Еңбеккебаулудан нұсқау беруші Лауазымдық міндеттері: еңбекке баулу және тәрбиелеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен басқа да оқу материалдарын құрастырады.
Жазғы маусымда қоғамға пайдалы өнімді еңбекті және оқушылар бірлестігінің еңбек жұмыстарын ұйымдастырады. Оқушылардың техникалық шығармашылыққа, ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытады. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізеді.
Оқу шеберханаларын техникалық құрал-жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады; олардың сақталуына және үнемді пайдаланылуына жауап береді. Станоктарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, құрылғыларды жөндеуді жүзеге асырады немесе жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.
Білім алушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін орындауын қамтамасыз етеді, оқу процесі кезінде балалардың денсаулығы мен өміріне жауапты болады. Дәрігер келгенге дейінгі көмекті көрсетеді. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысады.