Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, білім беру ұйымдарындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдардағы басшы қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Оқу-әдістемелік бірлестігі басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Қызметтің жетекшілік ететін бағыттарына сәйкес әдістемелік жұмысты тікелей басқаруды жүзеге асырады.
Әдістемелік кеңестің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу жөнінде ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша, қазіргі заманғы оқыту технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыруды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады.
Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық және дипломдық жобалар, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қорытындылайды.
Білім беру ұйымдары оқытушыларының республикада және шет елдерде ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді.
Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |