Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


еруді жүзеге асыру жолдары



Pdf көрінісі
бет262/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

еруді жүзеге асыру жолдары 
 
Кәсіби бағдар беруді жүзеге асыру жолдары: 

Кәсіби ақпараттандыру – әртүрлі аймақтағы топтарды қазіргі заманғы 
өндіріс түрлерімен, еңбек нарығының жағдайымен, кәсіби нарықтың даму 
перспективалары және мазмұндарымен таныстыру. Оларды меңгерудің 
формалары және шарттары, мамандықтар бойынша адамдар талабы, мамандық 
аясында кәсіби біліктіліктің өсуі және еңбек ету барысында өзін-өзі дамытудың 
мүмкіндіктерімен таныстыру.
 

Кәсіби кеңес – тәрбиеленушілерге психологиялық ерекшеліктері мен 
мүмкіндіктеріне және қоғам қажеттілігіне сай мамандықты дұрыс таңдауға 
көмек беру.
 

Мамандықты таңдау – мамандықтардың мүмкін бағыттары туралы 
ұсыныстарын тәрбиеленушілерге ұсыну. 
 
Әртүрлі бағытта жұмыс жасауда кәсіптік бағдар жұмысының әдістері мен 
формаларының шеңбері анықталады: кәсіп туралы әңгімелер; кәсіпорындарға 
саяхат; сауалнама жүргізу; тесттер (кәсіптік икемділіктерді диагностикалау 
үшін); тәрбиеленушілердің реферат жазуы; олармен бірге әртүрлі ойындарды 
(дебат, пікірталас және т.б.) өткізу.
 
Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің 
алғашқы баспалдағы – жалпы орта білім беретін мектептер.
Жалпы орта білім беретін мектептерде ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар 
және мамандық тандау жұмысын кезеңдерге бөлуге болады (79-сурет).
Кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысының кезеңдері: 
Бірінші кезең
– І-ІV сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар. Бұл кезеңде 
бастауыш сыныптағы тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және қабілетін толық 
білу негізінде кәсіптік бағдардың алғашқы қарапайым жұмыстары жүргізіледі. 
Негізгі мақсат – бастауыш сыныптағы тәрбиеленушілерді кәсіп пен мамандық 
жөнінде хабардар ету.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет