Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы


Қосымша білім беру ұйымы директорының орынбасары



бет63/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Қосымша білім беру ұйымы директорының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжым қызметін ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы жөніндегі педагогикалық қызметкерлердің жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді. Ұйымдағы білім беру және тәрбие үрдістерінің сапасына білім алушылардың оқу дайындығы нәтижелерін, үйірмелер, секциялар, клубтар мен факультативтер жұмыстарын бағалау объективтілігіне бақылауды жүзеге асырады. Инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді. Емтихандарды, конкурстарды, жарыстарды дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
Білім алушылар мен қызметкерлерге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу сабақтарының кестесін жасайды. Белгіленген есеп құжаттамаларын уақытылы жасауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Оқу кабинеттерін, бөлмелерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуіне басшылық жасайды. Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 568 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2475 болып тіркелген «Балаларды сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қосымша білім беру бағыттары мен перспективасын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, физиология мен гигиена негіздерін, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызметтер туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе басшылық қызметте еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет