Сурет-82. «Отбасы» ұғымының мәні Отбасы тәрбиесінің ықпалды болуы төмендегідей факторларға тікелей байланысты: 1) отбасының әлеуметтік құндылығына;
2) балаға ересектер тарапынан қойылатын тәрбиелік талаптың бірлігіне;
3) отбасы ішіндегі қарым-қатынастың салиқалы болуына;
4) отбасылық дәстүрлердің қоғамдық талаптармен ұштасуына;
5) отбасындағы еңбекке деген қатынасқа;
6) отбасындағы эмоциялық ахуалға.
Отбасының белгілері: 1)
отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әртүрлі жастағы және әртүрлі
құқылы адамдардан біріккен ұжым;
2)
оларды ерлі-зайыптылық, ата-аналық міндеттері байланыстырып
тұрады;