Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



бет2/2
Дата23.06.2022
өлшемі25,28 Kb.
#147028
1   2
Байланысты:
Айниязова Ж.З

Социология” термині — екі сөзден құралған: латынның socіetas – қоғам, гректің logos — сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен тұрады. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда социология “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да социология пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды. Дін социологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестердің арқасында бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың негізін қалаушылар О.Конт, К.Маркс, Э.Дюркгейм, Б.Малиновский. Бұл ғалымдары діни мәселелерді зерттеудің әдіс-тәсілдерін қалыптастырған.
Жоғарыда келтірілген дін социологиясының негізін салғандардың еңбектері оның кейінгі барлық дамуын, зерттеудің негізгі бағыттарын, проблематикасын, методологиясын анықтады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дін социологиясы жеке пән ретінде қалыптасты. Социология дінді қоғамға қатынасында қарастырады, оның қоғамдық өмірді ұйымдастырумен байланысы тұрғысынан талдайды. Бұл байланыс екі жақты болады. Қоғамның дінге әсер етуі қалай бағаланып, түсіндірілмесін, социология мұндай әсер ету фактісін мойындамай отыра алмайды. Діннің әлеуметтік тәртіптің құрылуындағы, оны ұстап тұру мен өзгерісіндегі, тұлғаның іс әрекетінің қалыптасуындағы рөліне баға беру мен түсіндіру әр түрлі болуы мүмкін, алайда дәл діннің қоғамда қызмет етуі социологиялық талдаудың басты пәнін құрайды.
Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін — одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам, мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.
Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.
Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден діннің қызметі кез келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен арақатынасы белгіленуі керек. “Қоғам” ұғымы қатаң социологиялық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінде көрінеді. Егер Вебермен келісе отырып қоғамды индивидтердің әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда ол олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі. Индивид әрекетті бастама ретінде көреді, әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады. Мәдениет болса, мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді, ол индивидке сырттан берілгендей болады. Осы тұрғыда дін, адамның әрекеті және әлеуметтік феномен болады. Яғни, қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы, одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті түрдегі қарсы тұратын секілді. Дін бұл тұрғыда мәдениет түсінігімен арақатынасын белгілейді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде “дін және қоғам” мәселесі көбінесе “дін мен мәдениеттің” бір бөлігі болып табылады.
Кейінгі кездері Қазақстанда дін саласы өзекті мәселеге айналды. Жалпы, тарихты − халық рухы десек, дін − оның алтын бесігі десе болады. Ғасырлар бойы өзінің діни жоралғыларын, өз ұлтының әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен ұштастырып, бір Аллаға деген сеніміне селкеу түсірмей келген қазақ жұрты бүгінде діни тұрғыдан ала-құлалыққа ұшырауы не себеп? Кеңес дәуірінің құрамында жетпіс жыл бойы дінге шектеу қойылып, атейстік ұстанымды қазақ халқына сіңдірді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары өзінің діні мен діліне қол жеткізді. Сонымен қатар түрлі діни ағымдардың қазақ жеріне кіріп жұмыс жасауы, өз дінінен ұлттық ұстанымынан айырыла бастаған қазақ қоғамы үшін түрлі діни ағымдардың үгіт насихат, уағыздары әсер етпей қоймады.
Осының салдарынан исламдық, христиандық бағыттағы түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардың еркін түрде жұмыс жасауы, уақыт өте келе діни алауыздық пен түсініспеушілікке алып келді.
Діни мәселелерді реттеу үшін Қазақстан Республикасында 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң» қайта қаралып, заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Осы заң бойынша көптеген діни бірлестіктер біршама реттеліп, заң шеңберінде жұмыс жасауда.
Қорытындылай келе қоғамдағы түрлі кереғар діни ағымдардан тұрғындарды сақтандыру, алдын-алу, мемлекеттің тұтастығын сақтау маңызды мәселе, діннің тұтастығы — елдің тұтастығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет