(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының атауы) Кітап _______________ жылы басталды
Кітап _____________ жылы аяқталды
Ескерту: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бұйрықтарын тіркеу кітабы (бұдан әрі – Кітап) негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша және білім алушылардың қозғалысы бойынша жүргізіледі.
№ р/с
Бұйрық №
Шығару күні
Бұйрықтың атауы
Кім қол қойды (Т.А.Ә, (болған жағдайда)), лауазымы
Кітап әр беті нөмірленеді, тігіледі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының қолымен және ұйымның мөрімен бекітіледі.
Нысан
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім алушылардың атаулы кітабы ________________________________________________________ (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының атауы) _________________________________________________________ Басталды 20___ ж.
Аяқталды 20___ ж.
Білім алушылардың атаулы кітаптағы №
Білім алушылардың контингенті туралы бұйрық кітабы бойынша №
Ескертпе:
1. Білім алушылардың атаулы кітабы білім алушылардың жеке құрамын есепке алуға арналған қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Білім алушылардың атаулы кітабы білім алушылардың контингенті бойынша статистикалық және қаржылық есептілікті жасауға негіз болады.
2. Білім алушылардың атаулы кітабын білім беру ұйымы басшысының қадағалауымен директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары толтырады.
3. Білім алушылардың атаулы кітабы тігілуі, нөмірленуі, мөрмен және білім беру ұйымының басшысының қолымен бекітілуі тиіс.
4. Білім алушылардың атаулы кітабы үнемі білім беру ұйымында сақталады.
5. Білім алушылардың атаулы кітабы қатаң түрде бұйрыққа сәйкес толтырылады.
6. Күндізгі, сырттай және кешкі бөлімдерде білім алушылардың контингенті үшін Білім алушылардың атаулы кітабы жеке толтырылады.
7. Білім алушыларды қабылдау аяқталған соң шектемелік сызба сызылады және "20___ ж. ________ ________ (жазумен) білім алушы адам қабылданды" деген жазба жазылып, білім беру ұйымы басшысының, басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары мен бухгалтердің қолымен және мөрмен бекітіледі.
8. Білім алушылардың атаулы кітаптары анық, ұқыпты, тазартусыз және түзетулерсіз толтырылуы тиіс; жіберілген қателер басшы мен бухгалтердің қолы қойылған түсіндірмемен қате жазбаны және түзету жазбасын сызып тастау арқылы түзетілуі тиіс.
9. Білім алушылардың атаулы кітабын бөлімдерге бөлу, беттер мен жолдарды, оның ішінде оқуға қабылданған білім алушы мен қорытынды сызба арасында бос жол қалдыруға рұқсат етілмейді. Кітапта әр білім алушыны жазу үшін екі қатар жол беріледі.
10. Атаулы кітапқа білім беру ұйымына оқу жылының басында немесе ортасында қабылданғанына қарамастан, барлық білім алушылар енгізіледі.