Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН



Pdf көрінісі
бет369/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН ОРЫНДАЙТЫН 
ЖҰМЫСТАРЫНА (СӨЖ) ТАПСЫРМАЛАР
 
1.
Қосымша әдебиеттерді зерделеп, «тәрбиелік жүйе», «тәрбиелік 
процесс», «тәрбие жұмысы» ұғымдарына берілген барлық анықтамаларды 
көшіріп жазу, өз анықтамаңызды беруге талаптаныңыз. 
2.
Тәрбиелік жүйенің құрылымы мен қағидаларына сипаттама беріңіз. 
3.
И.П.Иванов, 
А.С.Макаренко, 
Л.Н.Новикова, 
В.А.Караковский, 
Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелерін салыстыру және талдау. 
4.
Мектептің тәрбиелік жүйесін мысалға келтіріп, олар үшін не ортақ 
екендігін анықтау. 
5.
Басылым беттерін оқып, мына сұраққа жауап беріңіз: технология және 
тұлға, олардың қандай мәселелері бар және оны қалай шешуге болады? 
6.
Жеке сыныптың қоғамдық ауқымының картасын жасап, мұндағы 
доминанттық элементтерді ерекшелеңіз. 
7.
Жеке сыныптағы балалар қарым-қатынасының психологиялық 
жағдайын байқау және талдау негізінде өзіңіздің пікіріңізді білдіріңіз. 
8.
Жеке сыныптың психологиялық жағдайын байқау негізінде балалар 
қарым-қатынасының құндылықтарын нақтылаңыз. 
9.
Оқушылардың әртүрлі 
категорияларымен жүргізілетін 
тәрбие 
жұмыстарында педагогикалық қолдаудың өзіндік өзгешелігі бар екендігін 
дәлелдеңіз. 
10.
«Қиын балаларға» қатысты педагогикалық қолдаудың ерекшеліктерін 
айқындаңыз. 
11.
«Қиын балалармен» тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін 
құрастырыңыз. 
12.
«Дарынды» балалармен тәрбие жұмысының технологиялық карта 
үлгісін құрастырыңыз. 
13.
ҚР-дағы білім беруді ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізінде 
белгілі бір кезеңге жас ерекшелігіне сәйкес сыныптағы тәрбие жұмыстарының 
мазмұнын құрастыру. 
14.
Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша тәрбиелік іс-шаралар үлгісінен 
педагогикалық картотека жасау. 
15.
Тәрбиелік іс-шаралардың әдістемелік жобасын мақсатты жоспарлау 
және дайындау, практикалық сабақта оны өткізу, талдау және өзіндік талдау 
жасау. 
16.
Педагогтың тәрбие жұмысында пайдаланатын диагностика әдістеріне 
сипаттама беру. 
17.
Психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерден 
оқушының 
тәрбиелілігінің әртүрлі жақтарын зерттеу әдістемесін таңдау «өз қалауыңыз 
бойынша), оның көмегімен адам тұлғасының (курстастың, ағаның, әкпенің, 
достың, т.б.) сол тәрбиелік жағынан қалыптасуының диагностикасын келтіріңіз. 


318
18.
Тұлға тәрбиесінің табиғи және әлеуметтік негіздері мен даму 
тетіктерінің өзара байланысын тәрбие жұмысында ескеру туралы сынып 
оқушысының ата-анасына «таңдау бойынша» ұсынатын баяндама жасау. 
19.
Өзіңізге таныс педагогикалық жағдаятты оның нәтижелігі тұрғысынан 
талқылаңыз 
(тәрбиенің 
нәтижелілігін 
анықтауға 
мүмкіндік 
беретін 
көрсеткіштер мен өлшемдерге назар аудару). 
20.
Базалық мектепке барып, тәрбиелік әс-шараларға қатысыңыз және оған 
тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру мен реттеу тұрғысынан талдау 
жасаңыз. 
21.
Байқау негізінде сынып жетекшісі өзінің тәрбие жұмысындағы 
қолданатын әдіс-тәсілдерін талдаңыз. 
22.
Педагогикалық технология педагогтың кәсіби шеберлігінің құрамы 
ретінде» тақырыбында баяндама дайындау. 
23.
Сынып жетекшінің тәрбиелік іс-әрекетінің технологиялық картасын 
құрастырыңыз. 
24.
Бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданып (байқау, әңгімелесу және т.б.) оқушы 
отбасындағы қоғамдық ауқымның динамикасын көрсетіңіз, мұндағы ерекше 
элементтерді атаңыз. 
25.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, уақыт өлшемін белгілеп 
тәрбие жұмысының жоспарын жасаңыз. Мұндай жоспарлауда қандай 
ұстанымдарға сүйену қажет екендігін нақтылаңыз. 


319


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет