоцентризм.
Ежелгі Гректің Сократқа дейінгі философиялық бағыттары мен мектептері.
Ежелгі Грек философиясының классикалық кезеңі.
Антикалық философияның эллиндік-римдікдәуірі. Эллиндік-римдік философия-
ның негізгі мектептері.
Әдістемелік ұсыныстар:
Антикалық философия көбінесе космоцентризмге негізделген, алғашқы көзқарастары материалистік және идеалистік болып бөлініп, милет пен элеат мектебін құрды. Бұл Сократқа дейінгі кезең, ал Сократтан кейінгі кезеңге Аристотель, Платон, т. б. жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Көне Грек философиясы: ойшылдары мен негізгі мектептері.
2.Философияның тарихи түрлері, олардың әлеуметтік жағдайлары мен байланысы.
3.Көне Грек материалистері.
4.Көне Грециядағы идеалистік философияның өкілдері.
5.Аристотель қай ілімнің негізгі заңдарын жасады.
6.Ежелгі Грециядағы диалектикалық ілімнің қалыптасуы (Гераклит, Элей мектебі, софистер).
7.Ежелгі Рим философиясы: дәстүрі және жаңа идеялардың мектептері мен
ойшылдары.
Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы.
1.Ежелгі Грек философиясындағы космоцентризм және оның бағыттары.
2. Антикалық философияның эллиндік-римдік дәуірі. Эллиндік-римдік
философияның негізгі мектептері.
3.Антикалық философияның өзіндік ерекшелігі. Ежелгі Грек философиясының
негізгі бағыттары мен мектептері.
4.Антика философиясы. Негізг идеялар мен мектептер (Гераклит, Сократ, Демокрит,
Платон, Аристотель,т.б.).
5.Сократ философиясындағы адам мәселесі.
6.Аристотель - антикалық философияны жүйеге келтіруші.
7.Зенон апориясы және қозғалысты тану мәселесі.
8.Платон еңбегінің философияны зерттеушілер үшін мәні.
9.Ежелдгі грек философиясындағы болмыс мәселесінің шешілуі (Пифагор,
Парменид, Демокрит, Аристотель).
Достарыңызбен бөлісу: |