Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 Бұйрығы



бет81/128
Дата08.02.2022
өлшемі193,45 Kb.
#98158
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128
Байланысты:
Pedagog-kyzmetkerler-men-olarga-tenestirilgen-tulgalardyn-lauazymdarynyn-ulgilik-biliktilik-sipattamalaryn-bekitu-turaly (1)

Білім беру ұйымының зертханашысы
(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)
Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.
Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды. Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.
Білуге міндетті: «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін; пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды; зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын; дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді; еңбек туралы заңнамалар; қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары білімі;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім;
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологияларын, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және зертханашы лауазымында жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; шығармашылық семинарларды басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және зертханашы лауазымында жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білімі және бейіні бойынша зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және зертханашы лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ зертханашыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі; сонымен қатар, жеке оқыту мен тәрбие берудің технологияларын, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі; білім беру ұйымдары шеңберіндегі әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты зертханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі; сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жас ерекшелігіне қарай тәрбие беру әдістемесін өз бетімен әзірлей білуі; шығармашылық семинарларды басқара білуі; диагностикалық жұмыстардың ұйымдастырылған нысандарын білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі, тәрбие әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі; әдістемелік нұсқаулар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы озық педагогикалық тәжірибелерді таратуы; білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес.
Ескерту: Жалпы орта білімі бар зертханашы техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі бар санаты жоқ зертханашы лауазымынан бір санатқа төменге жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет