Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



бет3/5
Дата13.08.2017
өлшемі0,67 Mb.
#23648
1   2   3   4   5




Базалық және кәсіптік құзыреттер

Модульдің атауы

Модульдің қысқаша шолуы

Оқытудың нәтижелері және бағалау өлшемдері

Жалпы гуманитарлық модульдер

БҚ 1. Кәсіптік қызмет аясында қатынасу үшін қазақ/орыс/шетел тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түсу дағдыларын қолдану

ЖГМ 01. Кәсіптік қазақ/орыс тілі

Осы модуль қазақ/орыс тілінде ауызша және жазбаша қатынасуға және кәсіптік қызмет аясында қолдануға қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар іскери қазақ/орыс тілінің және кәсіптік лексика негіздерін меңгеруі қажет.

Модульді игеру барысында білім алушылар кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқуға және аударуға (сөздікпен) қажетті қазақ/орыс тілінің лексикалық (1200 -1400 лексикалық бірлік) және грамматикалық минимумына ие болуы тиіс.


Оқыту нәтижесі: 1) Кәсіптік қызмет аясында қатынасу үшін қазақ/орыс тілінің терминологиясын білу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Мамандық бойынша кәсіптік тілдесуге қажетті лексикалық-грамматикалық материалды біледі.

  2. Мамандық бойынша терминологияны біледі.

Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасын игеру.

Бағалау өлшемдері:

  1. Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқи алады және аудара алады (сөздікпен).

Оқыту нәтижесі 3) Монолог және диалог жүргізе алу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Жағдайға байланысты қисынды әрі ретімен сөйлей алады.

  2. Кәсіптік тілдесу барысында диалог жүргізе алады.

ЖГМ 02. Кәсіптік шетел тілі

Осы модуль өзінің кәсіптік қызметі саласында шетел тілінде тілдесуге қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар іскери шетел тілінің және кәсіптік лексика негіздерін меңгеруі қажет.

Модульді игеру барысында білім алушылар: кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқуы және аударуы (сөздікпен); кәсіптік тілдесу үдерісінде монолог және диалог жүргізуі тиіс.


Оқыту нәтижесі: 1) Өз кәсіптік қызметі аясында тілдесу үшін шет тілі терминологиясын білу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Мамандық бойынша кәсіптік тілдесуге қажетті лексикалық-грамматикалық материалды біледі.

  2. Мамандық бойынша терминологияны біледі

Оқыту нәтижесі: 2) Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару (сөздікпен) техникасын білу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқи алады және аудара алады (сөздікпен).

Оқыту нәтижесі: 3) Монолог және диалог жүргізе алу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Жағдайға байланысты қисынды әрі ретімен сөйлей алады.

  2. Кәсіптік тілдесу үдерісінде диалог жүргізе алады.

БҚ 2. Физикалық жетілу,салауатты өмір салты қағидаттарын және жұмысқа қабілеттілікті сақтау ептілігі мен дағдыларына ие болу

ЖГМ 03. Дене тәрбиесі

Осы модуль дене мүмкіндіктерін және олармен байланысты қабілеттерді жетілдіру үшін қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; физикалық және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздерін; салауатты өмір салты негіздерін меңгеруі қажет.



Модульді игеру барысында білім алушылар: қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын үнемі жетілдіру жағдайында денсаулықты нығайту; кәсіптік маңызды физикалық және психомоторлық қабілеттерді дамыту; өзін өзі бақылау және организмнің функционалды жағдайына бағалау дағдыларына ие болуы тиіс.


Оқыту нәтижесі: 1) Дене шынықтыру-спорт ісін денсаулықты нығайту үшін және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау үшін қолдану.

Бағалау өлшемдері:

  1. Салауатты өмір салтының негіздері мен мәдениетін, денсаулықты нығайту мен сақтау, дене бітімін дамыту мен жетілдіру туралы біледі.

  2. Бұлшық етке күш салу барысында тыныс алу жүйелері, қан айналымы және энергиямен қамтамасыз ету негіздерін біледі.

  3. Жалпы дене даярлығы бойынша жаттығулар кешенін орындай алады.

  4. Күнделікті өмірде салауатты өмір салты мәдениетін қолданады.

Оқыту нәтижесі: 2) Дене бітімі мен психофизикалық мүмкіндіктерді дамыту және жетілдіру үшін дене тәрбиесі құралдарын қолдану.

Бағалау өлшемдері:

  1. Командалық спорттық ойындардың ережелерін біледі.

  2. Дене жүктемесі мен оны реттеу тәсілдері негіздерін біледі.

  3. Жаттығу орындау техникасын біледі.

  4. Оқу ойынында оқыған ойын тәсілдері мен жеке тактикалық міндеттерді қолданады.

  5. Бағдарламада ескерілген бақылау нормативтері мен тесттерін орындайды.

Оқыту нәтижесі: 3) Дене тәрбиесі, қозғалыс белсенділігі икемдері мен дағдылары жүйесін білу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Дене тәрбиесінің негізгі қағидаттарын біледі.

  2. Дене жаттығуларын орындау кезінде организмнің физиологиялық ерекшеліктерін біледі.

  3. Дене жаттығуларын орындағанда организмнің функционалдық жағдайын бақылап, реттей алады.

Оқыту нәтижесі: 4) Жарақат алғанда және қайғылы оқиғалар орын алғанда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету.




  1. Жаттығу жасау барысындағы жарақаттардың пайда болу себептерін, жарақат алмау тәсілдерін біледі.

  2. Жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсете алады.

БҚ 3. Қазақ халқының тарихын, әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның рөлі мен орнын түсіну

ЖГМ 04. Қазақстан тарихы

Осы модуль ұлттық сананы дамытуға, ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін орын алған тарихи оқиғалардың мәні мен заңдылықтарын түсінуге қажетті білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды сипаттайды.

Модульді игеру нәтижесінде білім алушылар: Қазақстан тарихының негізгі тарихи кезеңдерінің хронологиялық шекаралары және қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін; көшпелі өркениеттің рөлі мен маңызы, әлемдік өркениетке қосқан үлесін; Қазақстанның Ресей империясына қосылу, Ресей империясының Қазақстанды басып алу және отарлау себептері мен салдарларын; Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы этно-демографиялық жағдай, шет елдерде қазақ диаспорасының құрылуын; ұлт-азаттық көтерілістердің және қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресінің тарихы: себебі, барысы, 18-19 ғасырдағы ірі ұлт-азаттық көтерілістердің салдарларын; 20-ғасырдың басы мен кейінгі кезеңдердегі Қазақстанның саяси партияларының мәнін; 1986 жылы Алматы және Қазақстанның қалаларында болған желтоқсан қозғалысының себебі, барысы және салдарларын; тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасындағы саяси және қоғамдық өзгерістерін; тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін меңгеруі қажет.



Оқыту нәтижесі: 1) Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін білу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Қазақстан тарихының және тәуелсіздігі қалыптасуының негізгі кезеңдерін біледі.

  2. Қазақ халқының жалпытүрік қоғамдағы, көшпелі өркениет жүйесіндегі, Еуразия әлемі халықтарының тарихи-мәдени қауымдастығының дамуындағы рөлі мен орнын аша біледі.

  3. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси және қоғамдық өзгерістердің мәні мен бағытын түсінеді.

  4. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін біледі.

Оқыту нәтижесі: 2) Қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға тырысу.

Бағалау өлшемдері:

  1. Адамның моральдық және рухани қасиеттеріне негізделетін рухани құндылықтардың мәні мен мазмұнын түсінеді.

  2. Қазақ халқының, сонымен қатар Қазақстанда тұрып жатқан басқа да ұлттардың мәдени дәстүрлерін біледі.

Оқыту нәтижесі: 3) Тарихи оқиғалардың себеп-салдар байланысын анықтау

Бағалау өлшемдері:

  1. Қазақстан тарихының толыққандылығы мен жүйелілігін көрсететін және сипаттайтын фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды біледі.

  2. Тарихи дереккөздермен жұмыс жасай алады.

Жалпы кәсіптік модульдер

БҚ 5. Өсімдік жасушалары құрылысының негіздерін, ядро мен жасушаның бөліну тәсілдерін, жарық микроскопының құрылысын және онымен жұмыс істеу қағидаларын білу

ЖКМ 01. Ботаника және өсімдіктердің физиологиясы негіздері

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: ядро мен жасушаның бөлінуі; протопласт туындылары; органография және өсімдіктердің көбеюі; репродуктивті органдар; гүл; тозаңдандыру; ұрықтандыру; тұқым морфологиясы; құрғақ және шырынды жемістер; өсімдіктердің көбеюі; өсімдіктерді топтастыру; төменгі сатыдағы өсімдіктер; топтастыруға енгізу; бактериялар, вирустар және фагтар; саңырауқұлақтар, шараналы саңырауқұлақтар, қыналар, балдырлар; бөлімдер; өсімдіктердің, өсімдік жасушаларының физиологиясы; фотосинтез; өсімдіктердің тынысы, өсімдіктердің су режимі; өсімдіктер онтогенезі; өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі; микроағзалардың биологиясы мен физиологиясы.


Оқыту нәтижесі: 1) Өсімдіктер дүниесінің құрылысы негіздерін білу.

Бағалау өлшемдері:

1.Өсімдік түрлерін, көбею және молаю түсініктерін, олардың адамның шаруашылық қызметіндегі маңызын біледі.

2. Флора, өсімдік, фитоценоз, агрфитоценоз, флора дүниесі, ендік және бойлық аймақ, экологиялық факторлар түсініктерін, олардың өсімдіктердің тіршілігіне әсерін біледі.

3. Әр түрлі өсімдіктердің ерекшеліктерін, дақылдық жабайы және арам шөпті өсімдіктерді айыра алады.


Оқыту нәтижесі: 2) Өсімдіктердің топтастырылуы мен өсімдіктердің физиологиясын білу. 

Бағалау өлшемдері:

  1. Өсімдіктердің жүйелі және морфологиялық сипаттамаларын анықтауышпен жұмыс істей алады, уақытша микропрепараттар дайындай алады.

2. Микропрепараттарда қосымша жасуша өнімдерін айыра алады, өсімдік тіндерінің өзара байланысын мысалмен көрсете алады.

3.Өсімдіктердің физиологиясын, фотосинтезді, өсімдіктер тынысын, өсімдіктердің су режимін, өсімдіктер қорегінің физиологиялық негіздерін біледі. 



БҚ 6. Агроөнеркәсіп менеджментінің мәні мен халық шаруашылығындағы маңызын түсіну

ЖКМ 02. Аграрлық менеджмент және маркетинг негіздері

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: агроөнеркәсіп кешенін басқарудың қағидаттары, әдістері және функциялары; менеджмент басқару туралы ғылым ретінде; агроөнеркәсіп менеджментінің мәні мен халық шаруашылығындағы маңызы; өндірісті басқарудың экономикалық әдістері; жаңа ауыл шаруашылығы құрылымдарын басқарудың әдістері мен ұйымдастыру жүйесі; қоғамдық өндіріс тиімділігінің теориялық негіздері; нарықтық экономика талаптарына ауысу жағдайындағы агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу; маркетингтің мәні мен ерекшеліктері; жоспарлау стратегиясы мен маркетингті бақылау.



Оқыту нәтижесі: 1) Менеджментті басқару туралы ғылым ретінде білу.

Бағалау өлшемдері:

1. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы менеджментің қызмет саласын; менеджмент деңгейлерін; менеджемент функцияларын; менеджменттің қазіргі заманғы мәселелерін біледі.

2. Агроөнеркәсіптіктік менеджмент жүйесінің стандартты моделі құрылысының схемасын біледі.

3. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына ішкі фактор әсерлерін талдай алады.


Оқыту нәтижесі: 2) Үлестіру және тауар қозғалысын ұйымдастыруды, нарық мәнін, қазіргі маркетингтің теориясын және мәнін түсіну.

Бағалау өлшемдері:

1. Маркетингтің әлеуметтік негіздерін; тауар, нарық туралы түсінікті; маркетингті басқаруды біледі.

2. Өндіріс пен тауарларды жетілдіру тұжырымдамасының сипаттамасын құрастыра алады.

3. Жағдайлық міндеттерді қолдана отырып бәсекелестік ортаны, жеткізушілерді зерттей алады.


БҚ 7. Ауыл шаруашылығы үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстарды және олармен күресу әдістерін білу

ЖКМ 03. Агрометеоро-логия

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: атмосфера және оның қасиеттері; өсімдік және күн радиациясы; ауа және топырақ температурасы; атмосфера мен топырақтағы су; жел; ауа райы және оны болжау; ауыл шаруашылығы үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстар және олармен күресу әдістері; агрометеорологиялық болжам; агрометеорологиялық болжам әдістері.


Оқыту нәтижесі: 1) Атмосфера және оның қасиеттері

Бағалау өлшемдері:

1. Атмосфераның  негізгі қасиеттерін және

қауіпті метеорологиялық құбылыстарды анықтай алады.

2.Ауыл шаруашылығындағы метеорологиялық құбылыстармен күресу әдістерін біледі. 


Оқыту нәтижесі: 2) Агрометеорологиялық болжам.

Бағалау өлшемдері:

1. Ауыл шаруашылығын  агрометеорологиялық болжаммен қамтамасыз ете алады.

2. Ауа және топырақ температурасын есептей алады. 

БҚ 8. Суару туралы жалпы мәліметтерді және суармалы суды атмосфералық және топырақ ылғалына айналдыру процесін меңгеру.

ЖКМ 04. Ауыл шаруашылы-ғы мелиорация-сы

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: суару туралы жалпы мәліметтер; суаратын суды атмосфералық және топырақ ылғалына айналдыру процесі; топырақ ылғалын жасанды ұлғайту; ылғалдың қоршаған ортаға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне әсері; суару режимі және оның элементтері; суару нормалары мен суару мерзімі; гидромодуль және суару кестелері; суару әдісі мен оның түрлері; тамшылап суару туралы жалпы мәліметтер; инъекциялық суару туралы жалпы мәліметтер; инъекциялық суару кезінде негізгі элементтер мен жабдықтың орналасуы.

Оқыту нәтижесі: 1) Мелиорация.

Бағалау өлшемдері:

1.Суару түрлерін және тамшылап суару жүйесінің негізгі элементтерін біледі.

2. Тамшылап суару әдістері мен ерекшеліктерін біледі.



Оқыту нәтижесі: 2) Мелиорацияның қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі.

Бағалау өлшемдері:

1.Тамшылап  және инъекциялық суару режимі мен технологиясын анықтай алады .

2.Инъекциялық суару ерекшеліктерін біледі.

БҚ 9. Кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларды сақтау

ЖКМ 05. Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде меңгеруі тиіс: кәсіпорындарда дұрыс және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, апаттардың, жарылыстардың және өрттің алдын алу, сонымен қатар тиісті санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және кәсіптік сырқаттар мен уланулардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жүйесі туралы; табиғи ресурстар мен жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану; атмофераны қорғау және тиімді пайдалану; атмосфераның адам өмірі үшін маңызы, атмосфераның табиғи және жасанды жолмен ластануы; ластану түрлері, атмосфераның ластануының салдары, атмосфералық ауаны қорғау және тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралар.


Оқыту нәтижесі: 1) Тіршілік қызметінің қауіпсіздігі туралы білімді меңгеру.

Бағалау өлшемдері:

1.Кәсіпорында  еңбекті қорғау нормативтері мен техникалық негіздерін біледі .

2.Қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын бақылай алады.  



Оқыту нәтижесі: 2) Практикалық қызметтің теориялық білімін қолдану.

Бағалау өлшемдері:

1.Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құжаттамамен жұмыстарды орындайды.

2. Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың жоспарын жасай алады.



Оқыту нәтижесі: 3) Еңбекті қорғау ережелерін орындау.

Бағалау өлшемдері:

1.Жеке қорғану құралдарын қолданады.

2. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсете алады.



Оқыту нәтижесі: 4) Қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын, табиғатты пайдалану нормалары мен қағидаларын біледі.

Бағалау өлшемдері:

1.Денсаулыққа әсер ететін экологиялық факторларды зерттеу әдістерін біледі .

2.Қоршаған ортаның жай-күйі мен сапасын бағалау үшін қоршаған орта сапасының нормативтерін қолдана алады.



Оқыту нәтижесі: 5) Жер қойнауы мен атмосфераның адам өмірі үшін маңызы .

Бағалау өлшемдері:

1.Экожүйенің функцияларын, табиғи және антропогенді өзгерістерін түсіндіре алады.

2.Атмосфералық ауаны тазарту және табиғи ресурстар мен жер қойнауын қорғау бойынша іс-шараларды құрастыра алады .



БҚ 10. Ауыл шаруашылығы өндірісін

механикаландыру және автоматтандыру негіздерін білу.



ЖКМ 06. Өндірістік процестерді механикалан-дыру

Осы модуль жұмыс нәтижелілігін, агрегат­тардың жиынтықталуын, ауылшаруашылық агрегаттарының өнімділігін сипаттайды.

Білім алушылар модульді оқыту кезінде меңгеруі тиіс: өндірістік операциялар және ауылшар­уашылық дақылдарының өнімділігі, ауыл­шаруашылық агрегаттарының жал­пы жіктелуі, ауылшар­уашылық машиналарының пайдалану көрсет­кіштері және қасиеттері; агрега­ттардың жұмыс режимдері мен қозғалыс жылдамдығы; агрегаттардың өнім­ділігін анықтау.

Білім алушылардың төмендегілерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстарды орындауы маңызды:

машина-трактор агрегаттарын жиынтықтау негіздері,

өндіріс­тік процестерді механикалан­дыру және автомат­тандыру.


Оқыту нәтижесі: 1) Машина-трактор агрегаттарын жиынтықтау негіздері.

Бағалау өлшемдері:

1. Машиналардың ауыл шаруашылығында қолданылу жағдайлары мен ерекшеліктерін біледі.

2. Өндірістік операцияларды және олардың жіктелуін біледі.

3.Технологиялық операциялардың сапасына және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне ықпал ететін негізгі факторларды біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Өндіріс­тік процестерді автомат­тандыру және механикаландыру.

Бағалау өлшемдері:

1.Машиналардың жіктелуін, құрылымын және жүйесін біледі.

2.Машиналардың құрылысын және жұ­мысын, кешенді механикаландыруға арналған машиналардың заман­ауи жүйесін біледі.

3.Кеш­енді механикаландыру құралдарын қолдана білу және анықталған ақаулық­тарды жо­я білу.

4.Сумен жабдықтау жүйелері мен механизмдерінің жұмысын реттеуді, сынауды білу.

5.Қондырғы­ларды, іске қосуды және тоқтатуды, оларды рет­теуді және диагностикалауды орындай білу.


Арнайы модульдер

«150306 2   Гүл өсіруші» біліктілігі

  1. КҚ 1. Сәндік-гүл өсімдіктерін өсіру үшін топырақ дайындау

АМ 01. Агро технология

Білім алушылар модульді зерттеу кезінде: топырақтану негіздерін, егіншілік негіздерін, топырақ өңдеу, егіншілік жүйелерін, агрохимия негіздерін, агрохимия міндеттерін, тыңайтқыштар түрлері мен қолданылуын меңгеруі тиіс.

Білім алушылардың мыналарға қол жеткізуі маңызды: топырақтың қасиеті мен құнарлылығын анықтау;  топырақты қажетті өңдеуді таңдау; тыңайтқыштар енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеу.




Оқыту нәтижесі: 1) Өсімдіктер физиологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет