Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі орта буын маманы біліктілігімен және аталған лауазымдағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы немесе бейіні бойынша өндірістік өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Жатақхана тәрбиешісі Лауазымдық міндеттері: Сыныптан тыс тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарын жатақхана өткізеді және ұйымдастырады. Жатақхананың жалпы тәрбиелеу процесінде педагогтік талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Дене тәрбиесі процесінің, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесі жұмысының дамуын үйлестіру жөнінде, білім алушыларға салауатты өмір салтының ережелерін енгізу жөнінде жұмысты жүзеге асырады.
Бала құқығын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Сыныптан тыс жатақханаларға қатысты оқу-материалдық базаларды нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Ата-аналармен немесе қамқоршылармен қарым-қатынасты үзбей жалғастырады. Білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді.
Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарын, педагогика және психология негіздері, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.09.06. № 241 Бұйрығымен 4-бөлімі өзгертілді (бұр.ред.қара)